Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері (курстық жұмыс)

Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері (курстық жұмыс)

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тауары осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, финанс, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.

Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік- адамның еркін өмір сүру түрі.

«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.

Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр I патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылдағы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.

Кәсіпкерліктің субъектісі жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер, арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әр түрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

  • Дербестік және тәуелсіздік;
  • Экономикалық ынталылық;
  • Шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
  • Жаңашылдық.

Кәсіпкерліктік істің қозғаушы күші- мол пайда табу.

Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматар болуы керек. Аш жалаңаш елде кәсіпкер де, халық та байымайды.

Курстық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуына талдау жасау.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай төмендегі курстық жұмыстың міндеттері қарастырылады:

  • жалпы кәсіпкерлік ұғымының мәнін толық ашу, яғни тарихи даму сатылары, қызметтері және мазмұндары.
  • кәсіпкерліктің түрлерін көрсету; Берілген бөлімде ұжымдық- құықтық түрлерінің мағынасын аша отырып, қазіргі Қазақстандағы кәсіпкерлік істің түрлерін көрсету.
  • Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының нәтижелері, яғни экономикалық тұрақтандырылуы, табысты орнықтырылуы және экономикалық жағдайларының жасалуы.

Курстық жұмыс жазу барысында мынадай шетелдік А. Бодо, Ф.Уокер, А.Шапиро, Д.Маккеланд, Р. Хизрич, П. Другер және т.с.с. отандық ғалымдардың еңбектері қолданылды.

I бөлім: Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.

1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны.

Кәсіпкерлік феномені байырғы кезден бастап, әлеуметтік- экономикалық ғылымдарының назарында болды.

Кәсіпкерлікті негізінен XVIII- XIX ғ.ғ. Ф. Кенэ, Ж.Б. Сэй, кейін И.Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған болатын. Кәсіпкерді өзіндік статусы, қызметтін мақсаты және өнерлік, ресурстық, ұйымдық функциялары сипаттайды.

«Кәсіпкер» және «антрепкер» терминінің аударғанда, «делдал» деген ұғымға тең болады.

Негізінен, сол уақытқа сай толық кәсіпкерлік концепциясын өндеген авторлардың бірі болып француз экономисті Р. Кантильон болған. «Сауда табиғатының очеркі» (1755ж) атты жұмысында ол кәсіпкерлерді «Қымбат сатып, арзанға ал» деген формуланы ұстанатын адамдар деп атаған.

Кәсіпкерлердің рөлі туралы А. Смит былай деп жазған : «... ол тек өзінің қызушылығын ғана ескереді, өзіндік табыс іздейтін және көрінбейтін қолмен мақсатына бағытталады. Өзінің қызушылықтарын аңдый отырып, қоғамның қызушылығына жиі қызмет етеді». Кәсіпкерлік қызметтің активке бейімделген адамдар қызметтің түрі. Алайда кез- келген бизнесмен кәсіпкер деп атала бермейді. Мысалға, жылдан жылға бір тауар өнімін және бір ұсыныс көрсететін кәсіпорын иесі деп аталмайды. Ол кәсіпкерлік емес, репродуктивтік функцияларды іске асырады.

Тұрғылықты өмірде, кәсіпкерге барлық бизнеспен айналасатындарды жатқызылады. Алайда осы сөздің мәнінің ең қатал түрінде, бұл нарықта іздеушілік мақсатпен ерекшеленетін адамдарды атайды. Кәсіпкердің өзі жаңа нарықты зерттеп, қабылдауы қажет емес.

Сонымен, кәсіпкерлікті шаруашылық тәртіптің типі деп түсінуге болады. Оған сәйкес келетін:

  1. Үлкен табысқа ұмтылу.
  2. Тәуекелге бару.
  3. Жаңашылдыққа ұмтылу.

Кәсіпкерлік- табыстың алуы мен жеке табысқа бағытталған азаматтардың жеке ықыласы.

Кәсіпкер әр түрлі шаруашылық қызметтерін заңмен тыйым салынбаған тауарды сатып алушылық, консультанттық және басқа қызметтерді орындай алады.

Кәсіпорын -  бұл мүліктік негізді шаруашылық бірлік, бұл өндіру- шаруашылық мәселелерді шешуге бейімделген және өздігінен өндіруге негізделген.

Кәсіпкерліктің мәнін және мазмұның ұзақ эволюция жолдарын өткен мемлекеттерде қолданған практикаларды талдаусыз ашуға болмайды. Осыған байланысты, «кәсіпкер» терминінің эволюциясын қарастырайық.

1725 жыл.  Р.Кантильон. Кәсіпкер- тәуекел шарттарында қызмет ететін адам.

1797 жыл. А. Бодо. Кәсіпкер- іске асыратын қызметін жауапты болатын тұлға; жоспарлайтын, басқаратын және кәсіпорынды құрып, оны басқарады.

1876 жыл. Ф.Уокер. Капиталды ұсынып, сол үшін белгілі пайыз алатындардан ұйымшылдық қабілеттің арқасында табыс алатындарды айыра білу қажет.

1934 жыл. И. Шумпетер. Кәсіпкер- ол жаңа технологияларды өндейтін, жаңашыл адам.

1961 жыл. Д. Маклелланд. Кәсіпкер- біркелкі тәуекел шарттарында жұмыс істейтін жігерлі адам.

1964 жыл. П. Друкер. Кәсіпкер- кез- келген мүмкіндікті максималдық табыспен қолданылатын адам.

1975 жыл. А. Шапиро. Кәсіпкер- ынтасын көрсететін адам. Тәуекелділік шарттарында жұмыс істеп, пайда болған сәтсіздік үшін толық жауапты болады.

1985 жыл. Р. Хизрич. Кәсіпкерлік- жаңа құны бар нәрсенің құруының процесі, ал кәсіпкер- осыған қажетті уақыт пен күшті жұмсайтын, өзіне толық финанстық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді алуға және де осы үшін белгілі бір дәрежесін  алуымен қанағаттануы.

Нарықтық экономикада кәсіпкерлік келесі қызметтерді орындайды. (1- кесте)

1- кесте. Кәсіпкерлік қызметтері және мазмұндары.

Жалпы экономикалық Нарық субъекті ретінде кәсіпкерлік ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің әділдікпен келіскен рөлі. Кәсіпкерлік тауар өндеуі мен оларды нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Кәсіпкерліктің үдемелі дамуы экономикалық өсудің анықтайтын щарттарының бірі.
Ресурстық Кәсіпкерліктің дамуы өндірілетін және шектеулі ресурстарды қолданумен болжамдалады. Және де ресурсы деп, барлық материалдық, материалдық емес шарттары мен өндіріс факторлары. Кәсіпкер ресурстардың иесі болғандықтан, олардың рационалдық қолданылуында құштар болады.  Алайда максималдық табыс қуалаушылық кері процеске әкелуі мүмкін: еңбектік, табиғи және қоғамдық ресурстар уақытымен тозады.
Өнерлі- іздеушілік   Кәсіпкерлік қызметінің процесінде жаңа идеялардың қолдануы және қойылған мақсатқа жету үшін жаңа құралдар мен факторларды өңдіру.
Әлеуметтік   Әр әрекетті тұлғаларда істің биленушісі болатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Сонымен қатар, тапқыр, барлық қиыншылықтарды өтіп, өзіне табыс әкелетін істі ашатын адамдардың жаңа қабатын құрастырады. Кәсіпкерліктің дамып, өсуі, жұмыс орындарын көбейтіп, жұмыссыздық деңгейін қысқартады және жалданушы жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын көтереді.
Ұйымдық (ұйымшылдық) Өзінің ісінің ұйымдастыруын шешуімен, оның диверсификациясымен кәсіпкерлік басқарудың ұйымдастыруында, күрделі кәсіпкерлік құрылыста, кәсіпкерлік фирманың қызметінде стратегиясының өзгеруінде көрінеді. Бұл функция серіктік «жүйелік» кәсіпкерлікте және халықтық кәсіпкерліктің құрылуында айқын көрінеді.

Сонымен, кәсіпкерлік қоғамдық табыспен өзінің жеке табысымен байланыстыру негізінде табыс алу мақсатына қаржының салуымен байланысты қызмет болып табылады.

Кәсіпкерлік субъектері жеке тұлғалар және серіктердің қосылулары болып табылады.

Кәсіпкерлік мақсат- белгілі бір уақыт мезетінде қажетті жағдайына жету. Мақсаттты құрастыру кезінде келесі үш элементтерді нақты анықтау керек:

  1. Мақсат мазмұны. Қай жағдайға жетуге және мақсатқа жету дәрежесін құрау керек.
  2. Мақсаттың қажетті көлемі. Мақсаттың шектеулі ме, әлде шектеусіз екенін анықтау керек.
  3. Мақсаттың уақытша факторы. Мақсатқа қай кезге дейін және қандай уақыт мерзімінде жетуге болатын сұрақтарды анықтау керек.

Кәсіпкеліктің маңызды белгілері:

  • Шаруашылық субъектілерінің тәуелсіздігі және дербестігі. Әр кәсіпкер заң шегінде, сұрақтарды шешуге құқылы.
  • Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкерліктің басты мақсаты- мүмкін болатын табыстың максимумын алу.
  • Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Әр келкі ең бұрамалы есептеулерде тәуекелділік анықталмайды.

