Астана. 12 қыркүйек. 7kun.kz — Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитеті мен Hikma Pharmaceuticals иордан трансұлттық компаниясының қазақстандық жобасы – «Хикма СНГ» АҚ арасында инвестициялық келісім-шартқа қол қойылды. Бұл туралы "Kazakh invest" ҰК хабарлайды.
2015 жылы компания «ИА Алматы фармацевтикалық препараттарды өндіру зауытын салу» инвестициялық жобасымен жұмысын бастап кетті. Компания республика халқының барлық топтарының қолжетімді бағалармен дәрілік заттарға мұқтаждықтарын қанағаттандыру және Қазақстанның медициналық препараттардың импортына тәуелділігін төмендету үшін жоғары сапалы фармацевтикалық өнімді шығаратын болады. Фармацевтикалық препараттардың ассортименті жүрек-тамыр препараттарын, жалпы белгіленуі бар антибиотиктерді, орталық жүйке жүйесінің ауруларын, онкологияны емдеу препараттарын және басқаларды енгізетін болады.
Компания Алматы қаласының «Алматы» индустриалдық аймағында жер телімін алып, 10 жылға айрықша негізде дәрілерді өндіруге және жеткізуге «СК-Фармация» ЖШС-мен келісім-шартқа қол қойды. Қазіргі уақытта жер жұмыстарының мәселелері пысықталуда және өндіріс жөнге келтіріліп жатыр. Жобаны шетел инвесторы толығымен қаржыландыратын болады.
Айгүл Хожантаева