Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Иран мұнайдың барлығы үшін қолайлы бағасын анықтады

Иран мұнайдың барлығы үшін қолайлы бағасын анықтады

Мұнай үшін ең қолайлы баға - баррелі үшін 70-75 доллар деп мәлімдеді Иранның мұнай министрі Биджан Намдар Зангенех. Десе де, ОПЕК елдері нарықтағы үлесін сақтап қалу үшін мұнай бағасы 45-55 доллар болғаны керек.

​«Қазіргі бағаларға ешкім қанағаттанбай отыр. Себебі, баға тұрақсыз әрі ауытқып отырады», - деді Занганех 7 мамыр күні Тегеранда өткен баспасөз-конференциясында. Занганехтің айтуынша, Иран алты ай ішінде мұнай шығаруды күніне 3,8 млн баррельге дейін апарып, ОПЕК елдері ішінде екінші орынға бір жылда шыға алады, ол кезде күніне 4 млн баррель мұнай шығарылатын болады. Қазіргі таңда Иран өндіріс көлемі бойынша бесінші орында. Сәуір айында Иран күніне 2,78 баррель мұнай өндіретін. Иранның ядролық бағдарламасына байланысты енгізілген санкциялар 30 маусымға қарай "алтылық" (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Қытай) елдерімен келісім жасалған жағдайда алынатын болады. Занганидің сөзіне сүйенсек, иранның мұнай экспорты санкциялардың әсерінен 60%-ға азайған. Сонымен бірге, Иранға мұнай саласына 200 млрд доллар инвестициялау керек. Оның 70 млрд доллары мұнай химиясына кететін болады. АҚШ-тың энергетика Министрлігі жыл басынан бері алғаш рет мұнай қорының азайғанын хабарлады: өткен аптада қор көлемі 2,88 баррельге төмендеген. Лондонның ICE электронды биржасында солтүстік теңіз мұнайының маусымдағы фьючерсі 67,11 доллар мен 68,48 доллар аралығында сатылып жатыр.

Похожие материалы