Атырау. 9 тамыз. 7kun.kz - Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Кәрім Мәсімов аймақтағы әлеуметтік-экономикалық ахуалмен танысу үшін жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Үкімет басшысының сайтында жарияланған фоторепортажды ұсынамыз.
Сапар бағдарламасында индустриалды-инновациялық даму, мұнайгаз инфрақұрылымы мәселелеріне, сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту перспективаларына ерекше көңіл бөлінді.
Мемлекет басшысының стратегиялық нысандардың жоғары деңгейдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Атырау әуежайының қауіпсіздік жүйесін тексерді.
Премьер-Министр Қашаған мұнай кен орнына, атап айтқанда "D" аралындағы өндірістік нысанға барды. Мұнай өндіру көлемінің тұрақты өсімі мәселесі Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық дәрежеге жатады.
Премьер-Министр «Жерұйық» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен танысты. Құрылыс Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында қаржыландырылады және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қолдауымен жүзеге асырылады. Бағдарлама бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Кәрім Мәсімов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысымен танысты. Жоба «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында іске қосылған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметті көрсету үрдісі жылдам, ашық әрі қолайлы болуы үшін құрылған.
«Caspian Royal Fish» ЖШС тауарлы бекіре өсіру фермасына барғанда Премьер-Министрге биылғы жылдың соңына дейін кәсіпорын нарыққа 5 тоннаға дейін тауарлы балық және 200 келіден кем емес бекіре уылдырығын жеткізеді деп сендірді. Балық саласын дамыту қазақстандық экономиканың нақты секторының маңызды бағыты ретінде қарастырылады.
Еліміздің балық шаруашылығын дамыту перспективалары мәселелері бойынша балық кооперативтері басшыларымен кездесу.
Кәрім Мәсімов ҚР мұнай саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының дамуымен танысты. «Каспиймұнайгаз ҒЗИ» ЖШС-де мұнай қабаттарын, газ және суды жан-жақты зерттеу бойынша заманауи зертханалар жұмыс жасайды, бұл Қазақстанға экономиканың түрлі салаларында озық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.
Кәрім Мәсімов «Жігермұнайсервис» ЖШС бұрғылау жабдықтарын шығаратын зауытына барды. Зауыт өнімі жоғары стандарттарға сай, ол ҚР мұнай сервисіндегі қазақстандық қамтуды арттырады.
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңғыртылу барысымен танысты. АМӨЗ жаңғыртылғаннан кейін шикі мұнайды өңдеу қуаттылығын жылына 5,5 млн тоннаға дейін арттырады.
Премьер-Министр кеңес өткізіп, оның қорытындысы бойынша мұнай сервисі саласында проблемалық мәселелерді шешу үшін екі жұмыс тобын құруды тапсырды: атап айтқанда, жұмыссыз мұнайшыларды еңбекпен қамту және қазақстандық мұнай сервистік компанияларды ірі мұнайгаз жобаларына тарту.