Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессияда доллар 323,83 теңге болды

Күндізгі сессияда доллар 323,83 теңге болды

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 7 ақпандағы доллардың орташа бағамы 323,83 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 323,50 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 324,10 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 323,50 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 56 млн 600 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 137.

Ақша айырбастау орындарында 7 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.00) Алматыда 325,30 теңгені құраған.

Похожие материалы