Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әсет Исекешев: Қазақстанда құрастырылған автомобиль сатылымы екі есеге төмендеді

Әсет Исекешев: Қазақстанда құрастырылған автомобиль сатылымы екі есеге төмендеді

Қазақстанда құрастырылған автомобиль сатылымы ағымдағы жылдың қаңтар айында екі есеге төмендеді. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев айтты.

2014 жылдың аяғында рубльдің лезде құнсыздануынан қазақстандықтар үшін автомобиль және өзге де тауарларды Ресейдің көрші облыстарынан сатып алу тиімділігі артты. «Бұл жағдай өткен жылы авто өндірісіне айтарлықтай әсер етті. 2 айдың ішінде елге 50 мың автокөлік әкелінген. Бұл өндірістің жылдық көлеміне сәйкес келеді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында автомобиль сатылымы екі есеге төмендеді»,-деді ҚР Инвестициялар және даму министрі. Министрдің айтуынша, Үкімет автомобиль бизнесі қауымдастықтарымен және авто өндірісі кәсіпорындарымен бірлесіп, қолдаудың кешенді шараларын әзірледі. «Осыған қарамастан осы жылы төмендеу болатынын болжаудамыз. Ең бастысы саланы, мамандарды сақтап, оны дамыта беру», - деді Ә.Исекешев. Министрдің атап өтуінше, еліміздің көлік жасау саласында 20 мыңға жуық адам жұмыс істеуде.

Похожие материалы