Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Jusan Bank алғашқылардың бірі болып Қазақстанның Мезеттік төлемдер жүйесіне қосылды

Jusan Bank алғашқылардың бірі болып Қазақстанның Мезеттік төлемдер жүйесіне қосылды

Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда Мезеттік төлемдер жүйесі іске қосылды. Jusan Bank алғашқылардың бірі болып жүйеге қосылып, өз клиенттеріне басқа банктерге жылдам ақша аударымдарын жасау мүмкіндігін ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Мезеттік төлемдер жүйесі (МТЖ) — бұл мобильді телефон көмегімен ұлттық валютада мезеттік ақша аударымдарын және төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сервис. Енді басқа банк клиенттеріне карта нөмірін және басқа деректемелерді сұратудың қажеті жоқ. Сервис  Jusan  мобильді қосымшасында 24/7 режимінде қолжетімді.  

Jusan Bank басқарма төрағасының орынбасары Ғабит Нұркенов айтуынша, бұл жаңашылдық қазақстандықтарға ақша аударымдары бойынша операцияларда өзіне шектеу қоймауға мүмкіндік береді.

«Өз клиенттеріміздің мүддесі үшін біз бәсекелестік мәселесін ысырып қойып, жеке қаржыны басқаруға қажетті барынша ыңғайлы шешімдерді ұсынуға тырысудамыз. «Коммерциялық банк – қаржы-техникалық компания» тұрғысынан ғана емес, екінші деңгейлі банктердің арасындағы да осындай бірігу – отандық қаржы сервистерінің дамуындағы өте маңызды әрі елеулі қадам», - дейдіҒабит Нұркенов.

Ақша аударымын жасау үшін Банктің мобильді қосымшасында авторизациядан өту, «Ақша аударымдары» бөліміне кіру және «ҚР нөмірі арқылы ақша аударымдары» категориясын таңдау қажет. Әрі қарай алушының телефон нөмірін, ақша аударымы сомасын және алушының банкін көрсету керек.     

Похожие материалы