Көрсетілген кәсіпкерлердің белгілері бір- бірімен байланысқан және бір уақыт мезетінде іске асырылады. Кәсіпкерлік әрқашан жаңашылдықпен байланысты. Осындай экономикалық іске И. Шумпетер мен А. Маршал назарларын аударған. Егер де, И. Шумпетер кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың тепе- теңдігін көрсетсе, А. Маршал кәсіпкерлердің қоғамдық өмірдегі нақты рөлі қоғамдағы жетілген процестерін тездетеді деп бекіткен. Кәсіпкерге  дұрыс баға И. Шумпетермен берілген, кәсіпкер үнемі   «күйзелісті жасаушы» және қоғамның экономикалық дамуындағы басты кейіпкер деген.

Сонымен, мынадай шешімге келуге болады, кәсіпкерлік пен жаңашылдық қоғамда бір бүтінді анықтайды.

Кәсіпкерліктің қалыптасуы үшін нақты шарттар қажет: экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және т.б.

Экономикалық шарттар- бұл тауарлардың ұсынуы мен оларға деген сұраным, тұтынушылар ие бола алатын тауар түрлері, ақша қаржысының көлемі, жұмыс орындарының жетіспеушілігі немесе көп болуы;

Кез- келген кәсіпкерлік іс тиісті құқықтық орта шегінде іске асырылады. Сондықтан, қажетті құқықтық шарттардың құрылуы үлкен мағына береді.

1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық- құқықтық түрлері.

Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай- ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.

Кәсіпкерлікті тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.

Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады.

Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату- сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.

Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.

Өндірістік кәсіпкерлік- тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.

Қаржылық кәсіпкерлік- коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату- сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

Сақтандыру кәсіпкерлігі- кәсіпкер сақтандырған оқиға болған  кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.

Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасау- кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.

  1. Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
  2. Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
  3. Жаңа өткізу рыногына шығу;
  4. Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
  5. Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.

Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мұмкін. Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А. Смиттің тұжырымын толықтырған Ж. Б. Сей назар аударды.

Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады, алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.

Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.

Тәуекел- жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудін ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, проценттік.

Тәуекелдің мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын адамдардың санына кері тәуелді деген көзқарас бар. Көбінесе тәуекел сақтандыру кәсіпкерлігімен шұғылданатын мекемелерде сақтандырылады.

Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:

  • статистикалық, мұнда бұрынғы шығындар статистикасына қарап болашаққа болжау жасайды.
  • эксперттік, мұнда мамандар мен тәжірбиелі бизнесмендер көзқарастары зерттеледі.
  • есептік талдау математикалық тәсілдерге негізделеді.

Кәсіпкерліктің жаңашылдықсыз  болуы мүмкін емес. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық.

Біріншісінің мәні мынада, бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максималды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады.

Екінші модель өзінде бар ресурсын ғана емес, сондай- ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесіні дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.

Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі.

Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз: ұлттандыру кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал жекешелендіру оларды тарылтады.

Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары,- себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағында қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:

  • Түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін.
  • Бизнес көлемі шектелмеген.
  • Қатаң бағамен шектелмейді.

Меншіктің формасына сәйкес кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:

  • индивидуалдық немесе жеке кәсіпкелік;
  • серіктестік немсе партнерлік;
  • корпорация (акционерлік қоғам).

Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкершілігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі- капиталаныңі аз мөлшерде болуы.

Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс- әрекеттерге тән болады.

Серіктестік (партнерлік) дегеніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады.

Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады.

Кемшіліктері:

  • шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
  • фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс- әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;
  • фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.

Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі- акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестірені сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады.

Корпорацияның артықшылықтары:

  • акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;
  • акционерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңдық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;
  • басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар мамандарды шақыра алады;
  • корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.

Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:

  • акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі- корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі- акция ұстаушы табысының бөлігі деп;
  • экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы;
  • меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ынталы болады, менеджерлер оны азайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысады.

Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артықшылықтары одан көп.

Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.

Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг жүйесі мен венучерлік кәсіпкерлігі жатады.

Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір- бірімен контракт жасасады. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы  пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.

Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемдентін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе, күйіп кету мүмкіндігі мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналысуға тырысады.

Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ- да пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазақстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселе шешеді:

  • Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;
  • Халықтың материалдық және қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға көмектеседі;
  • Ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Кіші бизнестің әлеуметтік- саяси мағынасы да зор: ол қоғамның тұрақтылығының кепілі болып табылатын «орташа» таптың даму негізі. Бірақ шағын бизнестің даму қарқыны қанағаттандырады деп айтуға ерте.

Бұның ішкі және сыртқы себептері аз емес:

Ішкі факторлар:

  • старттық капиталдың жетімсіздігі;
  • банкілермен байланыстың нашарлығы.

Сыртқы факторлар:

  • қисынсыз салық жүйесі;
  • заңдардың шикілігі, тұрақсыздығы;
  • «криминалдық прессинг».

Шағын бизнесті жандандыру үшін қажетті шараларды үш бағыттан жүргізу керек:

  • шағын бизнестің ішкі ортасын жақсарту керек;
  • нақты фирмаларға тікелей көмек көрсету керек;
  • шағын кәсіпорындарыеың өзін-өзі ұйымдастыруын күшейту.

Орташа бизнестің рөлі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін, немесе мүлдем күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса, жағдайы жөнді болуы мүмкін (мүгедектерге, жарымжандарға арналған техника жасау, қала сағаттарын жөндеу) т.б.

Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Енді мынадай сұрақтардың реті келіп тұр:

  1. Қандай жағдайлар фирма көлеміне әсер етеді?
  2. Фирмалар не үшін құрылады?
  3. Нарық мүшелерінің әрқайсысын минифирма болдырып, неліктен барлық экономика «жаппай , түгел» нарық түрін алмайды?

Баршаға мәлім, нарық бостандық әкелді, ал әкімшілдік, иерархия, бақылау және саналы жоспарлаудың болуы туралы бостандыққа шек қояды. Мәселе нарық механизмін пайдаланудың арзанға түсуінде. Нарықтың әр мүшесі өздерінің жеткізушілері мен жабдықтаушылары және сатып алушылары туралы, келіссөз жүргізу және келісім- шарт талаптарының орындалуы туралы информация алуға мәжбүр болады. Осы үшін шығын жасалынады. Осындай шығындар трансакциондық шығындар деп аталады.

Бұл шығындар нарықтық агенттердің бір- бірімен қатынастарын келістіру процесінде пайда болады. Егер экономика тек жалғыз физикалық тұлғалардан тұрып, «жаппай, тағы» нарық болса, миникелісімдер өте көп болар еді. Фирманы ұйымдастыру, осы шығындарды төмендетудің әдісі болып табылады. Фирмалар нарықтық механизмді шектеп, жою мақсатымен, нарықтық үйлесімнің қымбат болғандығына жауап ретінде құрылады деген тұжырымдар жоқ емес. Шынында, трансакцияларды нарықтың көмегінсіз, фирманың ішінде жасау арзан түседі екен. «Иерархия» (фирма) мен нарықтың бір- бірінен артықшылығы жоқ.

Нарықтық және әкімшілік реттеу тетіктерін салыстыру арқылы, фирманың қажетті көлемін анықтауға болады. Ол нарықты пайдаланудың шекті шығындары мен әкімшілік  бақылауды қолданудың шекті шығындарының теңдесу нүктесі арқылы белгіленеді. Осы шекараға дейін «иерархия» (фирма) пайдалы болады, ал содан кейін- нарық пайдалы. Фирманың оптималдық көлеміне өндірістің саласы, технология, фирманың интеграциялану дәрежесі, т.б. әсер етеді.

Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграцияланған фирмалар болып бөлінеді.

Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғары сатысына дейін айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.

Көлденең интеграция- бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың бірлестігі. Көлденең интеграцияның бір түрі- диверсификация. Бұл, бір- бірімен технологиялық байланысы болмайтын, саналуына фирмалардың бірлестігі. Мысалы, химиялық концерн «Дюпон- де- Немур» химиялық тал жіп (талшық), дәрі- дәрмек, рефрижераторлар, ұшақтар өндірістерін біріктіріп отыр.

Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын» деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уақытқа дейін ол ерекше ұйымдық- құқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ коммерциялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс- әрекетте болады, өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір- бірімен жасаған келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі, болып қала берді.

Нарық экономикасында, әміршіл- әкімшіл экономикасынан өзгеше, тауар- ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да, кәсіпорынын құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру емес, «бір тұлғаның компаниясын» құруды көздейді, яғни шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын»  деген түсінік тек коммерциялық емес ұйым ретінде- меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.

Нарықтық түсінім жағынан «кәсіпорын» кәсіпкерліктің ерекше ұйымдастыру- құықтық формасы емес, ол тек мүліктік кешен- ғимараттардың, құрылыстардың жабдықтардың, шикізаттардың жиынтығы болып табылады. Ол унитарлық болады, өйткені оның мүліктері жалғыз меншік иесінде болады, сондықтан жұмыскерлердің арасында бөлініске түспейді.

Унитарлық кәсіпорынның бір түрі- федералдық қазыналық кәсіпорындар. Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар заңды тұлға болады.

Заңды тұлғаға өзінің меншігіндегі, немес, шаруашылық пайдалануында, ақшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде жауап беретін, ұйымдар жатады. Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады.

 Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп тұтатын ұйымдар жатады.

Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табумен, оны мүшелерінің арасында бөлуд мақсат етпейтін ұйымдар жатады.

Коммерциялық ұйымдардың формалары:

  • шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;
  • өндірістік кооперативтер;
  • мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар.

Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың мынадай формалары болады:

  • толық серіктестік;
  • сенімді серіктестік (коммандиттік серіктестік);
  • жауапкершілігі шектелген қоғам;
  • қосымша жауапкершілігі бар қоғам;
  • акционерлік қоғам (ашық, жабық);
  • балалық және тәуелді қоғамдар.

Кәсіпкерлік іс- әрекетпен айналысатын және өздерінің қарамағындағы мүліктер шамасында іс- әрекеттерінің нәтижесіне жауапты серіктестік толық серіктестік деп аталады. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығындары осының мүшелері арасында олардың жалпы қосынды капиталдағы үлес салмағына пропорционалдық түрде бөлінеді.

Егер толық серіктестіктермен қатар осы серіктестікте бір, немесе, бірнеше мүше- салымшылар (коммандистер) болса, онда бұндай серіктестіктер сенімдегі (коммандиттік) серіктестік деп аталады. Командистер шығын қаупіне өздерінің салымдарының мөлшерінде ғана жауапты болады және олар осы серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатынаспайды. Бұлар серіктестіктің пайдасынан қосынды капиталдағы өздерінің салымдарына сәйкес бөлімін алады.

Жауапкершілігі шектелген қоғамның мүшелері, өздері қосқан салымдардың құны көлемінде шығындар қаупіне жауапты болады.

Қосымша жауапкершілігі бар қоғамдардың мүшелері жауапкершілікті өздері қосқан салымдарының құнына сәйкес, барлығына ортақ есе көлемінде жауапты болады. Егер бір мүше банкрот болса, оның жауапкершілігі қалғандарына, солардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.

Акционерлік қоғам- жарғылық қоры (капиталы) акциялардың белгілі санына бөлінген қоғам. Акционерлердің жауапкерлігі тек өздерінің акциялары құнының шамасында болады.

Ашық акционерлік қоғам шығарылатын акцияларға ашық жазылу жүргізіп, оны сатуға құқығы бар болады.

Жабық акционерлік қоғамның акциялары тек осы қоғамның құрылтайшылары арасында бөлініп таратылады.

Балалық шаруашылық қоғамға капиталының мөлшері барлық қоғамның жарғылық капиталы мөлшерінің басым көбін құрамайтын қоғам жатады. Сондықтан бұндай қоғам, барлық қоғам  шешімдеріне шешуші ықпал ете алмайды. Балалық қоғам негізгі қоғамның қарыздары бойынша жауапты болмайды.

Тәуелді қоғам, әдетте, негізгі қоғам дауыс беретін акциялардың 20% артық акцияға ие болған жағдайда орын алады.

Өндірістік кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және қосылған төлемдеріне негізделген, бірлесіп өндірістік, немесе, басқа да қызметтер атқару үшін қосылған адамдардың еркін бірлестігі.

 Унитарлық кәсіпорын- бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.

Коммерциялық емес ұйымдар, тұтыну кооперативтері, қоғамдық немесе, діни мекемелер, қайырымдылық және басқа қорлар формасында құрылуы мүмкін.

Материалдық және басқа қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен, адамдардың жарна төлемді негізінде құрған еркін бірлестігі, тұтыну кооперативі деп аталады. Тұтыну кооперативтердің кәсіпкерлік қызметтерден түскен табыстары солардың мүшелері арасында бөлінеді.

Қоғамдық және діни ұйымдарға рухани және басқа материалдық емес қадеттерді қанағаттандыру мақсатпен құрылған азаматтардың еркін бірлестіктері жатады. Бұлар коммерциялық емес құрылымдар. Бірақ бұлардың тек құрылғандағы мақсаттарға жету үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы болады.

Қор деп еркіндік негізде жарналар арқасында құрылған коммерциялық емес ұйымдар аталады. Бұлардың әлеуметік, қайырымдылық, мәдени, ағарту немесе басқа мақсаттары болады. Қор өз алдына қойған қоғамдық пайдалы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алады.

Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар ассоциация және одақ болып бірлесуі мүмкін.

II бөлім: Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуының негізгі проблемалары.

2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму жолдары.

Отандық кәсіпкерліктің қайта жандануын шартты түрде төрт этапқа бөлуге болады: Біріншісі, комсомолдық ұйымдасуларда жастардың шығармаларының ғылыми- техникалық түрінде пайда болуы мен жұмыс істеуінде құрылды. Олардың қызметтері ғылыми- техникалық проблемаларды шешуге жұмсалған. Әрине, «комсомолдық» кәсіпкерлік басым күшіне ие болмаған, алайда көптеген саудалық құрылымдар алғашқы капиталдың жиналыуын алды.

Екінші этап кәсіпкерліктің құрылуын 1988 жылы кооперация туралы кеңес заңынын қабылданумен байланыстыруға болады. Берілген этапта кәсіпкерлік көпшілікке ие болды.

Үшінші этап аренда жайлы, кәсіпорындардың ортақтастығы, банктық қызмет, кіші кәсіпорындар жайлы және кіші бизнестің дамуына заңдық актілердің қабылдануымен байланысты болды және кәсіпкерліктің ұйымдастыру- құқықтық формаларының түрлендіруіне, іскерлік активтін сферасын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Және де, төртінші этап КСРО- ның құлдырауы мен жаңа суверенді мемлекеттердің пайда болуымен және кәсіпкерлік туралы заңдарды қабылдануымен байланысты болды. Кәсіпкерлік үшін нарықтың табысқа тез ие болуға болатын аудандары тиімді болып табылады. Бұл алып- сатуда негізделінген және мұнда ірі ақша қаражатын жұмсау қажет етілмейді. Негізінен кәсіпкерлер тауарлы- делдалдық операциялармен, сатып алу және әр түрлі тауар түрлерін шет елдерде және ТМД елдерінде сатумен айналысады.

Қазақстан Республикасында жүрген және кәсіпкерлік істі реттеген бірінші заңдардың бірі «Кәсіпкерлік істің бостандығы және ҚазақССр-нде кәсіпкерліктің дамуы» ( 1991ж ) болып табылады.

Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі ерекшеліктеріне тоқталайық.

Біріншіден, бұл шаруашылық іс- қызмет, яғни тауарлардың өндірілуі, жұмыс пен қызметтің нарықтық шарттарда сатылуға арналған. Екіншіден, бұл ынталы қызмет, яғни ол өзінің еркімен, қалауымен, кәсіпкердің тәуелсіз таңдауымен атқарылады. Кәсіпкер өз еркімен белгілі бір ісін ашып, өзінің шаруашылық партнерларын және ынтымақтастықтың шарттарын өзі анықтайды. Үшіншіден, кәсіпкерлік қызмет әрекеттері, қазіргі күші бар заңдар шекарасында іске асырылуы тиіс.

Кәсіпкерлік кәсіпкердің өз қаражатынан жұмсалатын барлық шаруашылық қызметтің орындалуын қамтиды.

Және де заңда кәсіпкерлік қызметтің бағыты табыс алу болып табылады. Сондықтан да, табыс алуға бағытталған шаруашылық формалары кәсіпкерлік болып саналмайды.

Тіркеу- кәсіпкерліктің бастапқы және маңызды этапы. Тек тіркеуден кейін кәсіпкер банкте есеп счетын ашуға, жұмыскерлерді жалдауға, өз атына мөрді, бланктерді және басқа да фирмалық белгілерді тапсырысқа беруге, шаруашылық келісім шартқа отыруға және нарыққа шығуға құқылы болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілердің тіркеу тәртібі туралы ережесінде айтылған және Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген.

Кәсіпкер барлық шаруашылық түрлерімен айналысуға құқылы: өндірістік және делдалдық, экономикаішілік  және сырттай экономикамен. Кәсіпкерлер әр- түрлі қызмет түрлерін бұған деген еш бір рұқсат қағаздарын сұрамай- ақ біріктіріп, үйлестіре алады; олардың ара- қатынасын, байланыстарын өзгерте алады, бұл түрлердің қызметін тоқтатып, басқа түрді дамыта алады.

Арнайы мемлекеттік рұқсат қағаздар, лицензиялар белгілі бір өнім шығаруға немесе, белгілі жұмыс атқару үшін министрлік пен ведомстволармен беріледі. Мысалы, лицензиясыз геологиялық барлау жұмыстарын, пайдалы қазбалардың кен орындарын, орман және су ресурстарын эксплуатациялау, құрамында есірткелі және улы заттары бар, қауіпті істі іске асыруға болмайды.

Жеке кәсіпкерлік құқықтық қорғануда мұқтаждық етеді. Ерікті шаруашылық қызмет және кәсіпкерліктің дамыту туралы заңның 20 бабында, кәсіпкерлерге кәсіпкерліктік қызметтің формасына және меншік формасына қатыссыз  тең құқықты беруіне мемлекет кепілдік бере алады. Ал заңның 30 бабында, мүліктің заңсыз алудан қорғау туралы кепілдік берілген. Кәсіпкерліктің құқықтық қорғаудың маңызды формасы комерциялық құпияны сақтау болып табылады. Бұған заңның 27 бабында технологиялық информациялармен, басқарумен, финанстық, басқа қызметтермен байланысқан  және құпияның жариялануы оның ісіне зардап тигізе алуы туралы мәлімденеді.

