Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

IBM әзірлемелері қазақстандық медицинаға енгізіледі

IBM әзірлемелері қазақстандық медицинаға енгізіледі

Астана. 11 шілде. 7kun.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі компаниямен онкологияда жасанды зерде технологияларын пайдалану туралы келісімге келді. Бұл туралы премьер-министрдің сайтында жарияланды.

Министрдің айтуынша, технологиялар дәрігерлерге диагнозды уақытылы әрі сапалы қойып, емді дұрыс белгілеуге көмек береді. Бағдарлама арнайы әдебиетте жазылған мәліметтер бойынша барлық деректерді зерттеп, талдауға икемді. Бұдан өзге, IBM әзірлемесі журналдарда жарияланған ғылыми мақалалардың талдауы негізінде анықтамалық ақпарат бере алады.

«Біз бірінші кезеңде онкологиялық науқастардың тізімінен иесізденген деректерді жүктеуді жоспарлаймыз. Пилоттық режимде бағдарламаның біздің дәрігерлердің әрекеттерін, олардың диагностикалау және емдеу тәсілдерінің халықаралық хаттамаларға сәйкестігін қалай бағалайтынын тексереміз. Ақпараттық технологиялардың арқасында дәрігерлер үйренуге, емді дәлдеуге мүмкіндік алады», - деді Е. Біртанов.

 

Похожие материалы