Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ (диплом жұмысы)

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ (диплом жұмысы)

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіру, өндіруші сектордың тиімділігі мен макроэкономикалық қайтарымдылығын едәуір арттыру қажет. Сондай-ақ әртараптандыру, инфрақұрылымдық дамыту және жоғары технологиялық одан әрі индустрияландыру негіздерін жасау арқылы Қазақстан экономикасының өсуі мен тұрлаулылығын басқаруға көңіл аудару қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің клубына қарай ілгерілеуі  үшін  Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту қажет.

Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің:

Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет;

Екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек [1].

Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi, шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге болады. Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.

Шикізаттық ресурстар өндірісі мен экспортын белсенді дамыту ұлттық экономиканың дағдарыстан шығуына және экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күннің басты стратегиялық міндеті – экстенсивтіге негізделмеген, жоғары технологиялы өндіріске және ұлттық экономикалық жүйенің жаңа ұйымдық құрылысының бәсекелі артықшылықтарына шығу есебінен экономиканың өсу сапасына көтерілу.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің орта мерзімді кезеңдегі стратегиялық мақсаты орнықты даму қағидаттарының негізінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады [2].

Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды. Бұл Қазақстанның таяу он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Диплом жұмысымның мақсаты - қазіргі экономикалық даму жағдайына сай экономика салаларын әртараптараптандыру және өңдеуші өнеркәсіптік кәсіпорындардың жоспарлау  мәселелерін зерттеу.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:

- экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың жоспарлау мәселелерін   қарастыру;

- Қазақстан Республикасында «FoodMaster» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. тиімділігін арттырудың өзекті мәселелерін анықтау;

- кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау;

- Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру тетіктерін анықтау;

-«FoodMaster» компаниясының жоспарын жақсарту жолында симплекс әдісін қолданып, оптималды шешімін табу,

- кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыру үшін нақты бизнес-жоспарды құру.

Зерттеу объектісі ─ «FoodMaster» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Диплом жұмысымның теориялық және әдістемелік негізін      кәсіпорынның жоспарлау  мәселелері және оны математикалық мадель арқылы оптималдау бойынша мәліметтерді отандық, бірқатар шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері, сүт өнімдері саласында қызмет ететін «ФудМастер» ЖШС-нің жылдық есептемелік құжаттары құрайды.

Диплом  жұмысының құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер көздерінен тұрады.

1 кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттырудың теориялық негіздері 

  • Нарық экономикасына көшудегі ең басты мәселелер  

Елбасының 2007 жылдың ақпанындағы Жолдауында көрсетілгендей: Біз мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқықтық мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайттық, өмір сапасы мен ұстындарын елеулі түрде өзгерттік. Біз ішкі тұрақтылыққа қол жеткіздік, дамудың әлеуметтік базасының сенімділігін қамтамасыз етіп, өңірдегі үздік экономиканы құрдық. Қазақстан өңірде геосаяси тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттерді атқаратын халықаралық қоғамдастықтың толыққанды және жауапты мүшесі ретінде орнықты [3].

Дегенмен оған жету үшін талай қиындықтарды бастан кешіруге тура келді. Ауқымды реформалар жүргізілді. Егемендіктің алғашқы жылдарында ең қиын жағдайлар экономика саласында болды, ең ауқымды реформалар да осы салада жүргізілді.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы реформалардың алғашқы басталар шағында алдымен экономикаға көңіл бөлу керек екендігін айтты. Егемендік алғаннан кейінгі іс-қимылдың ең басты бағыты, шешуші басымдылығы осы экономика саласы деп атап көрсетті. Бұл дұрыс пікір еді. Өйткені жеке басты ғана емес, әр елді, әр халықты тұрмыс билейді. Ал тұрмыстың негізі экономикада, оның тиімділігі немесе тиімсіздігінде. Сондықтан қоғам алдына қоятын мақсаттың, оның орындалуы ел экономикасының мүмкіндігіне байланысты. Саясат та экономиканың шоғырланған келбеті.

Егемендік алардың қарсаңында, Қазақстанда өндіріс­тің өңдеуші салалары өте мардымсыз да­мыды. Жер астынан алынған, жер үстіндегі байлық та басқа республикаларда, әсіресе, Ресейде өңделіп жатты. Сол кездері Қазақстан экономикасына керек құрал-жабдықтардың 3/4 бөлігі Одақтың басқа өңірлерінен келетін еді. Біз осындай Одақ экономикасына деген шексіз тәуел­діліктің, оның бұйымдарына деген үлкен мұқтаждықтың шеңберінде болдық [4].

Сонымен, республикааралық экономика­лық байланыстар үзілді, басқа жерлерден ке­ле­тін жабдықтар тоқтады, өз еліңде жасалған бұйымдар да бұрынғыдай басқа республика­лар­дан көлемді сұраныс таппады. Соның салдарынан республикадағы эконо­микалық кеңістік күрт шектеліп, азайды. Мысалы, 1992-1993 жылдары Қазақстан халық шаруа­шы­лығының көптеген салаларында кәсіп­орындардың жартысына жуығы, ал жеңіл өнеркәсіп пен кейбір өңдеуші салаларда 60-тан 80% дейіні жартылай жұмыс істеп немесе толық тоқтап тұрды. Елде жұмыс­сыз­дық барынша өсіп, экономика дағдарысқа кірді [2].

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары эконо­ми­ка­да орын алған қатты күйзелістің себебі мен сипаты осылар болды. Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жылдағы көлемі 40 пайызға жуық азайды. Осындай құл­ды­рау­дың 80% себебі елдің эко­но­микалық байланыстарының үзілуінен болды. Тек бізде ғана емес, басқа республикалардыңФ мамандары да осындай тұжырымға тоқтады.

Кешікпей нарыққа көшудің ауқымды реформалары басталды. Нарық экономикасына көшудің ең бас­ты мәселесі мемлекеттік мүлікті ыдыратып, меншікті жекешелендіру болды. Қай елде болса да бұл өте жауапты науқан, көптеген ел­дерде осы саладағы реформаларға жылдар емес, ондаған жылдар кеткенін әлем тарихы­нан білеміз. Үш-төрт кезеңмен жіктелген меншікті жекешелендіру науқаны бізде, Қазақстанда, 8-9 жылдың ішінде орындалды. 1995-1997 жылдар мем­лекеттік мүліктің 60%-на жуығы жеке­шелендірілді, 2001 жылы елдің жеке­мен­шік секторында кәсіпорындардың 74,4%, елдегі жұмыскерлердің 60%-нан артығы жұмыс істеп, олар респуб­ли­кадағы жалпы өнімнің 83%-ын шығарып отырды. Кейін бұл көрсеткіштер тағы да өсті. Ал қазір Қазақстан экономикасының қай саласын алсақ та олардың негізін қалайтындар жекешеленген кәсіпорындар мен ұжымдар [5].

Қазақстандағы жедел реформалар негізінде нарық экономикасы қалыптасты, олардың тиісті тетіктері жа­сал­ды, институттық орындары мен байла­ныс­та­ры құрылды. Даму үрдісінде тұрақтылық орнай бастады. Әлем экономикасында қа­лып­тасқан өркениетті үлгі негізінде шетел­дермен сауда-саттық қатынастары орнап, олар жылдан-жылға кеңейе бастады. Нәти­жесінде Еуропа Одағы, басқа елдер Қазақ­стан нарық экономикасының елі деп танып, мойындады.

1997-1998 жылдардағы әлемдегі, әсіресе, Оңтүстік Азия елдеріндегі, Ресей Федера­циясындағы қаржы саласындағы күйзелістер Қазақстанға да теріс әсерін тигізді. Деген­мен, 1999 жылы кейбір көріністері белгі бе­ріп, 2000 жылдан бастап Қазақстан эко­но­микасы үзбей тұрақты даму жолына шықты. Содан бері әр жылда республиканың ЖІӨ 10% шамасында өсіп, даму қарқыны жағынан ТМД елдерінің алдына шықты. Нәтижесінде, ЖІӨ-нің екі есе өсуіне жоспарла­ғанымыздай 10 жылда емес, 8 жылда қол жеткізуімізге мүмкіндігіміз толық бар [4].

Тұрақты даму жолы экономика саласын­да бұрынғыдан да ауқымды шаралар бел­гі­леп, оларды іске асыруға жол ашты. Қазақ­стан­ның табиғи байлығын, өндіргіш күш­те­рін, шетелдіктермен қатынастардан ту­ған мүм­кіндіктерді пайдалана отырып, жаңа эко­номиканы түбегейлі және жан-жақты жасақ­тау осы тұрақты даму жолына шығудан басталды.

Соңғы жыл мәліметтері тұрақты даму мысалы бола алады. 2005  жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті мемлекеттің ЖІӨ-дерінің жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 5 есеге жуық – 1994 жылғы 700 доллардан 2005 жылғы 3400 долларға дейін өсті. 2006 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсімі болжамды мәннен 2,1 пайыздық пунктке арта түсіп, 2005 жылғы деңгейге қарағанда 10,6%-ды құрады. Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2006 жылдың қорытындылары бойынша  5083 АҚШ долларын құрады.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 7%-ды құрады, өңдеуші өнеркәсіпте – 7,3%, тау-кен өндіруде – 7%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 7%-ды құрады. Көлік қызметтері 5%-ға, байланыс қызметтері 20,4%-ға ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6%-ға ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1%-ға ұлғайды.

Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ға, оның ішінде экспорттың көлемі 37,3%-ға, импорт 36,4%-ға өсті.

Жұмыссыздардың саны 2,4%-ға азайды. Жұмыссыздық деңгейі 2005 жылғы 8,1%-ға қарағанда 7,8%-ды құрады. Халықтың нақты ақшалай кірістері бағалау бойынша  10%-дан астам өсті.

Қаржы секторы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылды. Алдын ала деректер бойынша экономикаға кредиттердің көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82,7%-ға - 4736 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 2006  жылы  88,4%-ға ұлғайып,  2007 жылғы 1 қаңтарда 3115 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық Банк пен Үкімет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, 2006 жылы инфляция деңгейі жеткілікті түрде жоғары деңгейде сақталды – 8,6%. Инфляция өсімінің түйінді факторларының ішінде банк жүйесінің жоғары өтімділігі, кірістердің және халықтың тұтынуының өсуі, мемлекеттік бюджет шығыстарының едәуір қарқынды өсуі, инфляция импорты байқалып отыр.

Ұлттық қордың активтері 14 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Алтын-валюта резервтерінің көлемі олардың есебінен 33 млрд. АҚШ долларынан асты [4].

Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25  есеге жуық өсті; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе ұлғайды; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салым көлемі іс жүзінде 36 есе өсті. 2005 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің: мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жалақысының мөлшері орташа есеппен 30 пайызға ұлғайтылды. Қазіргі кезде Қазақстандағы жалақы ТМД елдерінде Ресейден кейін ең жоғарылардың бірі екенін атап өту қажет [6].

Қолымыз жеткен жетістіктер әрбір қазақстандықты қуантады. Алайда дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ­ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ­Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Осы кедергілерді жеңу үшін ашық экономиканы дамыту және оны жаңарта отырып жетілдіру қажет. Осы жөніндегі Қазақстанның басым міндеттерінің біріншісі - ел эко­но­микасында қазір орын алып отырған сыңар­жақтықтан шығарып, тек қана табиғи ресурстарды игере беру емес, өңдеуші сала­лар­ды, жаңа технология, техникамен жарақ­талған, өнімді өте терең өңдейтін өндіріс салаларын дамыту. Екіншісі – тек қана нарық экономикасы емес, оның әлемнің озық елдеріндегі ең тиімді үлгілерін енгізу, қазіргіден де жаңа, білім мен ғылым, ин­новациялық технологиялар негізінде жұмыс істейтін экономиканы жасақтау. Яғни  жаңа экономика құру. Жаңа экономика дегеніміз білім мен ғылым негізінде дамыған эконо­мика, яғни тек өнім, тауар шығаратын эко­но­мика емес, білімге білім қосып, ол ғылы­ми жаңалыққа айналып, ғылым жаңалығы жаңа технология туғызып, соның негізінде дамитын экономика. Сондықтан да ол бұ­рынғымен салыстырғанда дамудың ең тиімді жолы. Әлем тәжірибесіне сүйенсек, қазіргі таңда дамыған елдерде жаңа технология, жаңа білім негізінде ұлттық ішкі өнімнің 75-80%-ы жасалынады. АҚШ-та, Жа­по­ния­да, Германияда, Канадада, Швеция, Фин­ляндия, Норвегия елдерінде осы сипаттағы жаңа экономика жан-жақты дамып келеді. Осы жолға Азия елдері де түсу қамында.

