"Қазкоммерц-Полис" сақтандыру компаниясы акционерлерінің кезектен тыс жиналысындағы шешім бойынша Кеңес Рақышев және Сандро Галинский директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
"Қазіргі уақытта "Казкоммерц-Полистің" директорлар кеңесінің құрамында Кеңес Рақышев, Сандро Галинский және Серік Аханов бар",-деп хабарлайды компания.Алдағы жиналыста Кеңес Рақышев "Казкоммерц-Полистің" директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланады.
Айта кетейік, кәсіпкер Қазкоммерцбанктің директорлар кеңесін басқарады. Осыған дейін Рақышевтың қаржы институтының акцияларын сатып алатындығы хабарланған еді. Ол банк акционерлеріне өздеріне тиесілі құнды қағаздарын сату туралы өтініш жасады.