Бірақ мемлекеттік, қоғамдық мүдделерінде кейбір информациялық материалдарды жабуға және оны құпияға енгізуге болмайды. Кәсіпкерлік туралы заңның 27 бабында қоршаған ортаның ластануын және басқа да зиян келтіретін қызметтің іске асырулына рұқсат етілмейді. Қызметтер түрлерінің нақты тізімі және де комерциялық құпия бола алатын мәліметтерді Қазақстан Республикасының министрлігімен бекітіледі. Кәсіпкерлер әр жылы қысқа баланстық мәліметтерді, уставтық фондты, табыс және шығыс көлемін, қарыздық және кредиттік қарыздар туралы хабар беруге міндетті.

21 маусымның 1991 жылы және 4 шілдеде 1992 жылы қабылданған « Жеке кәсіпкерліктің қорғауы» туралы заңдар ұзақ уақытқа жеке кәсіпкерліктің қызметтерінің құқықтық негізі болды.

Олар жеке кәсіпкерліктің негізгі формалары мен қорғау әдістерін анықтайды, мемлекеттің тікелей кәсіпкерлік қызметке араласуының және мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерліктің құқығын бұзуына жауапкершілік саяси қабыл алмауын бекітеді.

1998 жылы кооператив арасында, құрылыс ісі жалпы санынан – 32,5 %, тауаралардың шығарылуы халықтық тұтынудың- 11,1 % , тұрмыстық қызмет ету- 7,2 %.

Кіші кәсіпорындар негізінен сату және қоғамдық қоректенумен- 37,8 %, құрылыс ісімен- 13,3 %  және өнеркәсіп- 12,9 % -дарда маманданды.

Дәл осындай қызмет түрлерімен жеке кәсіпорындар айналасты: сату мен қоғамдық қоректенумен- 38 %, құрылыс ісі- 13,3 %, және өнеркәсіп- 9,9 %.

Кәсіпорындардың басым бөлігі дамыған өнеркәсіпті аудандарда орналасқан.

2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі проблемалары және оны шешу жолдары.

Кәсіпкерлік ойлағандай, ұйғарылғандай Қазақстанның экономикалық жаңаруында қозғалмалы күші болмады.

Ерекшелегенде, қоғамдық тұтынудың ынтасын, қалауын және жойылып бара жатқан қоғамдық қажеттілітерді іздеу және де оларға үзіліссіз бейімделу кәсіпкерлік системасында нақты бір қиыншылықтар тудырады. Кейбір қазақстандық мамандар осындай берілген қиыншылықтарды тауып, оларды өту жолдарын ұсынды. (2- кесте)

2- кесте. Қиыншылықтар және оларды өту жолдары.

Қиыншылықтар Осы қиыншылықтарды жеңу тәсілдері
1. Финанстық: негізгі капиталдың болмауы (қызмет және өндірістік бөлмері, көлік және құралдардың, жердің және т.б.), айналым қаражатының болмауы немесе жетіспеушілігі. ·        Ақшалық жекешелендіруде мемлекеттік меншіктің жекешелендірудің соңғы стадиясында қатысу. ·        Қолданбайтын жекешелінген бөлмелерді, аяқталмаған құрылыс ісінің объектілерін, мүлік және жерді түгендеу нәтижесінде пайда болған жер учаскілерін сату. ·        Кәсіпкердің ақпаратынан алынған қолданбайтын объектілерді арендаға беру. ·        Қазақстанда лизингті дамыту үшін институционалдық негізді өңдеп оны іске асыру және де лизинг бойынша Оттав халықаралық конвенциясына қосылу. ·        Льготтық шарттарда алынған мүліктің  жекешеленгені  туралы пікірді  дайындау. Егер де льготтық шарттарда алынған мүлік қолданылмайтын болса, онда объект ақшалай сатып алуға ұсынылған льготтардан айыру шарттары қолданылады. Ал егер де, бағынбаушылық болса, онда процесс айналыстан алуға бағытталады. ·        Халықаралық финанстық, экономикалық, жеке фондтар мен қоғамдық және жәрдем беру ұйымдардың шараларын кіші бизнестің проектілерін қаражаттау үшін жұмылдырту. ·        Екінші ретті банктердің кіші кәсіпкерліктегі субъектілердің кредитталынуының шамасын өсіру. ·        Кіші кәсіпкерліктің дамымалы фондының табу бағыттарының мақсатты кредитталынуы. ·        Кіші кәсіпкерліктің микрокредитталынуын дамыту. ·        Кіші кәсіпкерліктің қаржыландыру кезіндегі сақтандыру механизіміндерін еңгізу.
2. Институттық: кәсіпкер-лік институтының жеткілік-сіз дамуы, дамымаған нарықтық инфраструктурасы. ·        Қазақстанда кәсіпкерліктің институтын енгізу. ·        Қазақстанда кәсіпкер Кодексінің өнделуі. ·        Қазақстан мүлік Кадастрының өңделуі. ·        Заңдық, консультациялық және аудиторлық фирмалардың жолдарын ұлғайту үшін шарттарды ұйымдастыру. ·        Кіші бизнес үшін кредит және қарыз беруінде маманданған коммерциялық банктердің өркенделуіне көмек беру. ·        Биржа және сауда үйлерінің дамуы.
3. Білім беру: бизнеспен айналысатын білімнің жетіспеушілігі, білмеушілігі және тәжірбиенің болмауы. ·        Бизнес негіздерін оқытатын жаңа программалардың құрылуы мен енгізілуі; тереңдетілген дайындық курстары, бастауыш және орта білім үшін арналған қазіргі кезде бар программаларын үйрену, ал жоғары оқу бөлімдерін жаңа талаптарға үйрету; специалистердің жылдық қайта дайындалуының программаларын толық жетілдіру. ·        Донор- мемлекеттерінің техникалық көмегінің қолданылуының нәтижелігін жоғарлату. ·        Бизнеспен айналысу және инновациондық                                                                                                                                                                кластерлердің орталарын ұлғайту. ·        Кәсіпкерлер үшін әр облыста, әр қалалық акиматта кезекшілік консультациялық пунктердің ашылуы.
4. Мемлекеттік, төрешілдік /бюрократтық/, көпке созу, коррупция, күштеп алушылық. ·        Мемлекеттік қызметтік реформаның әрі қарай түрлендірілуі. ·        Қазақстан Республикасының жоғары тәртіптік кеңестің жұмыстарын жеңілдету. ·        Бухгалтерлік есептің және кіші бизнес субъектері үшін сақтандыру , лицензиялау. ·        Мемлекеттік органдарда, банктерде, сақтанды, нотариалды, заңдық фирмаларда және т.б. кіші бизнестің субъектері үшін қызмет ету системасын жеңілдету. ·        Меншік пен бизнестің қорғау системаларын құру
5. Ақпараттық: АҚҚ- дағы жеткіліксіз жеткізу тәжірибелігі ·        Арнайы буклеттер, ақпарттық парақтардың басылуы және интернетте кіші бизнес үшін парақтардың ашылуы. ·        Радио және телевидениеде арнайы хабарларды ұйымдастыру. ·        Кіші бизнестің маңызды сұрақтарын газет және журналда басылуына дайындыру.  

Осылайша,нарықтық қатынастардың дамуларына байланысты барлық кезеңсіз жағдайлардың болуын айта кету керек. Тиімді кәсіпкерлікті жоспарлап, іске асыру барысында кәсіпкер берілген мекен үшін нақты мақсаттылығын толық қарастырмайды және шикізатты- материалдық ресурстар туралы толық ақпаратқа ие болмайды.

Нәтижесінде, мемлекеттің өзі ұтылыста қалады. Экономиканың тұрақтандыруын да, өндірістік төмендеу қиындықтарын жеңуінде инфляцияда кәсіпкерлік құрылымдар рөлінің маңыздылығы азғантай. Құрылатын кәсіпорындар өндірістік іс- қимылдарын өтіп, делдалдық, банктық, қызмет сфераларын, капитал айналымына тез ие бола алатын сауда сфераларына ұмтылады. Сауда саттық үшін қайнар көзі импорттық сатылымдар, дамушы мемлекеттерге рейс жасауларды  және де мемлекеттік сауданың тауарлары мен қоректену өнімдері болып табылады.

Алынған табыс өндірістік инвестицияларда қолданбайды, керісінше, айналыс сферасына немесе мүлік не валютаға салынады. Көпшілік мінезі нақты іс қимыл мен валютаның көлемін жасыру сипатына ие болды.

Кіші және орта кәсіпкерлік үлкен индустрия тәрізді құқықтарын негіздейтін, қызықтық актілердің системасына бірдей мұқтаж етеді. Олардың сенімді одақтасы немесе гаранты болып мемлекет болуы тиіс.

Республикада қолданылатын шаралар тұтас системасының сипатталуына әлі де толық негізделген жоқ. Кәсіпкерлік проблемаларының шешуіне бағытталған республикалық масштабтағы бірде- бір програмдық құжат жоқ. 19921- 1999 ж өңделінген мемлекеттік қолдау және кәсіпкерлікті дамыту программасы кәсіпкерлікті, бәсекелестікті дамыту мақсаттылық жұмыстарын және тұтынушылар құқығын қорғауды ескерді.

Антикризістік программа Республикалық фондтың кәсіпкерлікке тірек етуін, мемлекеттік ресурстар үшін және отандық пен шетелдік инвесторларды қатыстыру жолымен қалыптасқан капитал жарығының құрылуын көздеген болатын.

Фонд кредиттерді тек нәтижелігі арнайы экспертизамен дәлелденген проектерге берілуге арналған.

