Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Иранға 250,6 тонна ет экспортталды

Иранға 250,6 тонна ет экспортталды

Алматы. 27 қараша. 7kun.kz —  2017 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы мен Иран мемлекеті арасында Иранға мұздатылған және салқындатылған қой етін экспорттауға ветеринарлық талаптары келісілген болатын, деп хабарлады ҚР Ауыл Шаруашылығы Министрлігі.

Қазіргі уақытта Иран елінің нарығына мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау жұмыстары жалғасады. 2017 жылдың басынан бері елімізден 118,4 тонна тірі қой, 132,2 тонна қой еті осы мемлекетке экспортталып отыр.

Соның бірі Батыс Қазақстан облысындағы «Кублей» ЖШС мен Ирандық компаниялар арасындағы келісім шарт аясында жыл соңына дейін Иранға 200 тонна қой етін жеткізуді жоспарлаған.

Жыл басынан Батыс Қазақстан облысынан Иран мемлекетіне 80 тонна қой еті экспортталған.

Барлық атқарылып жатқан жұмыстар екі елдің Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауымен жүзеге асып отыр.

Похожие материалы