Мемлекет басшысының соңғы екі Жолдауы осы олқылықтардың орнын толтыруға, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды шығаруға бағытталды. Президент ұлт алдына орасан үлкен мақсат қойып отыр: біз әлемнің бәсекелестікке қабілетті ең мықты деген 50 елінің қатарына кіруіміз керек. Бұл нақты және шынайы мақсат. Қазір біз бәсекелестік қабілет жағынан Ресейден кейін тұрмыз. Әлемнің бәсекелестікке қабілеті алғашқы 50 елінің қатарына қосылу үшін — бәсекелестік қабілет бойынша жоспар қажет.       Елбасы Жарлығымен Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында келешекке есептелген бірнеше бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Қабылданған бағдарламалардың бастысы ретінде  Қазақстан Республикасының Индустриялық- инновациялық дамуының  2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын атап айтуға болады.

Бұл Стратегия Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.Тұтас алғанда Стратегияны iске асыру үш кезеңде: бiрiншi - 2003-2005 жж., екiншi - 2006-2010 жж., үшiншi - 2011-2015 жж. жүзеге асырылады. Бiрiншi кезең (2003-2005 жж.) басты түрде дайындық сипатындағы iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа заңдар әзiрлеу, инвестициялық және инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк институттар құру, мамандарды даярлау, мемлекеттiң қатысуымен iске асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау көзделедi.

Екiншi кезең (2006-2010 жылдар) Стратегия iс-шараларын экономиканың барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Бұл халықаралық стандарттар бойынша ғылым мен техниканың жетiстiктер негiзiнде қуаттарды құру, сондай-ақ қажеттi мамандарды даярлау жөніндегі мәселелерiн кешендi шешуге мүмкiндiк бередi.

Жеке сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк қаржы институттарының қаржы ресурстары бiрыңғай бағытта жұмыс iстеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта жаңғырту, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды кеңейту және жаңа өндiрiстер құру проблемаларын кешендi түрде шешедi. Бұл ретте iрi, орта және шағын кәсiпорындарды үйлесiмдi дамыту қамтамасыз етiледi.

Кейбiр кәсiпорындар құру нормаларын ескере отырып, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асырудың алғашқы нәтижелерiн көредi. Экономиканы әртараптандыру саласындағы бiрқатар iлгерiлеуге қарамастан экономиканы дамыту негiзiнен мұнай мен газды өндiру және экспорттаудың өсiмi есебiнен қамтамасыз етiледi.[7]

Болжам бойынша 2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ЖIӨ екi еселенуi саласындағы стратегиялық мақсат мұнай мен газды өндiрудi дамыту қарқынының өсуi есебiнен iске асады.

Yшiншi кезең (2011-2015 жылдар) Стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң және экспорттаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру жүредi.[1]

Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу кезінде күтілетін нәтижелерді атап өтсем. Экономиканың өсу қарқыны жылына кемiнде 8,8-9,2%-ды құрайды. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8 еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе  төмендетуге мүмкiндiк бередi.

Стратегияны iске асыру:ЖIӨ құрылымында өнеркәсiптiң үлестiк салмағын 2015 жылы 46,5%-тен 50-52%-ке дейiнгi мөлшерде ұлғайтуға;

ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми- инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9%-дан 2015 жылы 1,5-1,7%-ға арттыруға;

ЖIӨ құрылымында өңдеушi өнеркәсiп үлесiнiң төмендеу қарқынын 2000 жылғы 13,3%-тен 2015 жылы 12-12,6%-ке дейiн төмендеуiн бәсеңдетуге (салыстыру үшiн бұл көрсеткiш индустриялық саясат жүргiзiлмесе, 2015 жылы 10,9%-тi құрайтын едi).

Сонымен қатар Стратегия iске асырылмаса, өнеркәсiптiк өндiрiстегi кен өндiру салаларының қосылған құнының үлесi, оның iшiнде мұнай өндiру 2000 жылғы 31,0 және 25,6% қарағанда 2015 жылы тиiсiнше 55-56% және 50-51%-ке жетуi мүмкiн. Стратегияны iске асыруды есепке алғанда кен өндiру кәсiпорындары 46-47%-тi ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiс орындарының үлесi 2000 жылғы ЖІӨ 0,1%-нен 2015 жылы 1-1,4%-ке дейiн артады.[2]

Өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының құрылымында сапалық өзгерiстер болады. Металлургияның және металдарды өңдеу үлесi өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының жалпы көлемiнiң 40,1%-нен 27-28%-ке дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу үлесi 38,1%-тен 45-46%-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өнiмнiң үлесi 2000 жылғы 0,6%-пен салыстырғанда 9-11%-тi құрайды.[1]

Стратегияның бірінші кезеңінде  Қазақстанның даму банкі, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі корпорация сияқты даму институттары құрылды. Осы институттардың қызметтеріне тоқталсам,       Қазақстанның инвестициялық қорының (ҚИҚ) мақсаты Қазақстанда да, шет елдерде де кәсiпорындардың жарғылық капиталына үлестiк және бақылаусыз қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың шикiзаттық емес секторындағы бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып табылады. Қазақстанның Даму Банкiнiң негiзгi мiндетi ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi төмен проценттi банк кредиттерiн, оның iшiнде экспорттық кредиттер беру арқылы, сондай-ақ басқа кредиттiк институттар беретiн заемдар мен кредиттер бойынша кепiлдi мiндеттемелер беру арқылы жеке сектор мен мемлекеттiң бастамаларына (инфрақұрылымдық жобалар бөлiгiнде) қаржылай қолдау көрсету болып табылады.

Ұлттық инновациялық қордың (ҰИҚ) мақсаты- технопарктер, бизнес-инкубаторлар салу, венчурлы қорларды ұйымдастыру. Қазіргі кезде ҰИҚ - ның құрамында 9 венчурлы қордың қаржысы бар, олардың бесеуі отандық та қалған төртеуі- шетелдік.[4]

Қазіргі кезде Қазақстанда венчурлық қор жүйесін қалыптастыру үлкен маңызға ие болып тұр, бұл әсіресе заңдық шығармашылық барысында өте тиімді.

ҰИҚ өз жұмысының төрт бағытын анықтады; мұнай-газ секторына технологиялық қызмет көрсету, информациялық технология, ауыл шраушылығы өнімдерін қайта өңдеу. Сондай-ақ биотехнология мен фармакология саласында да жұмыстар жүргізу. Бұл мақсаттарға қаржының жетпіс пайызы бөлініп отыр. Қалған ақша ұқсас технологияларға, энергетикаға, нанотехнологияға, космостық технологияға жұмсалатын болады.

ҰИҚ түрлі деңгейдегі талдау жұмсытарын жүргізу, «Озық жетістіктер орталығын құру», экономиканың нақтылы секторымен тығыз байланыс орнатып, озық жетістіктерді ғылым мен техниканы дамытуға кеңінен пайдалану мақсатында Бүкіләлемдік банкпен бірлесіп жұмыс істеуде. Бұл жоба 2005 жылы Қоғамдық форумда қабылданған болатын.[8]

Қор өз жұмысын Азаматтық зерттулер мен талдаудар жасау жөніндегі белгілі американдық қормен байланыс орнатып, қазақстандық қор ғылыми- зерттеу бағдарламасын да жасады. Осының барысында бірігіп түрлі семинарлар, жиналыстар, ғылыми- зерттеу шараларын жүргізу жөнінде өзара келісімге қол қойылды. ИНТАС Европалық Одағымен бірлесе отырып, 2006 жылы ҰИҚ инновациялық гранттардың халықаралық байқауын өткізді. Оның бюджеттік қоры 500 мың евро болды. Бұл қаржы екі жақтан бірдей бөлінді. Осы байқау барысында 10 жоба қабылданып, оларды іске асыру үшін 50 мың евро бөлінді.Жобалардың мерзімі- бір жылдан үш жылға дейін. Кейін, тәуелсіз талдау жасаушылар түскен жобаларды ғылыми жағынан зерттеп, нәтижесінде үш жоба ғана қаржыландырылатын болды. ҰИҚ жүргізіп отырған бұл байқаулар еліміздің инновпациялық дамуының қайнар көзіне айналады десек, артық айтқандық емес. Ең алдымен бұл жас, тәуелсіз мемлекетіміздің халықаралық аренада беделін көтеруге септігін тигізеді.

Соңғы кездері қор шетелдік КИСО - систем, КИФАЛ және басқа да технологиялық компаниялармен байланыс жасауда. Германиядағы және Ресейдегі Мәскеу мемлекеттік университеттерімен қолданбалы технологияларды Қазақстанда дамыту мақсатында келісім шаралар жүзеге асты. Бұл екі үлкен серіктестер қорға аса үздік технологияларды тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетеді, ғалымдарды тәжірибе- конструкторлық жұмыстаға кеңінен тартатын болады. Жалпы инновациялық ұлттық қор қосымша құн алу мақсатында ізденістер жасап, жоғары технологиялық жобаларды еліміздің индустриясына енгізуге ұмтылатын болады.

ҰИҚ-ның қазіргі кезде алдында тұрған бірден-бір міндеті - ғылым мен инновация саласында Қазақстан және ЕС аймағында орасан зор жұмыстар жүргізу. Осы мақсатта Европалық Комиссияның Қазақстандағы өкілдіктерімен келіссөздер жүріп жатыр.

Қор ең үздік инновациялық шешім жасау жөнінде байқау ұйымдастыруда, оның жүлдегері 50 мың доллар көлемінде сыйақы алатын болады. Сондай-ақ ең үздік экологиялық жобаға да конкурс ұйымдастырылды, оның құны - 25 мың АҚШ доллары. Сондай–ақ Сауд Арабиясының Мұнай университетінде магистратура және докторантурада оқу үшін де грант бөлінді.

Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорацияның негiзгi мiндетi саяси және регулятивтiк қатерлердi сақтандыру және қайта сақтандыру арқылы қазақстандық өндiрушiлердiң тауарлары мен қызметтерiнiң экспортына тiкелей жәрдемдесу болады. Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация қазақстандық өнiмнiң экспортын дамыту, ықтимал өткiзу рыноктары туралы ақпаратты зерделеу және кейiннен тарату үшiн маркетингтiк зерттеулер жүргiзетiн болады. Бұл жалпы әлемге танылған тәсiл болып табылады әрi қаржылық және әкiмшiлiк тұрғыдан алғанда экспорттық трансакцияларды жеңiлдетуге тиiс. Отандық сақтандыру рыногының өсуi және оның экспорттық-импорттық операциялармен байланысты тәуекелдердi сақтандырудың дайындығы бойынша Экспортты сақтандыру корпорациясы коммерциялық сақтандыруды қысқартып, саяси тәуекелдердi сақтандыру мен халықаралық рыноктар туралы коммерциялық ақпаратты таратуға баса назар аударатын болады [9].

Қазақстанда 2015 жылға дейінгі кезеңде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудың тетігі кластерлерді пайдалану.

Президент Жолдауында осы заманғы ғылыми орталықтар мен «технологиялық парктер» құру мен дамыту, жаңа технологияларды игеру үдерісіне қолдау көрсету мен кадрлардың білігін бағдарлаудың икемді жүйесін жасауға айрықша маңыз берілді. Материалдық базасының артта қалғанына қарамастан Қазақстан ғалымдары өнеркәсіптің көптеген салалары үшін бәсекеге қабілетті технологиялық жетістіктерді жасап шығарды. Мына жағдай оған дәлел бола алады, 2002 жылға дейін ғалымдар жаңа жабдық сатып алған емес. Бірақ соған қарамастан, көптеген салада, айталық, тау-кен - металлургия кешенінде, мұнай-химиясы, биотех­нология, ядролық және ғарыштық технология салаларында айтарлықтай жетістіктерге ие болып отыр.  Біріккен Ұлттар Ұйымының академиялық институттар миссиясы 1995 жылы технологияларға ішінара сараптама жүргізгенде қазақстандық ғалымдардың 23 жұмысы әлемдік деңгейде жоғары бағаланды.

Үкімет 2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру мен дамыту бағдарламасын бекітті. Бұл Бағдарла­маның басты мақсаты – отандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми әлеует пен технологияларды пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті түпкі өнім шығаруды қамтамасыз ету. Осы бағдарлама негізінде университеттер мен технопарктер жанынан бизнес-инкубаторлар жүйесін құру көзделген. Өңірлік және ұлттық технопарктерді ашу, еліміздегі кәсіпорындардың мүмкіндіктері және олардың инновациялық мақсатта қажеттілігі туралы деректерді жинақтайтын “виртуалды технопарк” құру ісі де сол бағдарлама шеңберінде жүзеге аспақ. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту және инновациялық жобаларды жүзеге асыру мақсатын­да былтыр даму институттарының жарғылық қоры көбейтілді. Тұтастай алғанда 2004-2005 жылдары республика бойынша қаржыландыру көздері есебінен 1,5 млрд. АҚШ долларына жуық сомаға 395 жоба іске асырылды. Олардың 83% экономиканың өңдеуші салаларында жүргізілді. Нәтижесінде 18 мыңдай жұмыс орны ашылды. Венчурлық индустрияны енгізудің арқасында Кассат қазақстандық спутнигі ұшырылды. Стратегия қабылданғанға дейін елімізде 19 технопарк пен 16 бизнес инкубаторлар жұмыс істеп, экономикамыздың дамуына өз үлестерін қосқан, Солтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласында тағы да 4 өңірлік технопарк құрудың техникалық негіздемесі әзірленген. «Инжиниринг және тхнологиялар трансферті орталығы» дейтін акционерлік қоғам ізденісімен Орал, Қарағанды, Алматы қалаларында өңірлік технопарктер іске қосылды [18].

