"Астанада 181 млрд теңгелік инвестиция көлемін құрайтын 62 инвестжоба жүзеге асырылуда, 27 өндірістік кәсіпорын іске қосылды",- деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде «Астана - жаңа қала» АЭА Әкімшілік басқарма басшысы Ильяс Жангаскин.
«№1 Индустриалды паркінде 181 млрд теңгелік инвестиция көлемін құрайтын 62 инвестжоба жүзеге асырылуда. Оның 27 өндірісі пайдалануға берілсе, 18 салынуда. 12 жоба жобалау дәрежесінде болса 5 бойынша рұқсат беру құжаттары әзірленуде», - деді И.Жангаскин.
АЭА өкілінің айтуынша, құрылыс индустриясында 23 жоба жүзеге асырылуда, машина жасау саласында - 15 жоба. Қалғандары фармацевтика, металлургия, химия және азық-түлік өнеркәсібі салаларына жатады.
И.Жангаскин мәлімдегендей, қазіргі уақытта Индустриалды парк аумағы 95% толық. Оған қоса, 2015 жылы 150 млрд теңгеге жуық инвестиция игерілді, 2002 жылдың қаңтарынан бастап өнім экспорты 15,5 млрд теңгені құрады және жалпы 2735 жұмыс орны ашылды.
«Индустриалды парк аумағындағы кәсіпорындар қызметінен түскен салық түсімдері көлемі 36 млрд теңгеден асты, бұл бюджет қаражаты жұмсалған инфрақұрылым құнынан шамамен 2 есеге артық», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, 2015 жылы индустриалды парк аймағында 22,7 млрд теңгенің 6 нысаны пайдалануға берілді. Жобалық қуаттылыққа шығуда 800 жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.Фото:inform.kz