Пайда болған қажеттілік үшін Республикада кәсіпкерлік структураларын және нарықтық механизмдердің тәуірлі міндеттелінуін қызмет көрсетуіне арналған объект торы құрылды. Мұндай орталар 2002- 1999 ж Қарағанды облысында, Шығыс- Қазақстан, Батыс- Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да бастауыш кәсіпкерлік үшін беретін қызмет көрсететін облыстарда құрылған.

Осы аймақтар орталары кәсіпкер кадрларын дайындайтын центріне айналды. Пайда болған орталардың құрылуына экономика Министрлігі мен АҚШ Корпусы арасындағы келісім шарт бойынша американдық специалистер көмек көрсетеді.

Ұлғайған кәсіпкерлер өздерінің партияларын қалыптастырып саяси аренаға шығуға ұмтылады. Айқын мысал болып Қазақстан кәсіпкерлерінің Конгресс қызмет болып табылады. Бір  жағынан, Конгресс Мемлекеттік биліктің органдардың кәсіпкерлік құрылысты ұсынып, оны қорғайды; ал екінші жағынан-  кәсіпкерлік структураларының арқасында экономикалық және әлеуметтік бағдармалардың іске асуына көмектеседі. Сонымен қатар, Қазақстан кәсіпкерлерінің Конгресінің іс- қимылының басты міндетіне қоғамның барынша аз  сақтандырылған қабатқа көмектесу бағдармаларының іске асыуы жатқызылады; Республиканың әр- түрлі қайырымдылық фондтарына финастық және басқа бір қолдаулар ; шетелдік инвесторларды тартуында қатысу; Қазақстан Республикасында тәуелсіз кәсіпкерлік зоналардың құруы мен оны территорияда дамыту. Алматы қаласында 1998 жылы Еуропалық комиссиямен «Іскерлік байланыстарының центрі»- нің проектісі ашылғаны туралы жарияланған болатын. І.Б.Ц. басты  бағыты- кіші кәсіпорындардың Еуропалық Бірлестіктің серіктерімен байланыстың іске асырылуында қолдау көрсету. Центрмен Еуропаның көптеген коммерциялық құрылым және тауарлы- өнеркәсіптік палаталармен тығыз байланыстар орнатылған.

Кәсіпкерлік классының құрылуы нарықтың экономикаға бағдарланған әр- түрлі қоғамның тұрақтануы үшін қажет. Дамымаған жеке кәсіпкерліксіз қоғамдағы қуатты әлеуметтік қарама- қайшылықтың таратуына экономикадағы төмен түскеннен көтерілу жолына өтуіне үміт жоқ.

Тиімді аймақтық шаруашылық меншіктің қуатталып, белгілі бір «критикалық  массаға» жетуін талап етеді.

Егер де 1991 жылға дейін мемлекеттік меншік 90 %- дан астам болса, қазіргі уақытқа мемлекетте экономиканың жеке секторы басым көп: Республика бойынша жеке кәсіпкерліктің үлес салмағы 80 % шамасында және бұлардың көпшілігі ауылшаруашылықта, өнеркәсіпте және құрылыста. Ұлттық статистикалық агенттігінің есептеуі бойынша Қазақстанда жеке сектор 50 % - ды құрайды.

Кіші кәсіпкерліктің дамуында шетелдік және отандық тәжірибелікті талдай келе, оның келесі артықшылықтары мен жетіспеушіліктерін 3- кестеде көрсетуге болады.

3- кесте. Кіші кәсіпкерлікті дамыту тәжірбиесін талдау.

Артықшылықтары Кемшіліктері
1.     Берілген аймақтағы шаруашылық шарттарына тез бейімделу 2.     Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің іс- әрекеттерінің үлкен тәуелсіздігі. 3.     Қабылданатын шешімдердің қабылдауы мен орындауындағы икемділік пен шапшандық. 4.     Қызмет орындауындағы біршама үлкен емес шығындар, әсіресе басқаруға жұмсалған қаражат. 5.     Жеке тұлға үшін идеяларын іске асыруға және қабілеттіктерін көрсетуге үлкен мүмкіндік. 6.     Бастапқы капиталда барынша аз керектік және өнімге өзгертулерді тез еңгізуге қабілеттігі. 7.     Өзінің капиталының біршама барынша көп айналымдылығы. 1.        Барынша жоғары қауіп- қатер дәрежесі 2.        Нарықтағы жағдайдың тұрақсыздану дәрежесінің жоғары дәрежесі. 3.        Ірі компанияларға тәуекел болу. 4.        Істі басқарудағы жетіспеушіліктер, яғни менеджерлік қабілетсіздік немесе, кіші және орта кәсіпорындардың мамандық компетентсіздігі. 5.        Жетекшілерде қажетті білімнің болмауы. 6.        Шаруашылықтың өзгеруіне жоғары елеулік. 7.        Кредит алу мен қосымша  қаржылардың алынуының қиыншылықтары 8.        Шартқа отыруда  шаруашылық серіктердің сенбеушілігі және абайлағыштығы. 9.        Басқа да сыртқы және ішкі себептер мен жұмыс істеу шарттары.

Америка Құрама Штаттарының кіші бизнесмендерінің ортасында жиі жүргізілетін сұрауларда олардың қызметтерінің сәтсіздікке ұшырауының басты себептері деп, мыналарды көрсетеді:

  • компонентсіздік;
  • баланстырылмаған тәжірибе (мысалға, тәжірибелі менеджер, бірақ тәжірибесіз саудагер);
  • Коммерцияда, финанста, қамсыздандырушылықта, жеке игіліктегі және серіктегі басқарудағы тәжірибелік жетіспеушілік, қызметтік байланыстар мен контактарды құра алмаушылығы.

Кіші фирмалардың банкротқа ұшырауының басқа себептері бизнестің қараусыз қалушылығы; денсаулықтың болмауы және жаман әдеттер; катастрофалар, өрттер, тонаушылық, алаяқтық және т.б. болып табылады.

Кіші фирмалардың табысқа деген мүмкіншілік оның өсуіне байланысты өседі. Ұзақ және бір иенің қолындағы фирмалар иелері жиі өзгеретін фирмаларға қарағанда, барынша көп және тұрақты табыс әкеледі. Зерттеу барысында көп жұмыс істейтін және сана- сезімнің шектеуінен шықпайтын кіші кәсіпорындар үлкен табысқа ие болады.

Кіші және орта бизнестердің сәтсіздіктеріндегі кәсіпкерлердің жоғары емес квалификациялар әсер етеді.

Жанданатын, жойылып бара жатқан қоғамдық мұқтаждықтарды іздеу және оларға бейімделу кіші бизнестің құрылысының негізін құрайды.

Жоғары айтылғандарды қорытындылай келгенде, Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің активтендірушілік шарттарын қысқаша көрсетуге болады:

  • Кәсіпкерлік қызметіне мемлекеттің қатыспаушылығы.
  • Мемлекет тарапынан материалдық көмектің көрсетілуі.
  • Шаруашылық субъектілерге олардың меншіктерінің сақтандыру жөніндегі кепілдіктің берілуі.
  • Барлық нарықтық қатынастардың қатысушыларға тең құқықты құру және экономикалық бостандықты ұсыну.
  • Нарықтың инфраструктурасын құру.
  • Ресурстарға, кредит пен ақпараттарға кіру мүмкіншілігі.
  • Шаруашылықтың нарықты- конкуренттік режимі, мемлекеттің монополияға қарсы қызметі.

Осыдан кәсіпкерге келесі қажет:

  1. Анық жоспар.
  2. Қойылған мақсаттарға жетуге және қолға жеткізушіліктердің барлығын бекітетін ұйым.
  3. Ұйымдарға принциптерді қолданылуға мүмкіншілігі болатын адамдардың материалдардың, машиналардың, ақша қаражаттары мен әдістерінің бар болуы.
  4. Ұйымдарды қойылған мақсаттарды жетуге көмектесетін компоненттік және білімді менеджерлер. Жылдам, сапалы, тұрақты есеп.
  5. Диспетчерлеу, мөлшерлеу, графиктер, стандарттау.

III бөлім. Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың  нәтижелері.

3.1. Макроэкономикалық тұрақтандыру.

Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың; табыстар мен шығындардың; акша массасы, айналым қаражаты мен инвестициялық ресурстардың белгілі бір келісілуін білдіреді. Бүған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын еді.

Мемлекеттік экономикалық саясатқа ақша-кредит, салық-бюджет, баға және антимонополиялық, инвестициялық, технологиялық саясат кіруі тиіс болды. Бұл екі деңгейлі банк жүйесін құруды, алтын-валюта резервінің қорлануын, қор биржасы, салық, кеден және басқа органдар секілді жаңа қаржы және мемлекеттік институттарды қалыптастыру мен дамытуды талап етті.

Бірінші кезеңде өзекті міндет басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістерін алмастыру болды. Өйтпеген жағдайда туындаған проблемаларды шеше алмас едік. Ал олар анық көрініс берді.

Тұтыну тауарларын өндіру барынша азайды. Қаңыраған сөрелер сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін көрсетіп түрды. Тек бағаны өсіру есебінен пайда қуушылықтың жалпыға ортақ жарысы басталып кетті.

Тауар тапшылығы, өсіп бара жатқан гиперинфляция жағдайына тап болған біз бірінші кезекте бағаның ырықтандырылуын жарияладық, ол нарыққа өтудің табанды кадамы болды. Сұраныс ұсынысты туғызады деген классикалық кестені іске қосу керек болды. Бірақ та адамдар бұл шараны, бағалар кілт аспандап кеткендіктен, ауыр қабылдады.

