Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 332,17 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 332,17 теңге

Алматы. 17 қараша. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 17 қарашадағы доллардың орташа бағамы 332,17 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 331,85 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 332,34 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 332 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 87 млн 800 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 218.

Ақша айырбастау орындарында 17 қарашадағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 334 теңгені құраған.

Похожие материалы