Дәл осы бағыттар Қазақстан экономикасының жаңа өсу нүктелері болатындығы даусыз. Осы кластерлерді, мұнай-химия саласын, оларға ықпал етуші ғылымды  дамыту арқылы біз әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызмет түрлерін ұлғайта аламыз.

1.2. Кәсіпорындардың экономикалық тиімділік көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар

Кәсіпорын тиімділігі – белгілі бір уақытта өндіріс ресурстарының барлығын пайдаланғандағы соңғы нәтижелердің кешенді немесе жалпы көрінісі.

Кәсіпорын тиімділігі шығындардың ең төмен деңгейін сақтай отырып, еңбек өнімділігін жоғарылатуды, өндірістік қуаттарды, шикізат пен материал ресурстарын толық пайдалануды және ең жоғары нәтижелерге жетуді сипаттайды [10].

Экономикалық тиімділікті бағалау үшін өндіріс нәтижелері шығындармен салыстырылады:

Тиімділік ═ Нәтиже / Ресурстар (Шығындар)

Өндіріс нәтижелері деп өндірістің пайдалы соңғы нәтижесін түсінеміз. Ол келесі түрлерде болады:

1) натуралды және құндық сипаттағы өнім көлемімен өлшенетін өндірістік үрдістің материалды нәтижесі;

2) кәсіпорын   қызметінің   халықшаруашылықтық нәтижесі. Ол тек шығарылған өнім санын ғана емес, сонымен қатар оның тұтынушылық құнын да өз құрамына кіріктіреді.

Белгілі бір уақыт кезеңіндегі кәсіпорынның өндірістік – шаруашылықтық қызметінің соңғы нәтижесі болып таза өнім саналады, яғни жаңадан құрылған құн. Ал коммерциялық қызметінің қаржылық нәтижесі болып пайда саналады.

Өндіріс тиімділігін өлшеу экономикалық тиімділік критерийлерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл экономикалық тиімділік кәсіпорыннан жалпы халық шаруашылығына дейінгі барлық сатыларда біркелкі болу керек.

Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы (шығындарының) арақатынасы экономикалық өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу қарқынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді [11].

Өндірістің экономикалық тиімділігінің жеткілікті жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне өтуге жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан-жақты интенсивтендіру – оның тиімділігін арттырудың шешуші себебі. Сөз ең алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің қайтарымын арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы болып отыр.

Өндіріс тиімділігі көрсеткіштердің бір-бірімен байланысқан жүйесінде нақты сандық мағынаға ие. Бұл көрсеткіштер өндірістік үрдістің негізгі элементтерін пайдалану тиімділігін сипаттайды. Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі келесі қағидаларға сәйкес келуі керек:

-өндіріс тиімділігінің нақты көрсеткіштерінің жүйесі мен критерийлері арасындағы байланысты қамтамасыз ету;

- өндірісте қолданылатын ресурстардың барлық түрлерін пайдалану тиімділігінің деңгейін анықтау;

- басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі өндіріс тиімділігін өлшеуді қамтамасыз ету;

- өндіріс тиімділігін жоғарылатуға бағытталған өндірісішілік резервтердің мобилизациясын ынталандыру.[8]

Аталған қағидаларды ескере отырып өндіріс тиімділігінің көрсеткіштерінің келесі жүйесі анықталды:

1 Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері

Бір еңбеккерге шаққандағы орташа жылдық шығарым ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Еңбеккерлердің орташа тізімдік саны

Бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық шығарым ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Жұмысшылардың орташа тізімдік саны

Бір жұмысшыға шаққандағы орташа күндік шығарым ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Барлық жұмысшылардың еңбек еткен күн саны

Бір жұмысшының орташа сағаттық шығарымы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Барлық жұмысшылардың еңбек еткен адам-сағат саны

Қор қайтарымдылығы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны

Қор сыйымдылығы ═ Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны / Өнімді өткізуден түскен түсім

Материал қайтарымдылығы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім / Шығындалған материалдар ресурстарының орташа құны

Материал сыйымдылығы ═ Шығындалған материалдар ресурстарының орташа құны / Өнімді өткізуден түскен түсім

Базистік деңгеймен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруінің өзгеруіне нақты мына себептер ықпалын тигізеді:

*бір жұмысшының орташа жұмыс күнінің саны;

*жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;

*бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіруі.

Орташа жылдық және орташа күндік өнім өндіру бойынша жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық, жұмыс уақытының толық күндік жоғалуын  немесе есеп беру кезеңіндегі бір жұмысшының істеген жұмыс күні санының өскенін бейнелейді. Орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру бойынша жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық ауысым ішінде жоғалту болуымен немесе керісінше, күні бойғы жұмыс уақытының ұзақтығы артқанымен байланысты болуы мүмкін.[9]

Қор қайтарымы – негізгі өндірістік қорларды пайдалануды қорытындылаудың көрсеткіші. Оның шамасы мен динамикасына кәсіпорынға байланысты және байланыссыз себептер әсер етеді. Шаруашылықты интенсивті жолмен жүргізу негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының 1 теңгесіне өнім шығаруды жүйелі көбейтуді болжайды, оған механизм, машина мен жабдықтардың өнімділігін арттыру, олардың босқа тұруын азайту, техниканы оңтайлы жұмыс істету, негізгі өндірістік қорларды техникалық мейлінше жетілдіру арқылы жетуге болады.

Шаруашылықпен айналысушы субъект қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіш, материал қайтарымы болып табылады, ол тауар өнімі құнының жұмсалған материалдық ресурстар құнына қатынасымен анықталады. Бұған кері көрсеткіш – материал сыйымдылығы, оған жұмсалатын материал сомасы мен тауар өнімі шамасына әсер ететін себептер ықпал жасайды.

2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Қаржылық  тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады.

Тәуелсіздік коэффициенті - меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесін сипаттайды. Ол бойынша кәсіпорынның қаншалықты деңгейде қарыз қаражатқа тәуелді екендігін және меншікті қаражатын қалай пайдаланатынын білуге болады.

Тәуелділік коэффициенті – қарыз қаражаттарының жиынтық капиталдағы үлесін сипаттайды. [11]

Қарыз және меншікті құралдардың арақатынасы – кәсіпорын активтерінің қай бөлігі қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылғандығын көрсетеді, 1 теңгеге қанша қарыз тартылғандығын көрсетеді.

3 Кәсіпорын активтерінің өтімділігін мен төлем қабілетін бағалау көрсеткіштері. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, активтер мен міндеттемелер арасындағы жалпы сомасы бойынша, келіп түсу уақыты бойынша әрдайым теңдікті өтімділік көрсетеді. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Ал кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.

Абсолютті өтімділік коэффициенті - баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Жедел өтімділік көрсеткіші – ағымдық міндеттемелердің қандай бөлігінің тек ақша қаражаттары есебінен ғана емес, сонымен қатар жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет, тиелген өнім үшін келіп түсетін түсім есебінен өтелетіндігін көрсетеді.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті – ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарын сату жағдайындағы төлем мүмкіндігін көрсетеді.

4 Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Өткізілген өнімнің рентабельділік коэффициенті

Қордың рентабельділік коэффициенті

Негізгі қызметтен алынатын табыс.

Сату көлемінің табыстылығы коэффициенті

5 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттерінің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті - жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді.

Негізгі құралдардың айналымдылығы қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі өндірістік қорларын пайдалану тиімділігін сипаттайды.

Меншікті капиталдың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді.[12]

Тиімділіктің өсуіне әсер ететін факторлар:

Өнеркәсіптегі экономикалық тиімділік деңгейі бір-бірімен байланысқан факторлардың көптүрлілігіне байланысты. Өнеркәсіптің әрбір саласы үшін тиімділіктің арнайы факторлары сәйкес келеді. Бұл оның технико-экономикалық ерекшеліктеріне байланысты.

Тиімділіктің өсуіне әсер ететін факторлардың барлығын үш белгі бойынша классификациялауға болады:

1) тиімділікті жоғарылату көзіне байланысты, олардың негізгілері: өнім өндірісінің материал-, еңбек-, қор-, капитал сыйымдылығын төмендету, табиғат ресурстарын рационалды пайдалану, уақытты үнемдеу және өнім сапасын жақсарту;

2) өндірісті жетілдіру және дамытудың негізгі бағыттары бойынша, оларға: ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату, өндірістің технико-экономикалық деңгейін жоғарылату, өндіріс құрылымын жетілдіру, басқарудың ұйымдастырушылық жүйелерін енгізу; өндірісті жоспарлау мен мотивацияны, еңбек қызметін ұйымдастыру әдістері мен түрлерін жетілдіру жатады;

3) өндірісті басқару жүйесіндегі сату деңгейі бойынша, ал осы жердегі өндіріске байланысты факторлар келесі түрлерге бөлінеді:

А) ішкі (өндірісішілік), олардың негізгілері: өнімнің жаңа түрлерін ойлап табу; механизациялау және автоматизациялау; жаңа құрал-жабдықтар мен прогрессивті технологияларды енгізу; шикізатты, материалды, сондай-ақ отын мен энергияны пайдалануды оңтайландыру; басқару стилін жетілдіру;

Б) сыртқы – бұл өндіріс пен өнеркәсіптің салалық құрылымын жетілдіру, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаты; нарықтық инфрақұрылым мен нарықтық қатынастарды қалыптастыру.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Маңызды факторлардың бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге, тек таза табыстың көлемі ғана емес, оны тарату құрылымы, әсіресе, өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, қаржылық тәуекелдік те өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? – деген қауіп туады.

Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады: - кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі; - төленген жарғылық капиталдың мөлшері; - шығындардың көлемі, олардың олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы; - қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы; - кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.

Сондай-ақ бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта – облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын банктер осы кәсіпорынға несие беру орында ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.

Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісімшартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе, салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады [10].

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін бағалайды.

1.3 Кәсіпорындағы жоспарлаудың ролі мен орны 

Бастапқыда айтылғандай, яғни нарық экономикасына көшу кезіндегі мәселелер кәсіпорынның тиімділігінің өсуіне әсер етеді,  кәсіпорынның тиімділігінің өсуі үшін жоспарлауды жетілдіру керек. Алайда бізге анығы кәсіпорынның жоспары әрқашанда дәлме –дәл келмейді, яғни әрқашанда ауытқушылық мәселесі туады.  Демек кәсіпорын үшін жоспарлаудың маңызы зор. Қандайда бір істің бастар алдында кәсіпкер  өзінің не істейтінін қандай мерзімге қандай әдістермен және оған қандай құралдар қолдану қажеттгін ойлап алу қажет, керсінше жағдайда оның іс-әрекеті жүзеге аспау керек. Кез-келген мақсат бағыттылық қызметті басқарудағы бірінші және негіз қалаушы стадиясы болып мақсат қою процесі және оны жүзеге асыру әдістерін табу.[15]

Алдын ала көру, жоспарлау болжамдау процестерін мақсат қою стадиясына жатқызуға болады. Кәсіпорынның басты мақсатына арналған идеалды өндірістік моделді құру қортынды стадия болып табылады.

Кәсіпорынды басқару процесі үрдісі көптеген функциялардан арқылы құралады. Функциялар түрлері жоспарлау мен болжамдау; ұйым, ұйым реттеу, бақылау және тандау. Әр функция басқару обектісіне әсер ететін ақпараттар мен тәсілдерін жасау технологиялық үрдістермен сипатталады.

Басқару фунциясы әрқашанда басқару мақсатына жетуге бағытталған. Басқару функциясы жоспарлаумен, болжау функцияның шегінде қалыптасады. Сондықтан жоспарлау мен болжау функциясы басқару жүйесінде артықшылық болып табылады.

Басқару процестері техникалық процестің өзара әрекетін қамтамассыз етеді деп те айтуға болады және де осы өзара әрекет технологиялық және ұйымдық болуы мүмкін. Өндіріс технологиясында шығарылатын бұйымның , материалдың, өңдеу режимінің, құрал – жабдықтардың және т.б модельдері мен құрылымдары үйлеседі. Технологияға қарағанда, өндірістік ұйым барлық өндірістік кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін уақытта және кеңістікте үйлестіреді (цехтерді,учаскілерді,жұмыс орындарын және т.б)

Өндірістік процестің құраушы бөліктері өзара храналогиялық (алғашқы процестің нәтижесі келесі процестің бастапқысына қызмет етеді) және ирархияға (жоғарғы сатыдағы процестер төмегі сатыдағы процестерге  белгілі бір шектеулер қояды) байланысты, бұл кәсіпорында жоспарлаудың обьектісі болып табылады.