Кеңестік экономикада бағалар сұраныс пен ұсынысты ескеріп емес, саяси және идеологиялық себептер бойынша белгіленетін. Сондықтан да экономика әрдайым тапшылықты және инфляциялық болды. Оның үстіне тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етілмеген артық ақша проблемасын жоспарлы экономика әдістерімен шешу мүмкін емес. Бұл жағдайдан бірден-бір шығу жолы тұмшаланған инфляцияны ашық инфляцияға айналдыру болып табылатындықтан, кесімді бағалардан еркін бағаларға біртіндеп көшу сәтсіздікке ұшырайтын еді, сондықтан да онымен классикалық әдістер бойынша күресу көмектеспеді.

Алайда рынокты тұтыну тауарларымен толтыру айтарлықтай тез жүрді, кезектер жоғалды, карточкалық жүйе алып тасталды. Адамдар өз бизнесін ұйымдастыра бастады, белгілі бір дәрежеде көсіпкерлік бастамашылық көрініс берді. Бүл сұраныс пен ұсыныс экономикасының алғашқы нәтижесі болды.

Бірақ та өндіріс тоқтап, байланыстар үзілген ретте біздің біртұтас рубль аймағында тұрып жатуымыздан жағдай күрделі болып қала берді. Мұндағы келеңсіз үрдістер Мәскеу жүргізіп отырған жүйесіз ақша эмиссиясымен айқындалды. Ресейден Қазақстанға ескі рубльдер вагондап жөнелтілді, мұның өзі инфляция үшін нәрлі топырақ болды. Біз тандау алдында тұрдық — не ақша массасын қысу керек, не бағаға қатаң мемлекеттік бақылау орнату керек. Екінші нұсқау ескі кезеңдерден әлдеқайда қалыпты болып көрінетін, бірақ та әу бастан-ақ реформалар нысанына қайшы келетін.

Біз өз жолымызды тандадық, ол ұлттық валюта енгізуді көздеді. Қазақстан бүған бұрынғы Одақ елдерінің ішінде соңғысы болып барды, өйткені басқаларға қарағанда Ресеймен экономикалық байланыстары әлдеқайда берік еді. Бірақ біздің шыдамымыз шегіне жетті. Сөйтіп 1998 жылғы 15 карашадан бастап біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны — ұлтгық валютамыз теңгеге ие болдық. Жуырда біз аса маңызды жетістігіміз болып, одан кейінгі ауқымды өзгерістерге кеңістік ашқан сол оқиғаның 10 жылдығын атап өттік. Бұл бізге 1999 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсендетуге, ал 2000 жылы оны екі таңбалы көлемге дейін түсіріп, инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді.[19] (4- кесте)

4- кесте. Қазақстандағы 1998- 2007 жылдардағы инфляция

Тұтыну бағалары 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 20006 2007
1258 160 129 111 102 118 110 106 107 106,8
Өнеркәсіп өнімдеріне өндірушілердің бағалары   2042   140   119   112   111   119   38   86   112   105,9

Тікелей тәуелсіздік алғаннан кейін бірінші кезекке дербес бюджет, салық және кеден жүйелерін құру мәселелері де шықты. Іс жүзінде оларды тақыр жерден түзуге тура келді. Бірінші кезенде сәйкес нормативтік-құқықтық базаны жасау талап етілді.

Ескі жүйені қирату алғашқы жылдары мемлекеттік бюджеттің өте үлкен сәйкессіздіктеріне соқтырды, өйткені әлеуметтік кепілдіктер мелшері нақты экономикалық мүмкіндіктерден асып түрды. Мысалға, 1991 жылдың бюджет тапшылығы 20 пайыздан артық болды.

Теориялық түрғыда бюджет тапшылығын төмендетуге кәсіпорындардан алынатын салықтарды кілт ұлғайту және әлеуметтік бағдарламаларды сондайлық кілт қысқарту есебінен жетуге болады. Алайда салық ауыртпалығын үнемі үлғайту орынды емес, өйткені бұл іскерлік белсенділіктің төмендеуіне және экономиканың көлеңкеге кетуіне соқтыратын еді. Сондай-ақ кәсіпорындарда да үлкен салықтарды төлеуге жеткілікті қаражат болмады.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып салық реформасын жүргізді. 2000 жылы Президенттің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығы шықты. Соған сәйкес салықтардың саны 3 еседен астамға қысқарды. Салық органының қызметі принципті түрдегі басқа сипатқа ие болды. Салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың әдісі ретінде ғана емес, сонымен бірге инвестициялык-өндірістік қызметті ынталандырудың қүралы ретінде де қарастырыла бастады.

Енді экономикалық түрақтану кезеңі басталғаннан кейін салық жүйесінде біз екпінді өндіріс саласынан айналым саласына көшірдік. 2002 жылы ҚҚС ставкасын 16 пайызға дейін, әлеуметтік салықты 26-дан 21 пайызға дейін төмендетілді. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС ставкасы 15 пайызға дейін төмендеді, ал әлеуметтік салықты есептеу кезінде 20-дан 7 пайызға дейінгі регрестік ставка өрекет етеді.

Қазақстанда принципті түрғыдағы жаңа және осы заманғы екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, оны халықаралық барша қаржы ұйымдары ТМД-дағы үздік жүйе деп атайды. Ұлттық банк тәуелсіз болды. Бұл мемлекеттік ақша-кредит саясатының тиімділігін кілт арттырды. Екінші деңгейдегі банктер даму серпініне ие болды. Өз кезегінде банк саласындағы реформалар бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру жөніндегі белсенді күш-жігермен нығайтылды.

Бюджет жүйесін реформалау 2001 жылы "Бюджет жүйесі туралы" Заңның қабылдануымен басталды. Ел Үкіметі бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық банк кредиттерін алу практикасынан бас тартып, қаржыландырудың инфляциялық емес көздерін пайдалануға көшті. Осы шаралардың бәрі мемлекеттік шығындарды қатаң шектеумен бірлесе келіп, макроэкономикалық түрақтанудың негізіне айналды.

Мемлекет иелігінен алуға, жекешелендіруге, сондай-ак инвестициялық саясатқа байланысты мәселелерге жеке тоқталайық. Ақша массасының қысқаруы мен инфляцияны төмендетудің кері жағы да болды. Кәсіпорындар тоқтай бастады. Төлемеушілік дағдарысы ушықты. Өзара есептесудің негізі бартер болды. Осы жылдарда атқарылғанның бәріне қатер төнді.

Қарапайым қисын мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшудің мүмкін еместігін еске салып тұрды. Бүл қадам нарық субъектілерін құру түрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды.

Сондықтан да мемлекет ауқымды жекешелендіруге кірісті. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады.

Біріншіден шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың қатарында үжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды.

Екінші кезең "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1998-2000 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы" негізінде жүргізілді.

Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме- сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды.

Көтерме- бөлшек сауда, сауда- саттық және автокөлік бірлестіктері шағын жекешелендіруді жүргізудің алдында дербес заңды тұлғалар құру мақсатымен сегменттелді. Осының арқасында дүкендерді, мейрамханаларды, дәріхана желісін, автомайқүю станцияларын қоса алғанда қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды.

Нарықтық экономиканың негізгі субъектісі маркетинг пен менеджменттің прогресшіл де тиімді әдістерін пайдаланатын меншік иесі болып табылатыны белгілі болды. Купондық жекешелендірудің ащы сабағы мынада еді, меншікті жайдан- жай бөліп, үлестіріп беруге болмайды. Жаңа меншік иесі капитал мен технологияларды тартуға қабілетті болуы тиіс.

Үшінші кезең 2000 жылғы желтоқсанда заң күші бар "Жекешелендіру туралы" Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша каражатына жүзеге асырылды.

Шетелдік компаниялар өзімен бірге сондайлық қажетті инвестициялар, басқарудың озық тәжірибесін әкеледі деп білуіміз орынды екен. Нәтижесінде біздің кәсіпорындар өз дамуының жаңа серпініне ие болды. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Адамдар тұрақты жалақы ала бастады.

1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты, сондықтан қазіргі төртінші кезеңде біз мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады.

Республикалық мемлекеттік және коммуналдык мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі үлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай- газ секторында - бұл "ҚазМұнайГаз", энергетикада - "КЕГОК", телекоммуникацияда — "Қазақтелеком", темір жолда — "Қазақстан темір жолы".

Қазір  бұл салаларды да реформалауға жеттік, Темір жол саласын қайта құрылымдау бағдарламасы басталды. Электр энергетикасы және телекоммуникация салаларын монополиясыздандыру міндеті қойылды.

Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды құруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 пайызға жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.

Экономикалық реформалар ІЖӨ қүрылымында жақсы байкалады. Мәселен, 1991- ден 2003 жылға дейінгі кезенде тауар өндірісінің үлесі 43 пайызды құрап, 23 пунктке қысқарды, тиісінше қызмет көрсету өндірісінің үлесі 37,2- ден 52,3 пайызға дейін өсті. ІЖӨ қүрылымының мұндай өзгерісі осы заманғы жалпыөлімдік үрдістерге сай келеді. Қазақстанда ІЖӨ құрылымындағы қызмет көрсетудің үлесі Достастық мемлекеттерінің арасындағы ең бір жоғарысы (ТМД бойынша орташа 44 пайыз). Әлемнің дамыған елдерінде қызмет көрсетудің үлесі шамамен 60- 73 % құрайды, атап айтқанда Жапонияда — 66% , Ұлыбритания мен Германияда — 71 %.

Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік- құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру жене өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасасылды.

2002 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы.

Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз.

5 - кесте. Әлемде, елдер тобы бойынша және Қазақстанда тікелей шетел инвестициялары ағыны

Өңір/ ел 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Бүкіл әлем 100 116,4 144,1 181,1 327,5 418,3 246,4 204,5 168,6
Дамыған елдер 100 106,9 130,3 229,7 402,7 538,7 277,8 238,2 178,2
Дамушы елдер 100 136,5 170,7 173,4 207,3 225,6 196,4 140,9 153,8
Орталық Азия 100 156,5 232,3 182,1 151,7 114,2 213,9 272,1 367,0
Қазақстан 100 170,1 214,1 125,3 188,2 282,6 463,1 417,3 476,5
ОШЕ 100 95,0 134,0 170,4 185,9 192,8 184,8 218,9 147,0
Ресей 100 127,9 241,3 137,0 164,1 134,6 122,5 171,7 56,7

өзгерісінің динамикасы, 1998 - 2006 жж., %- бен.

Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары                                                               көрсеткіші (5-кесте) біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай- газ саласындағы ресурстарды     игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы    қаражатының жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында   Қазақстанның   өзі   орасан   кен орындарын толық мәнінде игере алмады.

Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1998 жылы "Шеврон" корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.

Инвесторлардың мұнай- газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жүмыс істейді. Олардың арасында "Эксон Мобил", "Шелл", "Эни", "ШевронТексако", "Тоталь", "Бритиш петролеум", "Лукойл", Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар. Олардың казақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.[12]

Соңғы 30 жылда қоры 10 миллиард баррель деп бағаланған аса ірі Қашаған кен орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған қорлары бойынша әлемде жетекші орындардың біріне шықты.

Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз бір ғана көмірсутегін өндірумен тәмамдалмайды. Оларды әлемдік рыноктарға тасымалдау үшін инфрақүрылым жасаудың маңызы бұдан кем емес болатын. Кеңестік кезенде ішкі рынокқа бағдарланған Қазақстанның мұндай тұрба құбырлары жоқ еді. Тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыш және ойдағыдай іске асырылған жоба Каспий тұрба құбыры консорциумы болды. КТК-ның іске қосылуымен біз тасымал маршруттарын белсенді өту жөнінде дәйекті саясатты жүзеге асыра бастадық. Өткен жыл Каспий бойынша келіссөз процесінде сірескен сенді бұзып өткен жыл болды. Ресеймен стратегиялық әріптестік қазір қайраңдағы бірлескен ірі жобаларда нақты жүзеге асырылып келеді. Қытай бағытындағы тұрба құбырының құрылысы басталады.

Бүгінде мемлекеттік бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының есебінен қалыптасады.

Тікелей инвестициялар қара және түсті металлургияның тиімділігін көтерді. "Самсунг" және "Қазақмыс" корпорациялары саланың дамуына 1

833,5 млн. доллар жұмсады. Бұл 2000 жылы-ақ шақпақ мыс шығару жөніндегі 1990 жылғы деңгейді 9 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде мыс өндірудің көлемі бұрынғы жылдардың үздік көрсеткіштерінен асып түсті. Испат-Қармет өндірістің дамуына 500 млн. доллардан астам жұмсады. Қарметкомбинат металдармен және полимерлермен қапталған металл табақшалар шығарудың қуатты индустрияландыру кезеңінен өтті.

Қазхром мен Қазалюминий 537,2 млн. доллар мөлшеріндегі инвестициялардың арқасында тиімділігі жоғары өндірістерге айналды. Мұны қорғасын- мырыш саласының жұмысы туралы да айтуға болады.

Нақ осы салалар бүгінде ел бюджетін негізгі толықтырушылардың бірі.

Алдағы кезде бюджет жоғары қосымша құны бар дайын өнімнің, шағын және орта бизнес пен өндеу салаларын дамыту түсімдері есебінен барған сайын көбірек толығатын болады.

Экономикадағы реформалар өздігінен қатардағы азаматтар тарапынан меншікке деген көзқарастың өзгеруі жағдайында ғана тиімділік бере алар еді, тұрғын үйді жекешелендіру кезеңінде осылай болды да. Меншікке ие ету тұрғын халық менталитетінің өзгеруіне әкелді. Мемлекетке иек арту, масылдык психология өткенге кете бастады. Енді өз тұрғын үйінің жауапкершілігі азаматтардың өздеріне көшті.

Тұрғын үй- коммуналдык шаруашылықты одан әрі өзгерту қажеттілігі пайда болды. Қасаң ТПК- лардың орнына халықтың пәтер иелерінің коопера-тивтері тұрпатындағы өз ұйымдарына екпін түсірілді.

3.2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу жағдайларын жасау.

Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалык, құжатқа мұқтаж болатын. Олар "Қазақстан-2030" ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды.

Осы сәттен бастап реформалар жүйелік деңгейге көшті. Реформалардың басымдықтары институттық өзгерістер жағына қарай ойысты. Экспорттық әлеуетті кеңейту жөне сырткы инвестициялық ресурстарды ұлғайту жолдары белгіленді.

Бұл процесс Қазақстан кезекті сынақка — 2002- 1998 жылдарғы азиялық қаржы дағдарысына тап болған сәтте де тоқтамады. Іс жүзінде соңғы сәтке дейін біз халықтың тұрмыс деңгейі күрт кұлдырауына жол бермеу үшін теңгенің бағасын жасанды түрде ұстауға тырыстық. Қазақстан тағы да кәсіпорындардың жаппай жабылуы мен жұмыссыздықтың қар көшкіні секілді өсу қаупімен бетпе- бет келді.

Бұл дағдарыс біз үшін сабақ болды. Болашақта Қазақстанның алдында мұнайға деген жоғары бағалар сынағы тұрды. Біз мұнай долларларын өңдеу салаларын дамытуға және осы заманғы бәсекеге қабілетті экономика құруға бағыттай отырып, оларды дұрыс жұмсай білу керектігін түсінікті болды. Мұның өзі энергия сақтаушыларға деген әлемдік бағалардың өзгерісіне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берер еді.

Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қолайсыз сыртқы факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құруға кірісті.

Алайда мұны сілкіністер мен дағдарыстар жағдайында ғана сақтандыру әдісі ретінде қабылдамау керек. Оның мәні бұдан тереңірек. Ол болашақ ұрпақтар алдындағы біздің жауапкершілігіміздің көрінісі ретінде пайда болып, артық пайдаларды бір сәттік проблемалардың шешіміне жұмсауға елігуден тыс болуымызға мүмкіндік берді. Қазіргі танда Ұлттық қорда 4,7 млрд. доллар немесе 631,8 млрд. теңге жинақталған, олар республикаға тұрақты табыстар әкелетін жоғары өтімді қаржы құралдарына салынған.

Банк жүйесіне сенімді арттыру үшін шаралар қабылданды. Кеңестен кейінгі кеңістікте алғаш рет жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендірудің ұжымдық жүйесі құрылды. Мұның өзі азаматтардың козғалыссыз жатқан қаржыларын нақты секторды қаржыландыруға тарту мүмкіндігін туғызды.

Елорданы Астанаға көшіру елдің дамуына елеулі серпін берді. Мемлекетті бұрынғыдан тиімді басқару және өңірлік дамудың сәйкессіздігін реттеу үшін елдің географиялық байтағында экономикалық- саяси тартылыс орталығын құру қажет болды.

Геосаяси артықшылықтармен қатар елорданы көшіру ел экономикасы үшін орасан зор мультипликативтік тиімділік берді. Құрылыс өркендеуінің ұласпалы әрекеті барлық облыс орталықтарын қамтыды, олар бүгінде өзгеріп сала берді. Мұның өзі мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылуына, салалас өндірістердің дамуына жеткізді. Қысқа мерзімде қала айтарлықтай өзгеріп, мемлекеттің шынайы саяси орталығына айналды.

Он жылда нарықтық қатынастарға барлық салалар тартылды. Ауыл да бұдан тыс қалған жоқ, бірақ ондағы реформалар кешігіп жүріп жатты.

Барлық мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын ұжымдык, меншікке берілді, содан кейін жекешелендіру жүргізілді. Қиын, бірақ стратегиялық тұрғыда дұрыс жол таңдап алынды, ол ауылда нарықтық қатынастар жүйесін жасауға бастады.

Рынокқа берік бағдарланған фермерлер табы пайда болды. "Астық үшін айқас" кезеңдері ұмытылды. Соңғы үш жылда жұмыс ырғағындағы Қазақстан дәнді дақылдардың миллиард пұттарын өндіріп отыр. Бұл ретте егін жинау- себу науқандарына кеңестік уақытқа қарағанда жанар- жағар май материалдары 10 есе дерлік аз жұмсалады.

Алайда тұтастай алғанда жер мәселесі шешілмей калып келді.

Аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003-2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық- түлік бағдарламасының қабылдануымен  аграрлық сектордың тиімді қызмет етуінің негізін қалыптастыратын институттық тетіктерді іске косылды.

Жер кодексі айтарлықтай ауыр қабылданды. Бұл кездейсоқ емес еді. Жер мемлекеттің негізі болып табылады. Бүгінде ауылда қазақстандықтардың 43 % тұрады. Олардың әрқайсысының жерге деген өз қатынасы бар. Бұл мәселедегі пікірлердің қарама- қайшылығы да осыдан.

