Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Джеймс Палмер: ЭКСПО туралы мақала тапсырыс емес

Джеймс Палмер: ЭКСПО туралы мақала тапсырыс емес

Осы аптада медиа кеңістікте жиі талқыланған материалдың бірі Foreign Policy журналының тілшісі Джеймс Палмердің ЭКСПО туралы сыни мақаласы  болды. ЭКСПО басшылығы да қарап қалған жоқ, кеше көрмені ұйымдастырушы ұлттық компанияның қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Сергей Куянов "мұндай адам Қазақстан шекарасынан өткен жоқ, ЭКСПО-ға журналист ретінде тіркелмеді", деп мәлімдеді. Артынша Палмер өзінің Қазақстанға келгенін растап, төлқұжатының суретін салды. Мәселенің мән-жайын білу үшін біз Джеймс Палмерге сауал жолдаған едік.

- Джеймс мырза, сіз расымен де Қазақстанға келдіңіз бе? Егер келсеңіз журналист ретінде келдіңіз бе, әлде турист ретінде ме?

- Әрине, мен Қазақстанға бардым. Неге бармасқа? Бұл Пекиннен қайтып келе жатқандағы жеңіл сапар болды. Мен журналист ретінде аккредитациядан өткен жоқпын, себебі мені іссапар барысында ертіп жүргендері ұнамайды. Мен бұл процеске қарапайым келушілердің көзімен қарағым келді. Мен жай ғана ұшып келдім де, (британдықтарға визаның қажеті жоқ) Keruen Mall-дан барып билет сатып алдым.

- ЭКСПО-ға жұмсалған шығын туралы қайдан білдіңіз? Ақпарат көзін атай аласыз ба?

- Әрине, мен бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да әңгімелері мен консультанттарға арналған есептерге қарап, ақылға қонымды болып көрінген ақпараттарға сүйендім. Ол жерде нақты бір дереккөзі жоқ, себебі билік өкілдері өтірік айтуға құмар.

- Қазақстанда сізді шекарадан өтпеді деп жатыр. Бұған жауап ретінде сіз Твиттерде төлқұжатыңыздың суретін  жарияладыңыз. Осыған байланысты пікір білдірсеңіз.

- Мен «қазақстандықтар» бұған сенеді деп ойламаймын. Мені қолдап маған көптеген адамдар хабарласты. Менің ойымша, «кейбір адамдар» мұндай айқын өтірікке сенуі мүмкін. Бірақ мен төлқұжатымның талоны мен көрме билеттерінің суреттерін жариялағанымды және оңай тауып алуға болатын ЭКСПО-да тілдескен екі адамның атын атағанымды есепке алсақ, мен өз ісімді дәлелдедім деп есептеймін.

- Және де, неге маған тағы да келмеске? Бұл менің тарапымнан үлкен дайындықты қажет етпейтін, жеңіл сапар болар еді.

- ЭКСПО көрмесінің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Сергей Куянов мақаланы біреудің тапсырысымен жазуы мүмкін деп айтты. Осыған байланысты не айтасыз?

- "Кімнің" тапсырысы бойынша? Бұл параноидты нонсенс.

- Ауқымды шаралар туралы жазу – бұл журналистердің негізгі шаруасы – ол сыни немесе басқаша болсын.

- Мен Куянов мырза жұмысын дұрыс атқара алмай отырғанын өзі біледі деп айтар едім, мүмкін оған басшылар айқайлаған шығар, сондықтан өз позициясын қорғап қалу үшін осындай өтірік айтуына тура келген.

- Қазақстанда болғаныңыз және ЭКСПО-ны өз көзіңізбен көргеніңіз секілді тағы қандай дәлел келтіре аласыз?

- Осыған дейін де айттым. Менің шекарадан өткенімді растайтын маркалар бар, менің көрмеге кірген билетім және де менімен ЭКСПО-да сөйлескен көптеген адамдар, оның ішінде АҚШ павильонының коммуникация директоры Энтони де Анджело мен Британия павильонының жобасын жасаған Асиф Хан бар.

- Менің не себепті өтірік айтуым мүмкін екенін түсіндіріп бере аласыз ба?

- Әрине, жоқ!

- Air Astana 888 Beijing (PEK) 5:55AM flying to Almaty (ALA) 9:05AM Cabin: Economy / Coach (S) 5h 10m duration 2h 35m stop Almaty (ALA) Air Astana 853 Almaty (ALA) 11:40AM flying to Astana (TSE) 1:30PM Cabin: Economy / Coach (P) 1h 50m duration Ticket # 4658626882928

- Және соңғы сұрақ. Қазақстан туралы қаншалықты білесіз?  

- Мен 2002 жылдан бері Азияда тұратын британдық журналиспін. Көбіне Қытай мен Моңғолияда жұмыс істеймін. Сондықтан, белгілі бір деңгейде ақпаратым бар.

- Сұхбатыңызға көп рахмет, Палмер мырза, сәттілік! 

Похожие материалы