
Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 7 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 312,49 теңгені құрады. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайты хабарлады.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,00 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 313,40 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 312,08 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 40 мың 550 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 118.
Ақша айырбастау орындарында 7 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16:30) Алматыда 314 теңгені құраған.