Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 1 ақпандағы доллардың орташа бағамы 322,74 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 322,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 323 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 322,50 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 61 млн 350 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 105.
Ақша айырбастау орындарында 1 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.05) Алматыда 324,60 теңгені құраған.