2015 жылдың І тоқсанында Mail.ru Group түсімі 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,7%-ға, 9,3 млрд рубльге дейін артты деп айтылған инвестициялық компаниялар мен банктердің болжамдарында.
Аналитиктер 9,3 млрд рубль көлеміндегі тек Mail.ru түсіміне ғана баға берген (компания І тоқсанда тек осы ақпаратты ғана жария етеді). Бұл ретте олар бұл көрсеткіштің өсімін 2014 жылдың IV тоқсанынан бастап "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің нәтижелерін шоғырландырумен байланыстырып отыр.
"Біз өсім проформасы шамамен 7% болады деп ойлаймыз. Бұл осы жылға арналған компанияның болжамды диапазонының төменгі шегіне сәйкес келеді, компания 2015 жылы түсімнің 7-12% өсімін күтіп отыр", - делінген Sberbank CIB материалдарында.
Аналитиктердің айтуынша, өсімді ММО-ойындарының (12%, "Открытие" берген болжам) және әлеуметтік сервистер үшін алынатын пайдаланушылар төлемдерінің (Community IVAS, 10%) сегменті көрсетеді. Бұл ретте онлайн-жарнама сегменті 0,8%-ға төмендейді.
Сонымен қатар аналитиктер осы жылдың екінші жартысында Mail.ru түсімінің өсімін болжап отыр. "Өсім динамикасына сәуірде көптен күтілген SkyForge онлайн ойнының шығуы оң әсерін тигізеді. Біздің болжамымыз бойынша, бұл фактор түсімнің қосымша өсімін шамамен ІІІ тоқсаннан бастап қамтамасыз етіп бастайды", - дейді Sberbank CIB аналитиктері.