Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 332,82 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 332,82 теңге

Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 332,82 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 332,49 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 333,15 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 332,80 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 135 млн 300 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 279.

Ақша айырбастау орындарында 4 желтоқсандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.35) Алматыда 334 теңгені құраған.

Похожие материалы