Құрамына қарай өндірістік процесс, жоспарлау обьектісі ретінде негізігі, көмекші және қызмет етуші еңбек процестерінің өзара байланысты жиынтығын көрсетеді .Негізгісіне, өнімді дайындау процесі жатады, ол кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын және сәйкесінше кәсіпорынның мамандануын құрайды .Негізгі өндірістік процестің  жиынтығын құрап, өзін кәсіпорын жоспарлауында негізігі обьектісі ретінде ұсынады.Оның негізгі мақсаты- өзара 3 кезеңді үйлестіру:дайындаушы, өңдеуші және жинаушы.

Көмекші прцестерге өнімді дайындаумен айналысатын және кәсіпорынның негізгі өндірісінде тұтынылатын процестер жатады.Мұнда технологиялық құралдар, штамптерді, модельдерді дайындау кіреді. Көмекші процестердің жиынтығын көмекші өндіріс құрайды, бұның құрамына аспаптық, жөндеуші, энергетикалық және тағы басқалары кіреді.Осы жұмыстың жоспары негізгі өндіріспен тығыз байланыста өндіріледі және өз бетінше обьект болып табылады.

Практика жүзінде ішкіфирмалық жоспарлаудың негізгі және қосымша үрдістері нақты жағдайда жай және күрделі болып бөлінеді.

Жай деп- күрделі емес еңбек құралдарын жасау үрдісі, сонымен қатар жеке алынған құрастыру үрдістерін айтамыз, мысылы, детальдарды жасау, бірліктерді құрастыру және тағы басқалары. Жай үрдіс бұйым жасау кезіндегі қатарлы тізбектес операциялар болып табылады.

Күрделі үрдіс деп- жай үрдістерді уақытында және орнында орындау кезіндегі координаталған жиынтық.

Жай үрдістерді жоспарлау кездегі негізгі элемент ретінде операциялар алынады. Операциялар адам арқылы (еңбектік операциялар) және адамсыз да  (табиғи операциялар) жасалады. Табиғи операцияларға  мысал ретінде беттерді бояғаннан кейін олардың кебуі, құймалардың ескіруі, соғылған дайындаулар суын жатқызуға болады..

Қызмет көрсетуші  үрдістер негізгі өндіріске өндірістік қызметтерді қосады. Оған транспорттық қызметтер, материалдар мен жартылай фабрикатарды қоймалау және сақтау, негізгі және қосымша өндірісте қолданылатын құрал, инструмент, құрылғылардың нақтылығын бақылау және т.б.

Негізгі, қосымша, қызмет көрсету үрдістері құрамы мен өзара байланыстары қажетті жоспарлы шешімдерді қабылдау үрдісі кезінденгі қалыптасатын , қолдайтын және дамитын өндірістік үрдістердің құрамын құрайды.

Кәсіпорында жоспарлау кезінде өндірістік үрдіспен қатар тәжірбиелі үрдіс маңызды болып табылады. Оған бұйымдардың тәжірбиелік үлгілері, стандарттық пен техникалық жағдавйларды қажет етілуіне дейін жобалайтын көліктердің сыны мен жеткізулерін, сериялық өндірісті  заодтың тәжірбиелі үлгілердің өткізілуі жатады.

Кәсіпорында жоспарлау кездегі техникалық үрдіспен бірге маңызды обьект болып басқау үрдісі табылады. Ол өндірістік үрдістің құраушы бөлігі және оның локальдік үрдісінің бірі. Қазіргі өндірістік үрдістің ұйымдастырушы үрдісі кезінде ұйымдастырушылық басқару бағытталған және  кәсіпорынның шаруашылық қызметі дербес облысын ұсынады. өндірістік үрдістер басқарушы обьекте орындалады, ал басқарушылық – басқару жүйесінде  (басқару субьектінде) өндірісті басқару үрдісі ақпараттық үрдістердің активті техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік -  психологиялық жиынтықтан тұрады. Сыртқы ерекшеліктерге қарамастан, оларды жалпы бір мақсат біріктіреді - өндірістік үрдістерді қарапайым  материалды функцианалдықпен қамтамасыз ету, осы мақсатқа жету матиериалдық өндірістік өндіріске мақсаттарды қою (техникалық, экономикалық, әлеуметтік) арқылы әсер ету, сонымен қатар қажетті ресурстармен қамтамасыз ету арқылы оларға жету жолдары зерттеу және мақсаттарды орындау мен ресурстарды шығындау кезіндегі оларды бақылау  арқылы жетуге болады. Басқарушы  (ақпараттық) және материалдық өндірістік үрдістер арасындағы және ақпараттық үрдістердің ішінде өзара қарым қатынас басқару функциясының ең маңызды жоспарлау арқылы жасалады.

Кәсіпорындағы барлық өндірістік және басқарушылық процестері нақты бөлімшелерде орындалады (цехтар, өндірістік учаскелер, жұмыс орындары, қызметтері, бөлімдері, т. б.). Сондықтан, функционалдық процестермен қатар, кәсіпорындағы жоспарлау объектісі болып оның құрылымдық бөлімшелері табылады[16]

Жалпы түрде жоспарлауды шешім қабылдау үрдісі ретінде анықтауға болады,ол болашақ іс - әрекеттің алдында болады.Жоспарлау қорытындысы болып, басқару органының шешімі болып табылады. Жоспарлау процесінде болашақ іс - әрекеттің альтернативті нұсқалары қаралады және бағаланады, олардаң ішінен жақсысы таңдалады. Барлық төменгі деңгейдегі басқарушылар өзінің жоспарын құрау үшін, басшы шешімі ұйымдық ирархиялық сатымен беріледі. Сонымен, жоспарлау күтілген жағдайға іс - әрекеттің түрлі альтернативті нұсқаларын мақсатты бағытталған салыстырмалы бағалау жолымен кәсіпорын жұмысшыларының мақсаттары, құралдары және іс - әрекеттері туралы шешімдерді дайындау процесі.

Жоспарлы шешім қабылдау әрқашан ресурстарды пайдаланумен байланысты. Жәй сөзбен айтқанда, жоспар – кәсіпорын ресурстарын пайдаланудың қандайда бір нұсқасы. Сондықтан кәсіпорын ресурстары кәсіпорындағы жоспарлаудың пәні болып табылады. Ресурстарды жоспарлау мақсаты оларды қолдануды тиімді жасау. Ресурстарды жоспарлау олардың шығындары деңгейін, пайдалану бағыттары мен мерзімдерін, тұтыну режимін рецептура мен қоспадағы ресурстардың өзара ауысуды, өнімдегі ресурстардың комбинациясын және т.б бекітуді қарастырады.

Ресурстардың классификациясы әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ жоспарлау тәжірибесінде жоспарлауды келесі топқа бөлуге болады:

Еңбек ресурстары кәсіпорын жұмысына қажетті біліммен ой қабілеттіліктері, физикалық дамуы бар елдің жұмысқа қабілетті халқы.

Сандық бағалау еңбек ресурстарының сандық көрсеткіштері арқылы көрсетіледі. Еңбекке қабілетті халық екі топтан тұрады: экономикалық активті және экономикалық активті емес.

Экономикалық активті халыққа: халық шаруашылығы жұмысшылары; өзін - өзі жұмыспен қамтамасыз етеін жұмысшылар; балаға қарау үшін демалыстағы  әйелдер; әскери қызметкерлер және пособье алатын жұмыссыздар кіреді.

Экономикалық активті емес халық табына: еңбекке қабілетті жастағы оқитындар; еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан мүгедектер; еркіндігінен айырылған тұлғалар; еңбек нарығына шыға алатын, бірақ уақытша жұмыс істемейтін еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар жатады.Экономикалық активті және активті емес халық саны арасындағы қатынас әлеуметтік – экономикалық , саяси, демографиялық факторлар қатарына тәуелді.

Еңбек ресурстарының сапалы құрамы денсаулық дәрежесімен психо физиологиялық потенциялмен; білім және квалификация деңгейімен ; жүмысшылардың жыныс және жас құрамымен; жұмысшылардың әлеуметтік ержетуімен қызығушылықтарымен және тб. сипатталады.

Негізгі өндірістік қорлар – бұл өндіріс процесіне ұзақ уақыт бой қатысатын, бірақ өзінің нағыз бастапқы формасын сақтайтын өндірістік қордың бір бөлігі. Олардың құны дайын өнімге біртіндеп ауысады. Олардың капитал салымдары есебіне толтырылады.

Кәсіпорынның әлеуметтік қызметінде өндірістік емес негізгі қорлар қатысады – тұрғын үй, балабақша және спорт кешендері және т.б. мәдениет обьектілері, яғни кәсіпорын балансындағы. Өндірістік қорға қарағанда олар өндіріс процесіне қатыспайды және өзінің құнын және өзінің құнын өнімге ауыстырмайды. Олардың құны тұтыну кезінде жоғалады. Олар кәсіпорын пайдасы есебінен жобаланады.

Негізгі өндірістік қорлар кәсіпорынның материалды-техникалық базасын және жоспарлаудың маңызды обьектісін құрайды. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына байланысты және айтарлықтай деңгейіне еңбектің техникалық қамтылу деңгейі нарықтық экономикаға өту кезінде негізгі қорлар – экономикалық өрлеудің барлық өндірістік факторларды интенсификациясы есебінен, сапаның артуы, өнімнің ғылыми-техникалық деңгейі және бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ететін басты фактор. Өндірісте негізгі өндірістік қорлар әртүрлі еңбек құралдарының үлкен көлемін иеленеді. Осы жерде олардың ерекшеліктері бойынша жіктемесі анықталады.

Негізгі өндірістік қорларды келесідей топқа бөлу қабылданған:

  • Үйлер мен ғимараттар;
  • Беру құрылғылары;
  • Машиналар мен жабдықтар, оның ішінде күш машиналары мн жабдықтары, өлшеу және реттеу құралдары, анықтаушы техника, басқа да машиналар мен жабдықтар;
  • өндірістік және шаруашылық инвентарі;

Негізгі қорларды жеке топтардың қатынасы көлемде өндірістік негізгі қорлардың құрылымын құрайды. өндірістік қорлардың негізін жоспарлаудың мақсаты – олардың көлемін, құралы мен құрылымын табу, ол өз кезегінде кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсаттарын қамтамасыз етеді.

Негізгі өндірістік қорды жоспарлаудың құралы болып мыналар табылады:

  • қорды экстенсивті және интенсивті қолдану;
  • еңбектің қор қамтамасыздығы, өнімнің қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығы;
  • толық (каптальный) ремонт және негізгі қорларды модернизациялау бойынша шаралар:
  • машиналық парктер көлемі мен құрылымы:
  • кәсіпорын мен оның бөлімдерінің өндірістік қуаты;
  • құрылғылардың жұмыс режимі және т.б.

Өндірістік үрдісті іске асыру үшін негізгі өндірістік қорлармен бірге, кәсіпорынға – айналым қорлары қажет. Айналым қорлар – бұл өндірістік қорлардың бір бөлігі. Ол әр өндірістік кезеңде толығымен тұтынады және өндіріс үрдісінде өзінің заттай нысанын өзгертеді. Олардың құны  өндірістің бір период ағымындағы дайын өнімге толығымен ауысады. Бұл қорлардың қажеттілігі - өнім шығарылымның өсуінің үлесіндей өседі. Бірақ ғылыми – техникалық прогресін еңгізу – бір өнімнің материалдық шығынын азайтады және сәйкесінше айналым қорлардың қажеттілігін қысқартады.[17]

Кәсіпорынның өндірістік айналым қорлары 3 бөліктен тұрады : өндірістік босалқы қор ; бітпеген өндіріс және өндірістің өзінің шала фабрикаты ;болашақ кезеңдегі шығыстар.

Айналу қоры – шикізатты сатып алу және өнімді өткізу үрдісін үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажет элемент . Оларға қатысты : дайын өнімнің босалқы қорлары , жалақыны төлеу үшін, энергия, отын, материал,шикізатты сатып алу үшін  қолданылатын ақша құралы . Айналу қоры – дайын өнімнің тұтынушыға айналу сферасы арқылы жеткізуін қамтамасыз етеді.

Ішкіфирмалық жоспар тәжірибесінде «айналым қорлары» мен «айналу қорларымен» бірге айналым қаражаты деген термин қолданылады. Айналым қаражаты – айналым қорлары мен айналу қорлардың жиынтықтарының ақшалай нысандағы көрінісі. Айналым қаражатын жоспарлауда – олардың тиімді қолдануын , айналымдылықтың жеделдетуін , өнімнің материалды қажетсінуін төмендетуін қамтамасыз етеді.

Айналым қорлар мен айналым қаражаттың көрсеткіштері болуы мүмкін:

  • шикізаттың босалқы қоры мен номенклатура, материалдар мен жанармай , шала фабрикаттар , жиынтық бұйымдар , таралар, негізгі қорларды ағымдық жөндеудегі қосалқы бөлшектер;
  • өндірістің өзінің шала фабрикаттары ( материалдар,бөлшектер, жинастыру және қайта өңдеу үрдісіндегі тораптар мен бұйымдар) және номенклатура мен бітпеген өндірістің қорлар көлемі ;
  • бұйымдарды дайындаудағы тауарлық - материалдық құндылықтардың шығындық мөлшері мен оның жеке элементтері;
  • материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі;
  • айналым қаражатының қажеттілігі және осының орнын толтыру көзінің қажеттілігі;
  • бұйымның конструкциялық құрамы, сапаның көрсеткіштері сенімділігі, төзімділігі, өнімнің бәсекелестілігі және тағы басқа.

