Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 333,98 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 333,98 теңге

Алматы. 26 қазан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 26 қазандағы доллардың орташа бағамы 333,98 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,80 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334,14 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 333,89 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 63 млн 800 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 244.

Ақша айырбастау орындарында 26 қазандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 335 теңгені құраған.

Похожие материалы