Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Италияның премьері Маттео Ренци отставкаға кететінін мәлімдеді

Италияның премьері Маттео Ренци отставкаға кететінін мәлімдеді

Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz - Италияның Премьер-Министрі Маттео Ренци конституциялық референдумның нәтижесі бойынша отставкаға кететіні туралы мәлімдеді. Референдум кезінде оның ұсынған реформалары халық тарапынан қолдау таппады, деп хазды Риа Новости.

«Осымен менің үкіметтегі қызметім аяқталады. Бүгін мемлекет басшысына отставкаға кету туралы өтініш беремін»,-деді Ренци референдумның қорытындысына байланысты өткен баспасөз-мәслихатында.

Премьер референдумға қатысқан барлық Италия азаматтарына алғысын білдірді.

«Жағдай қалай болса да мен барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Бірнеше минуттардан соң  Киджи сарайынан тікелей эфирге шығатын боламын», - деді Ренци Twitterдегі парақшасында.

Похожие материалы