Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Көктөбе» телемұнарасының келбеті өзгереді

«Көктөбе» телемұнарасының келбеті өзгереді

Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасының   архитектуралық келбеті таяу арада өзгеретін болады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Маңызды нысанды модернизациялау барысында медиафасад қойылып, басқарылатын көмескі жарық беріледі. Телемұнараны жаңартуды қаржыландыру жергілікті бюджеттен емес, жеке инвестицияны тарту арқылы жүзеге асады. Телемұнараны жаңғыртудағы  мақсат - оған әлемде жоқ сипат беру және қайталанбас келбет жасау. Жоба  жүзеге  асатын болса телемұнара Алматының  кез – келген нүктесінен «мен мұндалап» көз тартатын болады. Жобаны жасаушылардың айтуы бойынша, телемұнара күндіз өзінің бұрынғы келбетін сақтайды, оның қондырғылары мүлдем байқалмайды. Ал  мереке және жексенбі күндері көмескі жарық пен медиафасад іске қосылып, жарықкөзінің динамикасы ретінде жұмыс істеп, түрлі  тақырыптық ақпараттарды көрсетеді, ал  күнделікті жұмыс күндері мультиколорлы мол жарық беретін болады. Телемұнарадағы барлық жарық көздері басқарылады. Жобаны жүзеге асыру үш негізгі кезеңге бөлінген, олар қондырғыны жеткізу, монтаждау және  іске қосу. Құйылмалы  көмескі жарықты қалыптастыру ( 55 күн),  прожекторлы кешен (55 күн) және медиафасадты орнату (120 күн) сияқты бірқатар жұмыстар атқарылады. «Көктөбе» телемұнарасы - туристер жиі келетін орын әрі мегаполистің  символы. Сарапшылар бұл жобаны жүзеге асыру Алматының маңызды нысандарын жарықтандыру бағдарламасының басы болып табылады дегенді айтады.

Похожие материалы