Уақыт. Бұл жоспарлаудың ең маңызды құралы болып табылады. Уақыт ресурс ретінде жоспарлаудың барлық көрсеткішінде көрініс табады, әр түрлі кәсіпкерлік проектілерді бағалағанда есепке алынады. Жоспарлауда экономия мен уақытты жоғалтулар жиі болады. Мысалы, уақытты жоғалту жоспарланған процесс белгіленген уақыттан жай жүріп жатса орын алады. Белгіленген нәтижені алуда мұндай уақытты жоғалтулар сағаттап, күндеп, апталап, айлап тура бағалау процестерінен жүріп отырады.

Кәсіпкерлік дарын. Бұл ресурстың өндірістегі жоспарлы қызметте болмауы мүмкін емес. Кәсіпкерлік ресурс немесе фактор адам ресурстарының ерекше түрі, ол барлық  ресурстарды комбинациялау мен координерлеумен айналысады. Бұл тәуекелділікке, жауапкершілікке, жаңашылдық пен тағы да басқа жеке қасиеттерге негізделген өндірістік және коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруда көрініс табады.

Кәсіпорында жоспарлаудың  пәні мен обьектісінің  болуы жоспарлау көрсеткіштерінің жүйесін құруға мүмкіндік береді. Арнайы бір көрсеткішті құруда процесс, бөлу және ресурстарды комбинациялау қатысады. Мысалы, белгілі бір кезеңде жұмыс орнында (құрылымдық бөлу) дайындаудан өтетін (процесс) нақты аталу бөлшектерінің көлемі (ресурс). Тәжірибеде бұл реквизиттер бөлшектенген әр түрлі қасиеттер жүйесі болып  енеді. Мысалы, бөлшектердің аталуына қызмет атқарудың түрі, материал  маркасы мен салмағы жатады. Өндірістік процесс бірнеше  технологиялық процестерге бөлінеді: механиканы жөндеу, терможөндеу,  оны дайындау және тағы басқа. Бірақ  бұл жоспарлау көрсеткіші жүйесін құру бағытын өзгертпейді.[11] 

  1. Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың қызметін және экономикалық тиімділігін талдау ШАРАЛАРЫ

2.1 Нарықтық экономика тұсындағы кәсіпорындардың экологиялық таза   өнім өндірісінің әлеуметтік экономикалық тиімділігі

Қазақстанның нарьқтық экономикаға көшуі кәсіпорынға жаңа шарттар қойды. Нарық жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі, экономикалық өсуі және дамуы адам капиталы мен басқа ресурстарын пайдалануды үтымды жүзеге асыратын дүрыс стратегиялық бағыт - бағдарды таңдаумен анықталады. Өндірістің тиімділігі және жоспары  түрақты экономикалық өсуге және кәсіпорынның дамуына, өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға байланысты болады.[18]

Кәсіпорынның өсуі - бүл көбінесе кэсіпорынның мөлшерінің өсуі жэне өндіріс көлемінің артуы. Дамуы шаруашылық жүйенің жаңаруы, техниканың технологияның жетілдірілуі негізінде қызмет етуінің тиімділігінің артуы. Кәсіпорынның экономикалық өсуі және дамуы нарықтағы бір тауарды шығару мен сату көлемінің өсуіне, технологиялық бір-бірімен байланысты өндірістердің бірігуіне байланысты болады.

Тауар өндірушінің негізгі мақсаты элемдік деңгейде бэсекеге қабілетті өнім өндіретін жоғары пайдалы кәсіпорын қүру. Бұл мәселені шешу үшін тұтынушылардың және жеткізіп берушілердің сұраныстарын    ескеру қажет.

Қоғамдық өндірістің маңызды көрсеткіші - оның тиімділігі. Өндірістің экономикалық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер анықталса (еңбек өнімділігі мен қор өтемі, өнімнің қор қайтарымдылығы өнімнің материалдық қайтарымдылығы), жинақтық салымдардың экономикалық тиімділігі, жаңа техника, өнімнің қуат сыйымдылығы, оның сапасын арттыру, материалдық шығындарды үнемдеу, ал әлеуметтік тиімділікті сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау күрделірек болады. Бұл ең алдымен әлеуметтік құбылыс қай жағынан қарастырылатынына байланысты. Мысалы, әлеуметтік тиімділікті сипаттайтын көрсеткіштерді келесі сипаттары бойынша бөлуге болады:

1)  бағыты бойьшша элеуметтік тиімділік:   жеке адам үшін, адамдар тобы үшін, қала, облыс, аймақ, ұлт үшін;

2)  уақыт бойынша әлеуметтік тиімділік:  қысқа мерзімді (1 жылдан аз), орта мерзімді (5-7 жыл), ұзақ мерзімді  (10-15  жыл) алдағы болашақта (15 жылдан аса);

3)әлеуметтік сала бойынша: денсаулық сақтау,әлеуметтік қорғаныс, білім беру т.с.с

Тиімділік - маңызды экономикалық категория. Бірқатар ғалымдардың айтуы бойынша тиімділік жалпы мағынада нәтижелер мен шығындардың қатынасын білдіреді. Өндіріс тиімділігі технологиялық тиімді деп егер осы технология арқылы өндірістік ресурстар аз жүмсалса жэне енім шығару көлемі арттырылса   айтады.   Экономикалық   тиімділік   ресурстар   түрлерін   өндіру процесіндегі қолданылатын алтернативті құнын арзандатуды көздейді. Осының негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімділік әдістерді таңдайды.

Өндіріс тиімділігі экономикалық жүйенің әртүрлі деңгейінде еңбек өнімділігінің көрсеткіші, қор қайтарымы, тиімділік, шығындардың өтелу көрсеткіштері көмегімен пайдалы соңғы нәтижелердің қолданылатын немесе жұмсалынатын ресурстарға қатынасымен анықталады.

Бұл қатынасты физикалық немесе қүндық мәнде анықтауға болады. Тиімділік түжырымдамасы нарықтардың ресурстарды орналастыруды қаншалықты жақсы жүзеге асыратынын бағалау үшін қолданылады.[20]

Б.А. Райзберг, Л.Ш. Лозовскийдің, Е. Б. Стародубцованың пікірі бойынша қоғамдық өндірістің тиімділігі өндірістік ресурстармен және қоғамдық қажеттіліктермен салыстырғандағы өндіріс нэтижелілігін сипаттайтын экономикалық категория. Өндіріс тиімділігі — оның нәтижелілігі өндірістік қызмет нэтижелерінің олардың жетілуіне кеткен еңбек және материалдық ресурстарға қатынасымен анықталады. Өндірістің тиімділігі үрдісінің мәні әрбір шығын бірлігіне экономикалық нәтижелерді арттыру.

Экологиялық тиімділік табиғи және материалдық ресурстарды пайдалану деңгейімен, өндірілген өнімнің табиғат сыйымдылығын кемітумен, халықтың тұрмысын жақсартумен, экологиялық-экономикалық тиімділікті арттырумен сипатталады.

Экологиялық тиімділік өлшемі - қоршаған ортаның бүлінуіне жол бермеу, оны жақсарту, өндірістің экологиялығын арттыру.

Әлеуметтік тиімділік - қоғамның негізгі элеуметтік қажеттілігі мен мақсатының, жеке адам мүддесінің нэтижелерінің сэйкестігі. Әлеуметтік тиімділік көбінесе кәсіпорынның әлеуметтік әлеуетіне байланысты, ал бүл әлеуеттің өзі өндірістің әлеуметтік элементтері мен инфрақұрылымының жиынтығын жэне тиісті кадрлық қамтамасыз етуді білдіреді. Қайсыбір өндірістің әлеуметтік тиімділігін анықтау үшін (біздің жағдайда экологиялық таза тамақ өнімдерінің) аталмыш қызметтің нәтижесі ретінде нақты нені есептеуге болатынын жэне қоғам мен жеке адамның элеуметтік қажеттілігіне не жататынын түсіну керек, сондай-ақ тауарды өндіру мен тұтыну нәтижесінде қол жететін мақсаттарды айқындау керек.

Экологиялық таза тамақ өнімін өндіру мен түлыну нәтижесі - ұлт пен жеке адам денсаулығына қол жеткізу. Экологиялық тамақ өнімдерін өндіру мен тұтынуға деген адамның қажеттілігі тауардың осы түріне деген сұранысқа байланысты, денсаулықтың жалпы үлттық құндылық екенін қоғамның сезінуі, сонымен қатар адам өз денсаулығының бағасын түсінуімен байланысты. Экологиялық таза тамақ өнімін өндіру мен түлъшудың басты мақсаттары- ұлттың гендік қорын сақтау, халықтың иммунитетін жақсарту, орташа өмір сүру мерзімін ұзарту, сәбилер мен балалар өлімін азайту.

Егер әлеуметтік «тиімділікті» экологиялық таза тамақ өнімін пайдалануға қатысты қарастырсақ, онда оған кол жеткізудің үш дәрежесін ерекше атап өтуге болады: әрекеттілік, жетістік, тиімділігі. 

Тиімділік түрлері Шығындар Нәтижесі (денсаулықты жақсарту)
Әрекеттілік (экологиялық   таза   тамақ өнімінің       оң       эсерінің деңгейі) Тауар құны (ақша бірліктері) Болдырмаған       аурулар саны,     аман     сақталған өмір, ауырған күндердің қысқартылуы (абсолюттік сандар)
Жетістік (барынша                мүмкін болатын оң нәтиже) Бір жақтан денсаулықты     қалыпқа келтіру      шығындарын азайту, екінші жағынан еңбек          өнімділігінің өсумен                     бірге еңбекақыны көбейту (ақша бірліктері) Болдырмаған       аурулар саны,     аман     сақталған өмір      саны,      ауырған күндердің қысқартылуы, «сапасына» қарай түзету т.с.с (абсолюттік сандар)
Тиімділік                (шығын бірлігіне             нәтиженің артуы) Экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіруге кеткен шығындар (ақша бірліктері) Әлеуметтік тиімділікті есепке алатын жиынтық нәтиже (ақша бірліктерінде)

Сурет 1 - Экологиялық таза тамақ өнімдерін пайдаланудың элеуметтік тиімділігін бағалауға қолданылатын негізгі шамалар

Келтірілген тиімділік түрлері нәтижені өлшеу тәсілімен ерекшеленетінін байқау қиын емес. Денсаулықтың жақсару дәрежесін табиғи бірліктерде сандық жағынан бағалайтын әрекеттілік пен жетістік сәйкесінше қатыстық және абсолюттік әлеуметтік пайданы сипаттайды. Бүл жағдайда келесі екі өнімді: экологиялық таза жэне дәстүрлі өнімді салыстыру алынған элеуметтік пайда (табиғи бірліктерде) және өндірістік шығындарды (құндық мөлшерде) есепке алу арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік тиімділік болдырмаған элеуметтік шығындардың мөлшерімен өлшенеді, оны белгілі мөлшерде ауыру мен өлімнің абсолюттік санымен , сақталған өмір жылдарымен сипаттауға болады. Алайда, қазіргі кезде бүл салада зерттеулер жүргізілмейді, яғни денсаулық ахуалының салыстырулары, орташа өмір сүру ұзақтығы туралы (экологиялық таза немесе тек дәстүрлі өнім тұтынатын халықтың) мәліметтер жоқ.

Болдырмаған элеуметтік шығынды бағалау үшін үлт денсаулығының жағдайын сипаттайтын сындарды есепке алатын жалпылауыш көрсеткішті айқындау қажет (сапасыз тамақ өнімін түлъшғаннан болған ауру деңгейі, өмір сүрудің орташа ұзақтығы, сэбилер мен балалар өлімінің деңгейі).

