Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Иманғали Тасмағамбетов «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» марапатын алды

Иманғали Тасмағамбетов «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» марапатын алды

Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды. Бұл туралы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«11 желтоқсанда Ресей Федерациясының Мемлекеттік хатшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары Г.Б Карасин Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі И.Н. Тасмағамбетовты Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрінің шешімімен екі ел арасындағы стратегиялық және одақтастық қатынастарды дамыту, мәдени диалогты тереңдету, сондай-ақ жалпы интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі ынтымақтастық үшін Қазақстан Елшісі осы марапатқа ие болды.

Похожие материалы