Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ирандық Pouya Air Ақтау-Горган бағытында ұша бастайды

Ирандық Pouya Air Ақтау-Горган бағытында ұша бастайды

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Ирандық «Pouya Air» әуе компаниясы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне Қазақстан Республикасында шетелдік тасымалдаушы аккредитациясынан өтуге өтініш берді.

«Pouya Air» авиакомпаниясы 2019 жылдың көктемгі-жазғы навигация кезеңінен бастап алғаш рет Ақтау - Горган бағытында тікелей халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер жиілігі аптасына 2 рет Embraer-145 әуе кемесімен орындалмақ.  

Рейстерді ашу алдағы уақытта Қазақстан мен Иран арасындағы өзара сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ  Ақтау қаласының әуежайына келіп кететін жолаушылар ағынын арттырады.

Похожие материалы