Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Инвестицияның анықтамасы мен экономикалық мазмұны

Инвестицияның анықтамасы мен экономикалық мазмұны

Инвестиция ұғымының бірнеше анықтамасы бар:

1)  Инвестиция – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

2) Қаржы-экономикалық тұрғыдан, инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

3) Инвестиция – кәсіпкерлік және өзге де қызметті дамыту үшін немесе қандай да бір пайдалы нәтижеге жету үшін капиталдардың жұмсалуы.

4) Инвестиция деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып, ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Сонымен, инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Ол пайда табу мақсатында халық шаруашылығының әр түрлі салаларында қолданылады.

Инвестиция экономикалық мазмұны жағынан 2 мағынада түсіндіріледі:

1) инвестициялар кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында инвестордың активтері нәтижесінде іске асады;

2) инвестиция арқылы инвесторлар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар (қаржылық қолдауды қажетсінетін) арасында байланыс орнатылады.

Инвестициялар капиталдың өсімін молайту, оған техникалық және қаржылай қызмет көрсетуге бағытталған. Инвестицияның көлемімен шешімі оның экономикалық бағытын анықтайды.

Қаржылық капиталдың көлемі ұлғайған сайын, экономикалық өсудің негізі жақсарып, елдің әлеуметтік дамуы жақсарады.

2. Инвестицияның түрлері

Инвестиция келесідей түрлерге жіктеледі -

1. Инвестициялау объектісіне байланысты: 1) Нақтылық инвестициялар - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жержабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалатын салымдар болып табылады.

Нақтылық инвестициялар: – өндірісті дамыту үшін; – өндірістік емес саланы дамыту үшін қолданылады.

2) Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғам немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттері салынған салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік иелену - иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;

3) Зияткерлік инвестициялар – мамандарды оқыту курстарында дайындау, тәжірибемен бөлісу, лицензиялау, бірлескен ғылыми-зерттеу орталықтары және тағы басқалар.

2. Инвестициялауға қатысу сипаты бойынша: 1) тікелей инвестициялар – инвестициялауға объекті таңдау мен қаржы бөлуге тікелей инвестордың қатысуы;

2)  жанама инвестициялар – инвестициялық немесе басқа қаржылық делдалдар арқылы жасалған инвестициялар.

3. Инвестициялау мерзіміне қарай:

1) қысқа мерзімдік инвестиция (бір жылға дейінгі);

2) ұзақ мерзімдік инвестиция (бір жылдан артық).

4. Инвестордың меншік нысандары бойынша:

1) Жеке инвестиция – қаржылық қолдауды жеке тұлға жүзеге асыратын инвестиция.

2) Мемлекеттік инвестициялар – мемлекеттік қаржы жергілікті және орталық басқару органдарының қатысуымен жүзеге асырылады.

3) Шетелдік инвестиция – шетел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция. Инвестор ретінде шетел азаматы, жеке және заңды тұлға, мемлекет, халықаралық ұйымдар бола алады.

4) Бірлескен инвестиция – инвестор ретінде сол елдің тұлғалары мен шет мемлекеттердің субъектілері  бола алады.

5. Аймақтық нышаны бойынша – еліміздегі және шетелдегі болып бөлінеді.

6. Қаржыландыру көздеріне қарай:

1) жеке (өтемпұл қоры, кіріс, қаржы резервтері);

2) қарыздық (кредиттер мен облигациялар);

3) тартылған қаражат (акциялар эмиссиясы арқылы).

Похожие материалы