Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тағайындалды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тағайындалды

Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Мәжіліс депутаттары жаңа индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін тағайындауға келісім берді. Бұл лауазымға бұрын ведомство басшысының орынбасары болған Роман Скляр тағайындалды.

Бұған дейін министрлікті Жеңіс Қасымбек басқарды.

Скляр Роман Васильевич 1971 жылы 8 мамырда туған. Павлодар монтаж техникумын, Павлодар мемлекеттік университетін, инженер-құрылысшы; Мәскеу қазіргі заманғы бизнес институтын, экономист; Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Жаңа министр Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары, Көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметтерін атқарған.

Похожие материалы