Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 332,48 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 332,48 теңге

Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 29 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 332,48 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 332 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 332,81 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 331,10 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 268 млн 250 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 251.

Ақша айырбастау орындарында 29 желтоқсандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.35) Алматыда 336 теңгені құраған.

Похожие материалы