Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 6 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 332,52 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 332,60 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 334 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 97 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 233.
Ақша айырбастау орындарында 6 желтоқсандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 335,10 теңгені құраған.