
Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz - Сарапшылар мен нарық қатысушылары жаңа iPhone-ның таныстырылымы кейінге қалдырылуы мүмкін деп алаңдап отыр. Оған себеп қажетті бөлшектерді жеткізуде туындаған проблемалар. Бұл туралы The Financial Times хабарлады.
«Уолл-стрит келесі iPhone шығарылымының айтарлықтай кешігетіндігіне дайын. Жеткізілуге тиіс бөлшектердің тапшылығы мен өндірістік мәселелердің туындауы Apple компаниясының жаңа смартфонның тұсаукесерін уақтылы жасауға кедергі келтіреді», - деп жазды басылым.
Олардың айтуынша, смартфон тасымалы қазан айында басталады. Демек iPhone 8 сатылымға жаңа қаржы жылында шығады.
Арнайы мамандар, мұндай жағдай компанияның негізгі бәсекелесі - корейлік Samsung-ке қатысты Apple-дың ұстанымдарына нұқсан келтіруі мүмкін екендігін айтады.