Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz - Vitol халықаралық энергетикалық трейдері Қазақстанның мемлекеттік мұнай компанияларына берілетін несие көлемін 5 млрд долларға дейін көбейтті. Бұл туралы Financial Times басылымы жариялады.
Басылымның мәліметінше, 2015 жылдың соңында трейдерлер "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) компаниясымен Теңіз кен орнындағы үлесін 3 млрд долларға айырбастауға келісімге келген.
Тамыздағы соңғы мәміледе, Vitol трейдері қол қойылған келісімдегі бағаны 2 млрд долларға еселеді. Бұған дейінгі келісім бойынша, ҚМГ мен"Самұрық-Қазына" Қашаған кен орынынан мұнай тасымалдау үшін 1 млрд доллардың келісіміне қол қойған.
Еске салсақ, энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қашағандағы өндірісті ұлғайту керектігін хабарлаған. Осыған байланысты министрлік мұнай экспорттаушы елдер ұйымымен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Мейірім Бақытжанова