Осыган байланысты, экология жэне денсаулық сақтау саласында зерттеулермен айналысатын әртүрлі үйым өкілдері экологиялық таза өнім өндіру мен тұтыну деңгейі мен ұлт денсаулығы арасындағы тәуелділікті бейнелейтін көрсеткішті жасау мақсатында зерттеулер жүргізу үшін материалдық шығындар ғана емес, үзақ уақыт аралығы қажет, қазіргі кезде экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру мен түтынудың әлеуметтік тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш ретінде төмендегілерді пайдалануға болады: Экологиялық таза тамақ өнімдерінің үлес салмағы - бір жылғы азық-түлік тауарлары өндірісінің жалпы мөлшерінде экологиялық таза тағам өнімдерін өндіру:

Эөо =(Vэ/ Vжалпы)*100          (1)

Мүндағы: ЭӨО-тамақ өнімдері өндірісінің жалпы мөлшеріндегі экологиялық таза азық - түлік тауарларының үлесі, % ;

Vэ- бір жылдық экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру мөлшері;

Vжалпы- бір жылдық тағам өнімдерінің жалпы мөлшері;

Экологиялық таза азық-түлік тауарларын тұтынудың үлесі (аталмыш өнімді түтыну деңгейі жан басына шаққанда):

Этұт.- (Vэ/ Vжалпы) *100;     (2)

Мүндағы: Этұт-тамақ өнімдерін түтынудың жалпы мөлшеріндегі экологиялық таза азық-түлік тауарларын түтынудың үлесі, %

Vэ - жан  басына  бір  жылдық экологиялық таза тамақ өнімдерінің түтыну мөлшері ;

Vжалпы - жан басына бір жылғы азық-түлік тауарларын түтынудың    жалпы мөлшері ;

Экологиялық таза тағам өнімдерін өндіру мен тұтынуды экологиялық аурулардың алдын - алу деп есептеуге болады. Бүл жағдайда экологиялық таза азық - түлік тауарларын түтыну тиімділігін келесі өзара байланысты аспектілерде қарастыруға болады:

-    жеке дара (нақты бір адам денсаулығының жақсаруы)

-   әлеуметтік (үлт денсаулығы - мемлекеттің даму деңгейінің көрсеткіші ретінде)

-  экономикалық (емдеу, сауықтыру іс-шараларына    және    ауырудан, мугедектіктен,   ерте   өлім   мен   туу  деңгейінің  төмендемеуіне   кететін тікелей шығындардың өзара қатынасы).

Материалдық өндіріс пен жалпы экономиканың бағыттылық дәрежесі әлеуметтік мәселелерді шешуге, оның ішінде ең бастысы үлт денсаулығы, сондай-ақ   қоғамдық   қажеттілікті   қанағаттандыруға   деген   бағытын   соңғы әлеуметтік-экономикалық тиіімділік пен коғам дамуының жалпы деңгейінің көрсеткіші деп қарастыруға болады.

Экологиялық таза тағам өнімдерін өндіру мен түтынуды дамытудың басты қозгаушы күші - жеке түтыну аясы. Жеке түтынуды кеңейту өз кезегінде халықтың төлемге қабілеттілігінің өсуіне байланысты. Экологиялық таза тамақ өнімдерін тұтынудың артуы халықтың кіріс табысының көбеюінің, төлемге қабілетті сұраныстың өсуінің арқасында мумкін болып отыр, себебі бүл тауарлардың бағасы дэстүрліге қарағанда 2-4 есе қымбат.

Өз кезегінде төлемге қабілетті сұраныстың артуы экологиялық таза тағам өнімдерін өндіру мөлшерін үлғайтуға әкеп соғады, ал ол осы тауар бағасын төмендетуге мүмкіндік жасайды, ол баға тең салмақты болып, өндірушіні де, сатып алушыны да қанағаттандырады. Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей бүтіндей қоғамның және жеке түлынушының қажеттілігін қанағаттандыру тауар өндірісі мен қызмет көрсету аясының басты мақсаты. Өндіруші мен түтынушы арасындағы өзара тәуелділік пен өзара байланысты былай сипаттауға болады: «Бизнес мақсатының шынайы бір ғана анықтамасы бар - ол түлынушыны тәрбиелеу. Фирма өз өнімі туралы не ойлайтыны, оның құндылығы неде деген ойлар шешуші рөл атқарады». Егер осы ойды экологиялық таза тағам өнімдерінің өндірісіне пайдалансақ, онда сатып алушы үшін ең басты құндылық денсаулық екендігі байқалады.

Сонымен, экологиялық таза азық тауарларын түтынудың әлеуметтік тиімділігінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін, келесі шарттар орындалу керек:

  1. халықтың төлемге қабілетті сұранысының артуы;
  2. салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттау.

Біздің зерттеуіміз бойынша, тұрғындардың экологиялық жағдайға, денсаулығына деген алаңдаушылығы бірінші кезекте шешуді қажет ететін төмендегі мәселелер анықталды:

-    өмір деңгейі мен сапасы (кірістер);

-  әлеуметтік   қауіпсіздік   (қылмыс   деңгейі   ,   құқық   қорғау   қызметінің тиімділігі, қүқықтық қорғаныс, экологиялық қауіпсіздік );

-  денсаулық сақтау және денсаулық жағдайы (сапалы медициналық көмек мүмкіндігі,   дәрі-   дәрмекпен   қамтамасыз   етілу,   денсаулық   ахуалын бағалау).

Сауалнама 1000 адамға жүргізілді, олардың 36,59 % - ерлер, 63,41 % -әйелдер.

Кесте 1 -  жас бойынша респонденттерді бөлу

жасы 20-ға дейін 21-25 26-30 31-35 36-40 41-45 46-50 51-55 55-60 60-тан жоғары
Респонденттер саны % 7,27 9,49 3,74 6,57 8,48 9,19 6,36 8,18 13,24 27,47

Экологиялық таза өнімді тұтынудың жоғары әлеуметтік тиімділігі ауылшаруашылық өндіруші салаларының, әсіресе тамақ өнеркәсібінің алдына мұндай өнімдерді кең көлемде өндіру және біртіндеп меңгеру мәселесін қояды.

Бүл мәселеге орай дәлелденген жүмыс гипотезасын айта кеткен жөн. Оның негізін экологиялық таза өнім өндірісінің экономикалық шегі туралы болжам қүрайды, ол шектен өту кәсіпкерлік қүрылымнан қосымша ағымдағы және күрделі шығынды талап етеді. Әрбір өндіруші нарықтық экономика жағдайында мұндай шығындарға төтеп бере алмайды.

Айтылган гипотезаны растап немесе жоққа шыгару үшін экологиялық таза өнім өндірісінің тиімділігіне салыстырмалы экономикалық баға беруді жүзеге асыру қажет.

Мүндай өндіріске балама ретінде дәстүрлі деп аталатын өнімді өндіруді аламыз. Бұл терминге стандарттар мен техникалық шарттарға сай, бірақ құрамында адам денсаулығына зиянды, әртүрлі заттар мен микроэлементтер болатын өнімді жатқызуға болады.[22]

Өндірушілер көп жағдайда экологиялық нормативтер талабын бұзады, сондықтан өнімді өндіргенде барлық ластаушы жэне зиянды заттарды тексеру іс жүзінде мүмкін емес.

Сонымен, екі балама бар:

  1. Дәстүрлі өнім өндіру (оның барлық экологиялық кемшіліктерімен);
  2. Түтыну жэне өткізу үшін шынайы экологиялық таза өнім өндіру. Анықталынған екі өнім түрін өндіру жэне өткізудің экономикалық жағдайын график түрінде көрсетуге болады.

Сурет 2 -  Экологиялық таза өнім және дәстүрлі өндіріс нәтижесінің көлемінде капиталдық шығындардың әсер етуі

Абсцисса өсінде дәстүрлі (К1) және экологиялық таза өнім өндірісін сәйкесінше қамтамасыз ететін капитал шығыны көрсетілген. Сонымен бірге, әрбір қарастырылған нүсқа бойынша барлық тауарлы өнімнің өзіндік құны түріндегі оны өндіру шығындары белгілі (З1 және З2).

Екі салыстырмалы нұсқа бойынша жылдық баланстық пайданы анықтау үшін келесі формулаларды жазамыз:

           П1 = В1 - З1 ;                     П2 = В2 -З2        (3)

Мүнда: П1 және П2 - екі салыстырмалы нұсқа үшін жылдық баланстық пайда,

 П1- дәстүрлі өнімді өткізуден түсетін пайда;

 П2-экологиялық таза өнімді өткізуден түсетін пайда.

 В1,В2 - сәйкесінше дәстүрлі және экологиялық таза өнімді өткізуден

 түсетін түсім.

Бізді экологиялық таза өнім өндірудің экономикалық тиімділігі қызықтыратын болғандықтан, екінші нұсқаның пайдасы бірінші нұсқадан көп болады деп есептейік. Міне осы шарттарды сақтай отырып, екі салыстырмалы нұсқаның салыстырмалы экономикалық тиімділігін бейнелейтін анықтама жазамыз:

                (4)

Бұдан келесі теңсіздік шығады:

(В2 - 32 ) - (В1 – З1) > Ен*К2 - Ен*К1                  (5)

Мүндағы Ен - капиталды салымның экономикалық тиімділігінің нормативті коэффициенті, оны әрбір кәсіпкерлік құрылым өзіне өз бетінше анықтайды.

Алынған анықтаманы басқаша қарастырайық:

В2 – 32 – Ен * К2 > В1 – З1 – Ен * Кі                         (6)

өнім  өндірудің  шығындарын  бейнелейтін  анықтаманы келесі  түрде  беруге болады: (З+Ен К) оны өндірістің жылдық шығыны деп атауға болады.

Түсетін қаржы мен өндіріс шығыны арасындағы айырмашылық кәсіпорынның экономикалық пайдасын білдіреді. Оны келесі формула бойынша анықтаймыз :

                П = В - И                                                  (7)

Мұнда: П — жылдық экономикалық пайда

             В - өндірілген өнімнен түскен жылдық табыс

             И - өндірістің жылдық шығындары.

Табыс келесі формула бойынша анықталады:

В= N * Ц                                     (8)

Мұнда: N - өнімді өндірудің жылдық мөлшері;

             Ц - өнім бірліктерінің бағасы

Өндірістің жылдық шығындары келесі формула бойынша анықталады:

И = N (С + Ен*Ку)                           (9)

Мүнда: С - өнім бірлігін өндірудің өзіндік құны

             Ку - өнім бірлігін өндірудегі үлестік капитал салымы;

             Ен - капиталды салым тиімділігінің нормативтік коэффициенті.

Формулаға В және И анықтамасын қойып,

Пэ = N [Ц - (С+Ен*Ку)]  аламыз.      (10)

Экологиялық таза өнім өндірісіне өту кезеңінде  келесі арақатынастар орын алады:

-өнім бірлігінің өзіндік қүны өседі, өйткені шикізат, материалдармен және өндірістің өзін қамтамасыз ету бойынша көптеген қосымша техникалық операциялар енгізу керек болады.

-үлестік   капиталды   салым   өседі,   себебі   өндірісті   негізгі   қорлармен қамтамасыз етуге тура келеді және жаңа    жетілген жабдық алуға мол шығын жүмсалады.

Сондықтан, экологиялық таза өнім өндірісінде өндірістің негізгі параметрлері арасында келесі арақатынас орын алады:

Nэ < N;   Цэ >Ц;   Сэ > С;    Куэ > Ку.                     ( 11)

Мұнда «Э» индексімен  берілген  параметрлер экологиялық таза өнім

өндірісіндегі сәйкес көрсеткіштің мөлшерін білдіреді.

Бұдан қарастырылып отырған өнімнің екі нұсқасы да тең таңбалы болатын минималды баға шегін белгілеу қажеттілігі туындайды. Бүл шекті анықтау үшін келесі теңсіздікті жазайық:

 Nэ [Цэ - (Сэ + Ен*Куэ)]  > N [Ц- (С + Ен*Ку)]        (12)

Мұндағы теңсіздіктің сол жақтағы шарты экологиялық таза өндірістің жылдық экономикалық пайдасын, ал оң жақтағы, дәстүрлі өнім өндірісіндегі көрсеткішті бейнелейді. Теңсіздіктің сол бөлігін оң бөлікке бөлеміз:

Nэ [Цэ (Сэ + Ен*Куэ)] / N [Ц - (С - Ен*Ку)]> 1          (13)

Бұл теңсіздікті төмендегіше түрлендіруге болады:

                                   (14)

Мұнда: d - кәсіпорынның дәстүрлі өндірістің экологиялық таза

өндіріске өтудегі өнім бірлігінің бағасын минималды өзгерту

коэффициенті

                (Цэ / Ц > d )                                                  (15)

р - дәстүрлі өнім өндірісінің бірлік үлесіндегі тиімділігі

                         [р = (Ц - Иэ) / И]                                                (16)

а -экологиялық таза өнім өндірісіне өтудегі өндіріс шығындарының өзгеру коэффициенті ( а = Иэ / И)                                                     (17)

b -экологиялық таза өнімге өндіріс пен сату көлемінің өзгеру коэффициенті ( b = Nэ / N )                                                                (18)

Алынған анықтамаға есептік-аналитикалық тәжірибелік бақылау жүргізіп көрейік. Ол үшін келесі бастапқы мәліметтерді қарастырайық:

- дәстүрлі өнім үшін  N = 1000 өнім / жыл;  Ц=10 тенге/ өнім;  С=6 тенге / өнім; Ку=5 тенге / өнім;   Ен = 0.4; р = 0,25;

- экологиялық таза өнім үшін Nэ = 400 өнім /жыл; Сэ= 9.336 тенге / өнім; Куэ =10 тенге б/ өнім;  ЕN = 0.4.

