Экономика
Ирак мемлекеті мұнай бағасының өсетініне сенімді
Ирактың мұнай министрі Ирака Адиль Абд аль-Махди қара алтын бағасы біртіндеп өсе бастайды деп мәлімдеді. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.
«Мұнай бағасының өстініне ешбір күмән болмау керек. Қазіргі кездегі баға мүлде төмен. Әрине бұл мұнай өндіруші компанияларға кері әсерін тигізіп отыр. Әлі де болса экономикалық факторлар мен бастапқы көрстекіштер барынша мықты болады деп ойлаймын», - деді Адиль Абд аль-Махди.
Оның айтуынша, қара алтын бағасының құлдырауына байланысты түңілудің қажеті жоқ.
Айта кетейік, бұдан бұрын Goldman Sachs инвестициялық банкі нарықтағы мұнайдың шамадан тыс өндірілуінен баға 20 долларға дейін түсуі мүмкін екененін болжаған болатын. Инвестбанктің мәліметіне сәйкес, ОПЕК бойынша шикізаттың біртұтас деңгейі тәулігіне 32 млн баррелден асуына байланысты Иранның әлемдік нарықтан шығуы - мұнай нарығына әсер етіп отырған басты фактор.
Фото: kazradio.kaztrk.kz