Бірақ та нарық мұндай текетірестерге төзбейді. Аграрлық сектор — бұл химия көсіпорындары, мәшине жасау, мұнай өнеркәсібі өнімдерін және қызмет саласын аса ірі тұтынушы екені көп ретте ұмытыла береді. Бұл салалардың бәрі дерлік тұтастай нарықка киліктірілген. Бірақ та дәл осыны аграрлық сектор туралы айтуға әлі болмайды, өйткені ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер нарықтық қатынастарға әлі киліктірілмеген.

Жерге деген ұқыпты қатынас жоқ кезде жеке меншікке деген кұрмет туралы айтылынбайды. Бұл проблеманы жерді жеке меншік иелеріне берген жағдайда ғана шешуге болады. Және де сөз жүзінде емес, іс жүзінде.

Біз жердің тозуы, жер қорының азуы дегеннің не екенін білеміз. Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады. Егер олар айналымнан шығарылса, өндірістік шығындар мен бағалардың, активтердің нарықтық құнын негіздей отырып анықтау, тұрлаулы ақша айналымы, шетелдік инвестицияларды кеңінен тарту, ипотекалык кредиттің дамуы мүмкін емес.

Осыны сезініп, түсіну бізге агроөнеркәсіптік кешен үшін, сондай-ақ бүкіл ел үшін аса маңызды Жер кодексін қабылдауға мүмкіндік берді.

Жерге деген жеке меншік және осы негізде еңбеккерлердің жаңа табын тәрбиелеу — аграрлық сектордағы өркенді өсудің негізі.

Енді ауыл шаруашылығына инвестициялар, жаңа технологиялар мен тиімді менеджмент келуі керек. Жердің сезімтал да қамқоршыл қожасы пайда болуы керек. Ал жеке меншік иелері мен инвесторлар ауылды нақтылы өзгерте алады.

Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Қазақстандық экономиканы ырықтандыру процесі кері жүрмейді. Ендігі жерде сөз осы жылдары талдап жасалып, байқап көрілген заңнамалық, нормативтік- құқықтық базаны нақты мазмұнмен толықтыру және түзету, оның елеуетін одан әрі дамыту туралы болып отыр.

Нарыққа көшу кезінде мемлекеттің экономикаға араласуы кілт шектелді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін кай жерде дербес еркін өсу жүріп жатқаны, ал қай жерде мемлекеттің елеулі қолдауынсыз, тікелей араласуынсыз болмайтыны айқын көрінді.

Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді үлғайту болып табылады. Мәселен, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мың занды тұлғаның 192,7  мындайы жеке меншік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98 %, өндеу саласында бұл үлес — 98%- ды; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5 % құрайды.

Көптеген экономикалық процестердің нақты катысушысы жеке меншік иесі болып отыр, тұрғын халықтың өзі де белсенді рөл атқарады. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез- құлық қалыптастырды, бұл меншік иесін сатып алушының сұраныстарына ғана емес, тіпті қыңырлығына да сергектікпен қарауға мәжбүр етеді. Біз жаппай кәсіпкерлік рух феноменінің — жаңа менеджменттің қаз тұруы үшін, нәрлі ортаның қалыптасуымен істес болып отырмыз.

Әсіресе шағын кәсіпкерліктің дамуы атап көрсетуге тұрарлық. Нақ осының дамуы, бірінші кезекте, осы заманғы нарықтық шаруашылық барған сайын өзі дамитын ашық жүйеге айналып, өзін-өзі реттейтін қабілетке ие болуда деп санауға негіз береді. Экономикалық қатынастардың жаңғыртылуы жалғасып жатқаны сөзсіз және жетілдіріле түсетін болады.

Әлемдік шаруашылық байланыстарына кірігуге қабілетті жаңа нақты экономиканы құру аса маңызды тағы бір міңдетке айналды. Экономиканы құрылымдық өзгертудің айтарлықтай жан қинайтын проблемасы бар болмысымен бой көтеріп тұр.

Оның бұрынғы құрылымы деформацияланған болатын, өндеу өнеркәсібіндегі көптеген бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сақталып қалды. Көптеген өндірістердің қалыптан тыс монополиялануы да тежеуішке айналды, мұның өзі олардың жинақылығына, шығаратын өнімдердің сапасына және өндірістің тиімділігіне, оның рентабельділігіне келеңсіз әсер етті.

Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқьі байланыстарды өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде валюта қорын толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның айырбастылығын күшейтуге мүмкіндік берді. Осылайша импорттық тауарлар үшін, шетелдік инвесторлар үшін қызықтырғыш ішкі рыноктың тартымдылығы артты, экономиканы тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалды.

Шетелдік инвесторлар мен біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай міндет емес. Негізінен олар өнеркәсіптің барынша тартымды салалары бойынша үйлеседі.

Мақсатты шаралардың нәтижесінде шетелдік күрделі қаржыны тарту жөнінде қолайлы ахуал қалыптастыру мүмкін болды. Шикі мұнай және ілеспе газ өндіру, қара және түсті металлургия секілді салаларға тікелей шетелдік инвестициялар 2003 жылы 2,7 млрд. доллардан астам болды.

Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі нәтижесінде қорлар ескіруінің келеңсіз үрдісін еңсеру мүмкін болды. Жаңару коэффициенті мұнай- газ өндіруде — 10,9 %- ға , металлургиялық рудалар өндіруде, металлургияда 6,6 %- ға жетті. Отын саласының, түсті және қара металлургияның үлесі үстем бола түсті.

Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді:

  1. Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1998 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда қазақстан ТМД- да 1- ші орынды алады.
  2. Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді.
  3. Әлемдік рынокқа шығу және әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмысты жазуды аяқтай келе мынадай қорытындыға келеміз:

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақы неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883- 1950 жж) мән берген. Оның айтқаны мынандай: Кәсіпкер болу- басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер- алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист  Сэй (1767- 18332 жж) былай деген, « Кәсіпкер- адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650- 1734 жж) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелдіоік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастыруға адам белсенділігін жатқызған.

  1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады:

Өндірістік кәсіпкерлік- тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтарын өндіретін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлік- тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Қаржылық кәсіпкерлік- коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату- сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Сақтандыру кәсіпкерлігі- кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің еркеше формасы.

  1. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
  2. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе ұжымның құрамы болуы керек.

Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық- құқықтық формалы кәсіпкерліктер құрылуда:

Шаруашылық серіктестік- толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен бір немес бірнеше мүшелері зиянының тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерінен жауап береді. Қосымша жауапкершілі бар қоғам қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді. Ашық және жабық акционерлік қоғам. Өндірістік кооперативтер- ерікті түрде біріккен қоғамдар. Унитарлы кәсіпорын- коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалды болады.

Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Әкімбеков С., Баймухаметов А.С., Жанайдаров У.А. «Экономикалық теория», оқу құралы, Астана, 2002 ж.
  2. Бердалиев Қ.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы: экономика, 2001 ж.
  3. Бисенғазиев М.Б. «Кәсіпкерлік негіздері», Орал, 2001 ж.
  4. Власова В.М. «Основы предпринимательской деятельности», Москва: Финансы и статистика, 2000 г.
  5. Под ред. Добрынина А.И., Л.С. Тарасевича «Экономическая теория», учебник для вузов, издательский дом «Питер», 2004 г.
  6. Дүйсенбаев К.Ш. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Оқу құралы, 2001 ж.
  7. Есентүгелов А. «Экономика өркендетуге бет алды» // Ақиқат, 2000 ж, № 5.
  8. Қинашева Ж. «Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің рөлі» // ақиқат, 2002 ж, № 2.
  9. Ләмбаева Н. «Кәсіпкерліктің әлеуметтік мамаңызы» // Қазақ тарихы, 2001 ж, №1.
  10. Мәдешев Б.Ы. «Нарықтық экономика теориясына кіріспе», оқу құралы, Алматы: экономика, 2000 ж.
  11. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», оқу құралы, Алматы: экономика, 2003 ж.
  12. Назарбаев Н. «Стратегия развития Республики Казахстан на период до 2030 года», Алматы, 2002 г.
  13. Назарбаев Н. «Болашақ ұрпаққа не қалдыратымызды ойлау керек» // Егемен Қазақстан, 2003 ж, 3 қыркүйек.
  14. Назарбаев Н. « Кәсіпкерлік- азаматтық қоғамның тірегі, тұрақтылықтың кепілі» // Егемен Қазақстан, 2003 ж, 1 қараша.
  15. Назарбаев Н. « Жаңа кезең- жаңа экономика» // Егемен Қазақстан, 2004 ж, 16 желтоқсан.
  16. Осипова Г.М. «Экономикалық теоиря негіздері», оқу құралы, Алматы, 2002 ж.
  17. Орешин В.П. «Государственное регулирование национальной экономики», Москва, 2001 г.
  18. Саханова А.Н. «Государство и бизнес», книга 1: Государство, предпренимательство и общество. Алматы: экономика, 2002 г.
  19. Таласбеков Ж. «Кәсіпкерлікті қолдау- мемлекеттің басты міндеті» // орталық Қазақстан, 2000 ж, 19 қаңтар.
  20. Шеденов Ө.К., Жүнісов Б.А., БайжомартовУ.С., «Жалпы экономикалық теория», Алматы, 2002 ж.

Похожие материалы