        Дәстүрлі өнімді өндіру жылдық экономикалық пайдасын анықтайық:

                      П = 1000 [10 - ( 6+0.4*5)] = 2000 тенге /жыл

Формула (12) бойынша экологиялық таза өнім бағасының өзгеру шекарасын анықтаймыз; алдын-ала «а» және «b» коэффициенттерін есептейік:

                    b=Nэ / N = 400/1000 = 0.4

 Алынған мәліметті формулаға қоямыз    (14):

Экологиялық таза өнім бағасының минималды шекарасын анықтаймыз, онда жылдық экономикалық табыс дәстүрлі өнім өндірісінің көлеміндей болады.

       Цэ = dЦ = 1.8336*10 = 18.336 тенге / өнім.

Мұндай бағаның әділдігін экологиялық таза өнімге тексереміз. Ол үшін жаңа өндіріске өтудегі жылдық экономикалық пайданы есептейік:

Пэ = 400 [18.336 - (9.336+0.4*10)] = 400*5 = 2000 тенге /жыл

Соньмен есептеу нәтижесі экономикалық пайда екі салыстырмалы нүсқа бойынша - экологиялық жэне дэстүрлі өнім үшін сэйкес келеді. Ол дегеніміз экологиялық таза өнім бірлігі үшін баға 18.336 тенгеден артық болуы керек. Экологиялық таза өнім бірлігінің минималды бағасы коэффициентінің есебін жасайық (14). Тауар бірлігінің бағасын көтеру коэффициентінің минималды белгісі -<1 коэффициенті – дәстүрлі өнім өндірісі мен экологиялық таза өнім өндірісіне өтуде келесі факторлардың өзгеруіне байланысты өсіп отырады:

-    өндіріс шығыны өскенде; (а коэффициентінің өсуінен)

-   өнім өндірісінің көлемі төмендегенде; ( b  коэффициенті төмендейді)

Қорыта      айтқанда      экологиялық      таза      өнімді      өндіруді      дамыту түжырымдамалары келесідей:

  • өндірістік күштерді экологиялық орналастыру;
  • өнеркәсіп, энергетика, транспорт және коммуналды шаруашылықтың қауіпсіз экологиялық дамуы;
  • ауыл шаруашылығының экологиялық қауіпсіз дамуы;
  • қалпына келетін   табиғи  ресурстарды   сарқылмайтын  ресурс  ретінде тиімді пайдалану;
  • табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;
  • қайтарымды ресурстарды, кешенді пайдалану, үқсату қалдықтарды көму және залалсыздандыру;
  • қоршаған ортаны    қорғау    және    табиғатты    пайдалану    саласында басқаруды жетілдіру, төтенше жағдайлардың алдын алу;
  • арнайы ерекшелігі    бойынша    өнім    ассортиментін    кеңейту    және экологиялық таза технологияны жетілдіру;
  • ғылыми - зерттеу жүмысын дамыту.[24]

2.2 Экономикалық - математикалық модель арқылы кәсіпорынның              экономикалық тиімділігін зерттеу 

Жоспарлаудың негізгі мәселесінің бірі ретінде таза экологиялық өнімдерді қарастырдық. Жоспарлардың нақтылығын тиімділеу үшін, яғни  математикалық әдістердің қажеттігін, жаңа замаңғы талаптарға сай математикалық болжаулар мен есептеудің әлемдік стандарттарына өтуге деген қажеттіліктер күннен-күнге артып келе жатқаны белгілі, яғни нарықта әрбір кәсіпкер немесе инвестиция құюшы өзінің экономикалық қызметін іске асыру үшін, пайда табу үшін, яғни оптималды шешім қабылдау үшін математикалық модельдерді пайдалану арқылы өзара шешім қабылдауы керек. Сондықтан экономикалық математикалық модельдердің экономика саласының дамуындағы рөлі жоғары деп айта аламыз.

Математикалық модельдер бізге экономикалық процестердің немесе объектінің қасиетін зерттей отыра, өндірісті және кәсіпкерлікті іске тиімді асыруға, ресурстар мен уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Әрбір шаруашылықтың түріне, қасиетіне және зерттеу объектісіне байланысты экономикалық-математикалық модельдердің түрлерін, формаларын дұрыс таңдай білу керек. Экономикалық-математикалық модельдерде объект болып экономикалық процесс немесе әр түрлі құрал-жабдық түрлері арасында өнімдерді үлестіру, рацион құру есептері және т.б. жатады. Экономикалық-математикалық модельдердің көптеген түрлері бар және өзінше жіктеледі..

Экономикалық-математикалық зерттеудің негізі экономикалық процестер мен құрылымды модельдеу болып табылады. Модель дегеніміз қандай да бір объектінің шартты белгісі.

Модельдеу бұл ғылымдар мойындаған әдіс. Ол бұрынғы заманнан бері келе жатқан және өзінің даму барысында барлық ғылыми жаңа облыстарды қамти отырып: техникалық құрастыру, құрылыс және архитектура, физика, химия және ең аяғы қоғамдық ғылымдар. Осылайша математикалық модельдер XX ғасырдың барлық жаңа салаларында қолданыла бастады.

Экономика ғылымында математика тәсілдерін қолдану белгілі бір еңбекті қажет етеді. Олай болу себебі экономикалық процестің өзінің табиғатында жатыр, өйткені экономикада салалар бүкіл ұлттық шаруашылықтың объект және субъектілерімен: табиғи, техникалық, әлеуметтік процестер, өндіріс және барлық халық шаруашылығы салаларымен байланысты болады. Экономикадағы модельдеу күрделі әрі қызықты модельдер. Олар арқылы басқа тәсілдер зерттей алмайтын шешімдер мен көрсеткіштерді көрсетуге болады. Экономикалық-математикалық модельдер зерттеліп отырған экономикалық процестің немесе объектінің математикалық сипатын көрсетеді. Экономикалық-математикалық модельдерде объект болып экономикалық процесс немесе әр түрлі құрал-жабдық түрлері арасында өнімдерді үлестіру, рацион құру есептері және т.б. жатады. Математикалық модельді құрғанда экономикалық жүйені мақсатты түрде ең тиімді, оптималды, пайдалы шешу облыстарын таңдау қажеттігі туындайды.  Экономикалық-математикалық модельдерді құру және оны шешу барысында оған әсер ететін факторларды толық қарастырып, алдыға қойылған мақсатқа жетудегі ең тиімді жолды таңдау керек. Экономикалық-математикалық модельдеу есебінің практикасына мыналар жатады:

  • Экономикалық объектілер мен процестерге анализ жасау;
  • Экономикалық процестердің дамуына болжау жасау;
  • Барлық шаруашылық иерархияларында басқару есептерін талдау.

Экономикалық-математикалық модельдеудің басты ұғымы  «модельдің баламалығы» болып табылады. Мұның себебі экономикаға әсер  ететін қоғамдық жүйелердің көптігі және олардың экономика өзгерісіне, экономикалық қызметтерге әр түрлі әсер етуі. Сонда біздің басты міндетіміз математикалық модельдер ішінен біздің алып отырған саламызға, яғни есебімізге ең қолайлы, осы экономикада әсер ететін жағдайлардың бәрін қамтитын модельді қолдана білу немесе оны құру. Экономикада көптеген процестер жаппай болып келеді және олар белгілі бір заңдылықты сипаттайды. Сондықтан экономикалық модельде жаппай қадағалануы керек болады. Модельдеу процесінде «алғашқы» және «қайталай» экономикалық өлшеулер болады. Ұлттық шаруашылқта әрбір модель нақты экономикалық жүйенің өлшеуші (өнімдер, ресурстар, элементтер және т.б.) болып табылады. Мұндағы модельдердің  ұлттық шаруашылықта басты нәтижесі жаңа (қайталама) экономикалық өлшеуді алу. Мысалы, әрбір түрлі салалардағы өнім бағасы, табиғи ресурстардың әр түрлі саласын тиімді қолдану, өнімнің жалпы қоғамдық пайдалылығын есептеу. Осылардың ішінде біреуі алғашқы шаруашылқ өлшеуіш моделі ретінде алынады, сол арқылы жүйелі түрде зерттеу жасалады. Математикалық модельді құрғанда  экономикалық жүйені мақсатты түрде ең тиімді, пайдалы шешу облыстарын таңдау керек. Экономикалық-математикалық модельдерді құру және оны шешу барысында оған әсер ететін факторларды толық қарастырып, алдыға қойылған мақсатқа жетуді ең тиімді жолды таңдау керек.[25]

Модельдеуде бірнеше процестер: құру, зерттеу және модельді қоллдану іске асырылады. Оны келесі суреттен көруге болады;

Экономикалық-математикалық модельдеу процесінің үш құрылымдық элементі болады: зерттеу объектісі, субъект (зерттеуші) және модель, бұл зерттеуші субъект пен зерттелінетін объекті байланыстырушы құрал.

Экономикалық-математикалық модельдерді құру немесе жасау үш кезеңнен тұрады:

1-ші кезеңде модельді құру барысында келесі үш есепті шешу керек.

  • Зерттеу мақсатын анықтау;
  • Негізгі шектеулерді танып білу;
  • Барлық зерттелген объектінің сандық көрсеткіші.

Зерттеу мақсаты есепті шешу барысында әр түрлі вариантарды салыстырып және солардың ішінен ең тиімдісін таңдау, яғни сапалық экономикалық модельді таңдау неғұрлым көп пайда, аз шығын жұмсауды және тәуекелді барынша азайтуды қамтамасыз етеді.

Зерттелетін объектінің математикалық моделі құрылады және әдістері танылады. Бізге белгілі экономикалық есепті құруда шектеулі ресурстар қаралады. Сондықтан қай ресурс шешуші, қайсысы қалдық екеніне баса көңіл аудару керек.

2-ші кезеңде модельдеу процесінде өзін-өзі зерттеуші объект ретінде қарастырылады. Модельдік эксперименттер жүргізіледі. Бұл кезеңде зерттелетін экономикалық объектінің математикалық моделі құрылады және қай әдіспен зерттеген бізге тиімді, толық нәтиже беретін әдістер танылады.

3-ші кезеңде машиналық есептеулер жүргізіліп, экономикалық мағынасын түсіну және оны ары қарай жақсарту үшін іс-шаралар жасауды жүзеге асыру керек. Яғни модель оригинал түріне ауысады.

Осыдан көріп отырғанымыздай модельдер – кезеңдік процесс, ол зерттеліп отырған объектінің бейнесін айқын көрсеткенінше жүргізіледі.

Модельдеудің әр түрлілігі және машиналық аппараттарда қолданылуына байланысты оның неғұрлым көрнекі келесі алты кезеңін атап өтуге болады:

  • экономикалық мәселенің алдыға қойылуы және оның сапалық анализі. Бұл кезеңде экономикалық мәселенің мәнділігін, алғы шарттарымен болжамдары жасалады. Мұнда объектінің басты қасиеттері талқыланып, оның құрылымы мен негізгі тәуелділіктері көрсетіліп, байланысты элементтері белгіленеді.
  • математикалық модельді құру. Мұнда модельдің жалпы өзіндік ерекшеліктері қаралып, оны шешудегі нақты математикалық тәсілдер қолданылады. Яғни қандай тәсілдерді қолдану , қайсы шекте олар өзгереді, оның өзгеруінің қандай тенденциясының барлығы қарастырылады. Экономикалық-математикалық модельдер келесі түрде құрылады:
    • Жоспарлау мен басқаруда оптималдыққа жету – бұл экстрималды есепті шешу түрі болып табылады.

Max (min) f(x)

f(x) – оптималды критерийді жазуда – мақсат функция деп аталады.

  • f(x) = f(x1, x2 ,…, xn) - max (min) мақсат функция; 
  • q(x) = f(x1, x2 ,…, xn) ≤ , = , ≥       b ij = 1,m    шектеулер
  • X j ≥ 0,   j = 1,n    теріс емес шарт.

Математикалық модельді құру үшін қажетті шарттар:

1.Айнамалы енгізу (Х-ті белгілейміз);

2.Мақсат функция (есептің шарты, яғни max (min) анықталады;

3.Шектерін белгілеу.

  • бастапқы информацияға дайындық. Бұл кезеңде кеңейтілген түрде ықтималдықтар теориясы, теориялық және математикалық статика қолданылады. Мұнда модель практикалық сатыға өтеді. Бұл еңбекті көп қажет ететін кезең болып табылады. Мұнда ақпаратты алудың сандық және сапалық жақтарына көңіл бөлініп, оның мүмкіндіктері қарастырылады.
  • Модельге математикалық анализ жасау. Бұл кезеңде таза математикалық әдістер қолданылып, есеп шығарылады.
  • Сандық шешу. Бұл кезеңде сандық шешуде алгоритмдерді пайдаланып оны электронды есептеуіш машиналарда шығару. Қазіргі экономикалық-математикалық модельдердің көп вариантты сипаттамасы бар екені белгілі. Осы орайда бізге тез жұмыс істейтін ЭВМ-ді қолдану осындай күрделі есептерді шешіп, оған экономикалық анализ істеуге мүмкіндік береді. Соңғы кезең табылған шешімге анализ істеу және оны нақты қолдану. Бұл кезеңде басты сұраққа жауап беріліп, ол модельдің дұрыстығымен, осы практикада қолдануға болады немесе болмайды деген сапалы түрде шешім қабылдайды. Осы шешімдер арқылы экономикалық объектілерге талдау жасау, шаруашылық және әлеуметтік дамуға экономикалық болжау жасауға болады. Сондай-ақ ресурстарды тиімді пайдалану және өнімді қанша мөлшерде, қайсысын шығару керек екенін көрсетеді.

