Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 332,98 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 332,98 теңге

Алматы. 9 қараша. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 9 қарашадағы доллардың орташа бағамы 332,98 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 332,75 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 333,22 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 333 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 51 млн 150 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 136.

Ақша айырбастау орындарында 9 қарашадағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.10) Алматыда 334,90 теңгені құраған.

Похожие материалы