Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz - Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев елдің бірінші ханымы Мехрибан Әлиеваны елдің вице-президенті лауазымына тағайындады. Бұл туралы мемлекет басшысының сайтында жарияланған.
«Әзербайжан президенті Илхам Әлиев сейсенбіде елдің бірінші ханымы Мехрибан Әлиева Арифқызын республиканың бірінші вице-президенті деп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды», - деп хабарлады президенттің баспасөз қызметінен. Әзірбайжан Конституциясына сәйкес егер мемлекет басшысы өз міндетін атқара алмаса оны бірінші вице-президент атқарады.
Жергілікті басылымдардың жазуынша Әзербайжан тұрғындары 26 қыркүйекте Конституцияға өзгеріс енгізу туралы референдумға дауыс берген. Заңдағы өзгеріс бойынша, президенттің өкілеттілігі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылып, вице-президент лауазымы енгізілді. Сондай-ақ мемлекет басшысының лауазымына және депутаттыққа үміткерлердің жасы ұлғайтылды.
Еxit poll мәліметі бойынша, Әзербайжан Конституциясына енгізілген өзгерістерді сайлаушылардың 88 пайызы қолдаған.