Экономика
ХВҚ: Дамыған елдер әлемдік экономикаға негативті әсерін тигізуі мүмкін
АҚШ, Жапония және басқа да дамыған елдердің экономикадағы ролі тым жоғарылап кетті деп ескертеді Халықаралық валюталық қор (ХВҚ). Бұл туралы The Financial Times басылым жазады.
Қор мамандарының зерттеулерінде дамыған экономикасы бар елдер 2008 жылғы жаһандық дағдарыстан сабақ алуы қажет деп есептейді. Банк пен қаржы нарықтарының тым жылдам дамып жатқандығы сондай, реттеуіш органдар оларға ілесе алмай жатқан жағдайлар кездесіп жатыр.
"Белгілі бір деңгейден кейін қаржылай дамудың экономика өсіміне позитивті әсер етуі төмендей бастайды. Ал экономикалық және қаржылық құбылмалық арта түседі", - деп жазылған қордың есебінде. ХВҚ мамандары "қаржылық даму индексін" анықтау үшін 1980-2013 жылдар аралығындағы 128 елдердің мәліметін пайдаланған.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Ирландия, Жапония және АҚШ тәрізді елдер қаржылық сектордың дамуы экономика өсіміне барынша аз ықпал етіп, негативті жағдайға әкелуі мүмкін деген деңгейден асып кеткен. Сарапшылардың сөзінше, бұл елдер "тым көп қаржыдан зардап шегіп", өздерінің қаржылық ресурстарын тиімсіз пайдаланып жатыр.
Ал дамушы елдердің көпшілігі әлі бұл нүктеге жеткен жоқ. Зерттеушілердің болжамынша, қазіргі реттеуіш көп жағдайда қаржы секторының негативті әсерін шектеп отыра алады.