Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күмәнді турфирмалардың тізімі жасалды

Күмәнді турфирмалардың тізімі жасалды

Қазақстан туристік агенттіктер қауымдастығы инвестициялар және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментіне күмәнді боп көрінетін 5 туристік фирманы тексеру туралы өтініш білдірген. Бұл жөнінде қауымдастық президенті Әсел Нұркебаева мәлімдеді.

«Бұл тізімнің ішінде Terra travel, Fart travel, Kamal tour, Asia tour Express, Davinci Tour және Navigator SV бар», - дейді Нұркебаева. Соңғы айтылған турфирма фискальді чек, келісім хаттар бермейді екен. Ал басшылығы бірнеше күн бойы кеңсеге келмеген. «Біз зерттеу жүргізіп, соның нәтижесінде Navigator SV деген бұрын Имидж тур деп аталғанын және адамдардың ақшасын алған соң алдап кететіндігін анықтадық»,- дейді ол. Қауымдастық басшысының айтуынша, олар туризм индустриясы департаментінен қандай да бір шара қолдануын сұрап отыр. Аталған турфирмалар күмәнділердің қатарына жатқызылды. Себебі, солардың үстінен келіп түскен арыз-шағымдар бар.

Похожие материалы