І тоқсандағы сатылымы бойынша автокөліктердің үздік брендтері белгілі болды
Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар-наурызында ресми дилерлер 25 мың 385 бірлік авто сатқан, бұл 2014 жылдың осы кезеңінен 27,3%-ға төмен. 9 мың 331 бірлік көрсеткішімен барлық брендттердің арасында бірінші орында Lada бренді деп хабарлайды Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) баспасөз қызметі.
Осылайша Қазақстан нарығындағы брендтердің арасында Lada-ға жаңа автокөліктер сатылымының 36,76%-ы тиесілі. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8,19%-ға төмендеген.
Сатылым көлемі бойынша Hyundai екінші көрсеткіш көрсетті. Оның нәтижесі – 3 мың 118 бірлік және нарықтың 12,28% үлесі.
Kia бренді – жыл басынан бері 2 мың 193 бірлік сатылған, жаңа автокөілктер нарығындағы үлесі 8,64%.
Toyota рейтингтің төртінші орнында, көрсеткіштері - 2 мың 132 бірілк және нарықтың 8,40% үлесі. Осы марка сатылымдарының төрттен бірі Camry автокөлігіне тиесілі (537 бірлік).
І тоқсанның қорытындысы бойынша 5 орында Renault бренді, бұл марканың сатылымдары осы жылдың өткен айындағы көрсеткіштен 48,24%-ға жоғары (590 бірлік, ақпан айында 398 бірлік болған-тын).
"Мұндай өсімге 5 наурыз бен 31 мамыр аралығында Renault автокөліктерін жаңа несие шарттары негізінде алу мүмкіндігі себеп болып отыр. Жалпы алғанда жыл басынан осы маркалы 1 мың 324 бірлік автокөлік өткізілген", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ І тоқсанда қанша отандық автокөлік сатылып, жаңа автокөліктер сатылымы баға сегменті бойынша қалай бөлінгендігін мына жерден оқи аласыз.