Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

iPhone 8-дің қашан таныстырылатыны белгілі болды

iPhone 8-дің қашан таныстырылатыны белгілі болды

Алматы. 1 қыркүйек. 7kun.kz - Apple корпорациясы жаңа iPhone смартфонының таныстырылымы шақыру қағазын таратып жатыр. Таныстыру рәсімі 12 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы The Verge хабарлады.

Сондай-ақ, баспасөз конференциясы барысында iPhone 8 смартфонынан бөлек басқа екі смартфон көрсетіледі. Олар iPhone 7s пен 7s Plus.

Басылымның мәліметінше, 12 қыркүйекте жаңа LTE-модульді Apple Watch, Apple TV мен HDR таныстырылып, iOS 11 жүйесі жайлы толығырақ айтылатын болады.

Айта кетейік, iPhone 8 смартфонының жаңа дизайні мен 5,8 дюймді экраны болады. Ресми емес дереккөздерге сүйенсек, Apple компаниясы енді саусақ іздерінің орнында қолданушының бетін тану функциясын қосады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Похожие материалы