Познавательный
І тоқсанда Қазақстанда тіркелген автокөліктердің саны 86,1%-ға артты
2015 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 229,631 мың бірлік болды, бұл өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 86,1%-ға артық деп хабарлайды Экономика министрлігінің статистика комитеті.
Қаңтар-наурызда тіркелген жеңіл автокөліктердің басым бөлігінің "жасы" 10 жастан артық (85,085 мың бірлік), бұдан әрі өзге машиналар (43,163 мың бірлік) және 3-7 жыл жыл бұрын шығарылған автокөліктер (37,363 мың бірлік).
Жалпы алғанда 2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша республикада 4 млн. 327,8 мың бірлік жеңіл автокөлік бар.