Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

І тоқсанда Қазақстанның автокөлік нарығы 30%-ға қысқарды

І тоқсанда Қазақстанның автокөлік нарығы 30%-ға қысқарды

Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар-наурызында жаңа автокөліктердің сатылым нарығы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға төмендеп, 552,8 млн долларды қамтыды деп хабарлайды Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) баспасөз қызметі.

Импортшылардың үлесіне 487,3 млн доллар тиесілі, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 21,69%-ға аз.

Отандық автокөліктер 65,5 млн доллар соммасына өткізілген, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 60,76%-ға төмен.

Алғашқы үш айда 10-15 мың доллар баға сегментіндегі автокөліктер ең көп сатылған екен - 45,61%.

"Бұның себебі кейбір автокөлік модельдерінің төменірек баға сегментіне өтуіне себептескен акциялар мен жеңілдіктер болып отыр", - деп нақыталанады таратылған ақпаратта.

Сатылым көлемі бойынша екінші орында 15-20 мың доллар баға сегментіндегі көліктер, олардың үлесіне жалпы сатылымдардың 20,69%-ы тиесілі.

Құны 25-40 мың доллар 2 мың 636 бірлік автокөлік сатылған, бұл жаңа автокөліктер нарығының 10,38%-ы.

20-25 мың доллар және 40-80 мың доллар баға диапазонындағы автокөліктерге нарықтың сәйкесінше 6,69% және 6,54% тиесілі.

2015 жылдың қаңтар-наурызында ресми дилерлер 25 мың 385 бірлік авто сатқан, бұл 2014 жылдың осы кезеңінен 27,3%-ға төмен.

Жаңа автокөліктердің импорт үлесі - 89,4% (22 мың 704 бірлік). Қазақстанда жасалынған автокөліктерге алғашқы үш ай ішінде өткізілген жаңа автокөліктер нарығының 10,6-ы тиесілі.

Қаңтар-наурызда 2 мың 681 бірлік сатылған, 2014 жылы 7 мың 114 бірлік сатылған.

"Біз отандық автокөліктер сатылымының төмендеуін халықтың осы жылдың 20 сәуірінде басталып кеткен жеңілдетілген нессие бағдарламасын күткендігімен байланыстырамыз", - деп түсіндірді ҚАБҚ.

Похожие материалы