Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Исламдық несие беру бағдарламасы бойынша қаржыландыру 1,7 есе көбейеді

Исламдық несие беру бағдарламасы бойынша қаржыландыру 1,7 есе көбейеді

"Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры" АҚ 2015 жылдың басынан бері "Мурабаха"  исламдық несие беру бағдарламасы бойынша жалпы көлемі 80,7 млн теңге несие берген. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлайды.

2015 жылы қор аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін 1,4 млрд теңге бөлмек. 2014 жылы "Мурабаха" бағдарламасы бойынша, 234 ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші кәсіпкерлерге 819,2 млн теңгенің несиесі берілген еді. Осы арқылы қаржыландыру 1,7 есе көбейіп отыр.

Несие 4 жылға дейін беріледі, тиімді мөлшерлеме жылдық 11,3%-дан аспауы қажет. Несие алушы шариғатта тыйым салынған әрекетпен, оның ішінде құмар ойындар ұйымдастырумен, алкогольді және темекі өнімдерін өндірумен және шошқа бағумен айналыспауы тиіс. Сондай-ақ, техника мен құрылғы тек Қазақстан аумағында сатып алынуы қажет.

"Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры" АҚ - ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге, шағын бизнес субьектілеріне, елдімекендегі халыққа микронесиелендіру қызметін ұсынатын қаржылай-несиелі ұйым.

 

Похожие материалы