Алматы. 3 қараша. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 3 қарашадағы доллардың орташа бағамы 334,07 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,65 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 334,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 334 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 65 млн 850 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 144.
Ақша айырбастау орындарында 3 қарашадағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.50) Алматыда 336 теңгені құраған.