Экология саласына жасалатын инвестициялар бір жылда үштен бірге қысқарды. Барлық инвестицияның 77%-ы тек 3 аймаққа тиесілі, деп хабарлайды 7kun.kz.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі инвестициялар құндық мәнде бір жылда 30,7%-ға, 6,2 млрд теңгеге дейін қысқарып, үшінші жыл қатарынан төмендеді.
2021 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 8,9 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғығадан 65%-ға аз.
Өңірлік тұрғыда ең көп инвестиция Түркістан облысына тиесілі: 37,1% немесе 2,3 млрд теңге. Екінші қатарда Қарағанды облысы: 1,9 млрд. Үздік үштікті Павлодар облысы 608,1 млн.теңгемен қорытындылайды.