
Igraphic.kz порталы қазақ ғұламалары бейнеленген стикер шығарды. Бұл туралы портал өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Адамдардың барлығы ұлтымыздың танымал тұлғаларының түрлерін визуалды түрде біледі. Алайда Таиыр Жароков, Қаныш Сатпаев, Әбілхан Қастеев тәрізді кейбір тұлғалардың атын білгенімен, түрлерін естеріне түсіре алмай жатады. Сондықтан біз атақты адамдардың бейнесін жастардың есінде қалауы үшін заманауи тәсілмен салдық"-делінген facebook-тегі жазбада. Алғашқы кезеңде Мұхтар Әуезов, Тоқтар Әубәкіров, Қаныш Сәтбаев, Бауыржан Момышұлы және Әбілхан Қастеев бейнеленген 5 портрет дайындалды.Олардың әр қайсысының астында жас қазақстандықтарды жігерлендіретін сөздер жазылған. Стикерлер кеңірек танылуы үшін Telegram әлеуметтік желісіне салынған. "Бұл білім беру жобамыздың басы ғана. Ары қарай басқа да тарихи тұлғалардың суреттерін салатын боламыз. Ал үлкен бір топтама жиналғаннан кейін оқу орындарына сыйға берсек деп отырмыз",- дейді Igraphic.kz командасы.