Жоғарыда көрінгендей модельдеу процесі циклдық болып келеді. Олардың арасында тығыз байланыс бар. Бір кезеңнен екінші  кезеңге өту барысында кеткен қателерін көрсетіп отырады. Сондай-ақ әрбір циклдың өзіндік мағынасы болады. Зерттеуді бастағанда, яғни жай модельді құрғанда біз қажетті нәтижені көре аламыз, одан әрі зерттеу барысында неғұрлым жаңа мүмкіндіктерге кезігіп отырамыз.[26]

Экономикалық-математикалық модельдерді экономикалық процесте қысқаша түрде «экономикалық  модель» деп айтуға болады, бірақ оның өзінің жіктелу барысы қалыптасқан. Ол негізінен экономика, математика және кибернетиканы қамтиды.

Экономикалық-математикалық модельдер жалпы зерттеу мақсатына қарай: теориялық-аналитикалық, зерттеу және экономикалық процестердің заңдылықтарын қолданылуына байланысты, сондай-ақ нақты экономикалық есептерді (экономикалық анализ, болжау және басқару модельдері ) болып бөлінеді.

Экономикалық-математикалық модельдеуде ұлттық шаруашылықтың әр түрлі жақтарын зерттеуіне байланысты: өндірістік, тұтыну, кірісті бөлу, еңбек ресурстарына, баға өзгеруіне, қаржылық байланыс тағы да басқа болып келеді.

Неғұрлым экономикалық-математикалық модельдердің жіктелуінде оның методологиялық және техникалық модельдеріне назар аударады.

Экономикада оптималдыққа есептеу өндірісті жоспарлауда, шығындарды азайту, уақытты, ресурстарды үнемдеу мақсатында кеңінен қолданылады. Бұл есепті қарастырмас бұрын біз өндіріс орнының, кәсіпорындардың қорларын байқаймыз, яғни осы күнгі нарық талабына сәйкес қарастырамыз. .

Оптималды шешімді қолдану әдісінде қазіргі кезде практикада оптимальды есепті 80-85% сызықты программалау есебі қолданылады. Ондағы ең универсал әдіс ретінде симплекс әдісі қолданылады. Сызықты программалар белгісіздер мен сызықты шектеулер қойылған сызықты функциялардың экстрималды мәндерін зерттеу және табу әдістері туралы ғылым. Егер белгісіздер сызықты болатын болса, онда сызықты программалау есебі болып табылады. Белгісіздер сызықты болу үшін теңдеудегі айнымалы бір дәрежелі болу керек.

Сызықты программалау – оптималды программалаудың бір бөлігі. Өз кезегінде оптималды программалау қолданбалы математиканың бір бөлігі.. Экономикалық мәселелерді шешуде сызықты программалау есебінің әдістері тиімді болып табылады, олардың ішінде ең кең тараған симплекс әдісі.

Экономикада оптималдыққа есептеу өндірісті жоспарлауда, шығындарды азайту мақсатында, уақытты, ресурстарды үнемдеу мақсатында кеңінен қолданылады.

Сызықты прораммалау есебін құрастырмастан біз фирманың, кәсіпорындардың қорларын байқаймыз, осы күнгі нарық сұранысы мен ұсынысының өзгеруін, баға деңгейінің әсер етуін қарастырамыз. Өндіретін өнімдерге талдаулар жасаймыз. Мысалы өндірілетін өнімдерді Х (x1, x2 ,…, xn бұл жерде x j = 1,n)   компоненттері деп белгілейміз. Пайдаланылатын ресурстарды (еңбек, уақыт және шикізат) B = (b1, b2 … bn) деп белгілейміз. Бірақ та біз көп өнім өндіргіміз келеді, оған ресурстардың шектеулілігі жол бермейді. Сондықтан ресурстарды тиімді пайдалану керек. Өнімдерге нарықтық бағаны  С = (с1, с... сn) деп белгілеп, фирмаға мол табыс алып келетін өнімнен көбірек өндіруді қарастырамыз. Бірақ та фирмаға көп пайда әкелетін өнімдердің шығындары да көп болуы мүмкін.

Сызықты программалау есебінің қоғамға пайдалы жағы шығын мен пайдаларды есептеп максимум пайда табуға бағыт ұсынады. Кейбір экономикалық есептерде есеп минимумға да зерттелуі мүмкін.

Сызықты программалау есебінің негізгі мақсаты қандай өнім өндіру және оның қанша мөлшерде екендігін көрсетеді. Сызықты программалар белгісіздер мен сызықты шектеулер қойылған сызықты функциялардың экстрималды мәндерін зерттеу және табу әдістері туралы ғылым. Сызықты шектеулер дегеніміз шектеулердегі Х айнымалылар мәндері бір дәрежелі болып келеді, яғни Х2, Х3 мәндерінде берілмейді.

Сызықты программалау есебі келесі қасиеттерге жүгінеді:

  • Сызықты болуы керек, барлық шектеулер мен мақсат функциясы – сызықты функция болуы;
  • Үздіксіз болуы керек;
  • Уақыт факторына байланысты статистикалық болуы керек;
  • Ақпаратты алуына байланысты есеп толық анықталған болуы керек;
  • Жай, бір критерийлі есеп болуы керек.

Осыларға байланысты сызықты программалау есебі мына түрде жазылуы керек:

A1X1 + A2X2 + ...+ AnXn + b

Сызықты программалау есебі келесі түрде құрылады, ең алдымен мақсат функциясын анықтау керек:

F(x) = C1X1 + C2X2 + ...+ CnXn  ->  max (min).Z

Бұл жерде (C1, C2 , ... Cn) сәйкесінше (x1, x2 ,…, xn) көлемдегі өнімдердің бағалары.

Екінші шектеулерді енгізуіміз керек:

A11X1 + A12X2 + ...+ A1nXn         ≤ , = , ≥    b1

A21X1 + A22X2 + ...+ A2nXn         ≤ , = , ≥    b2

                             ----------------------------------------------------

Am1X1 + Am2X2 + ...+ AmnXn         ≤ , = , ≥    bm

Үшінші үлкендік шарты: яғни ол келесі сипатта болады:

x j ≥0,  j = 1,n

 Бұл жердегі (A11, A12 , .. , A1n) өнімдерге кететін бірінші ресурстың көлемі. Сол сияқты (A21, A22 , .. , A2n)  өнімдерге кететін екінші ресурс көлемі. Егер ресурстарды тиімді пайдалану есептері болса, онда « ≤ » таңбасы қойылады. Егер де рацион құру есептері болса, онда  « » таңбасы болады.

Сонымен экономикалық-математикалық модельдер зерттеліп отырған экономикалық процестің немесе объектінің математикалық сипатын көрсетеді.

Симплекс әдісінің ерекшелігі қандай-да болмасын сызықты программалау есебін осы әдіске келтіріп шығаруға болады. Ол әдіс сондай-ақ өзін-өзі тексеріп отырады және есептің экономикалық мағынасын жан-жақты сипаттап, толығымен көрсетеді. [25]

Қорыта келе, экономикалық-математикалық модельдерді күнделікті шаруашылықта қолдану бүкіл елдің және кәсіпорындардың экономикалық тиімді қызмет етуін, өндірісті алдын-ала зерттеу арқылы оптималды өндірісті қамтамасыз етеді.

  1. «FoodMaster» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін талдау.

3.1 «Food Master» ЖШС-нің жалпы экономикалық сипаттамасы.

«ФудМастер» компаниясының тарихы 1995 жылдан бастау алады. Дәл сол кезде жас кәсіпкерлерді «неліктен сүт өніміне сондай бай Қазақстан өңірінде йогурт атаулы керемет өнім жайлы білмейді?» деген ой мазалады. Дәл сол кезде «ФудМастер» Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, өте дәмді, үлкен стакандарға салынған «Crystal Lake» йогуртын өндіре бастады. Йогурт өнімінің нарықта сәттілікпен өткенін байқаған кәсіпкерлер, ендігі кезекте бүкіл «сүт саласын» игеруге батыл бел буды. «ФудМастер» компаниясы қазақстандық нарықта алдыңғы қатарлы орынды алуды көздеді.

Компанияның меншігіне 6 зауыт және 1 сүт – тауарлық ферма кіреді. 6 зауытқа төмендегілер жатады:

“ФудМастер –  Алматы ” – Есік қаласындағы сүт зауыты

“ФудМастер – НС Астана ” – Астана қаласындағы сүт зауыты

“ФудМастер - Қордай ” – Жамбыл облысы, Ауқатты аулындағы ірімшік зауыты.

“ФудМастер - Асептик ” – Есік қаласындағы ұзақ сақтауға арналған шырын және сүт өндірісі бойынша зауыт.

“ФудМастер - Агро” – Алматы облысы, Іле ауданы, Междуреченск поселогындағы  сүт – тауарлық ферма.

“ФудМастер – АйсКрим ” – Алматы қаласындағы балмұздақ өндірісі бойынша зауыт.

«ФудМастер» Компаниясы Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында сүт қабылдау торабын ұйымдастырды. Мұндай жеке меншік орындар шведтік сүт қабылдаушы резервуарлар мен алынған сүттің экспресс – анализін өткізуге арналған жабдықтармен жарақталды. Шаруаларға көлікпен, сондай –ақ бұзауларды сатып алуға кредит беру сияқты шаралар ұйымдастырды, ал қарыз сүтпен қайтарылды. Осылай сүт зауыттарына сүт ағуы басталды. Уақыт өте келе  шикізаттың тек сапалы болуына қол жеткізілді.

Сәйкес тексеру аудиті өткізілген кейін берілетін ISO 9001 –2000 сертификаты «ФудМастер» Компаниясының өндірген өнімі де, өндіріс жүйесі мен менеджменті халықаралық стандарттарға сай екендігін дәлелдейді. Жоғарғы сапаға тұтынушылар тарапынан сұраныс көбейді, ал сұраныс өз кезегінде көлемнің өсуі және компанияның тез дамуының шарты болды.

Оператордың клиенттердің сұрауларына жауап қайтарып, келген шағымға жауап ретінде оған ұнамаған өнімді ауыстыруға мүмкіндігі бар. Компания ақпаратты – талдау жүйесін құрды. Жаңа өнімнің жоспарланып, ол тұтынушыға жеткенге дейінгі сапалылық туралы ақпаратты жинау нақты пайда болған мәселелер бойынша шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Біз өнімнің сапалылығына әсер ететін процестерді зерттеп, талдаймыз және жақсартамыз. Біздің ойымызша, ақаудың салдарынан азап шеккенше, оны болдырмаған жөн. Бізде жауапкершілік, өкілеттіктер және өзара байланыстар қатаң үлестірілген. ISO 9001 стандартының негізгі принципіне сай процестермен басқару жүйесіне қатысты әр қызметкердің алдындағы алғашқы міндеті сапа болып табылады. Атап кететін бір жайт, TUV Rheinlad InterCERT «Мерседес» автомобильдерінің өндірісін сертификаттайды және екінің бірі оның клиенті бола алмайды. «ФудМастер» мұндай беделді ұйым сертификаттаған Қазақстандағы алғашқы компания болып табылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Компания «ФудМастер-Айс Крим» 2001 жылдың 22 тамызында Алматы обылысының Басқару юстициясында тіркелген, РН № 8259-1907-ТОО. Мемлекеттік классификаторы бойынша коды ОКПО 39476368.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ЖШС «ФудМастер-Айс Крим» дербес заңды тұлға болып табылады өз атынан келісім-шарт жасайды, әр түрлі келісімдер істейді мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар және міндеттерге ие болады, сотта жауапкер және даугер болалады.

Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі 482.

Меншік түрі – жеке.

ЖШС «Компания «ФудМастер-АйсКрим» құрушысы болып АҚ Компания «ФудМастер» табылады, РН 4776-1907-АҚ.

Серіктестіктің Жарғылық капиталы 117 600 000 (жүз он жеті миллион алты жүз мың) теңгені құрайды. Тіркелген уақытта 29 400 000 (жиырма тоғыз миллион төрт жүз мың) теңге құйылды. Жарғылық капиталы Серіктестік тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде толық төленуге тиіс.

ЖШС «ФудМастер-Айс Кримнің» негізгі қызметі болып балмұздақ өндіру және сату.

Серіктестікті басқару органдары болып мыналар табылады:

  • Серіктестік Қатысушысы – жоғарғы басқару органы;
  • Серіктестіктің Бас директоры – орындаушы орган.

Серіктестік шектелмеген қызмет мерзіміне құрылды.

Компания миссиясы: тұтынушының жоғарғы дәрежедегі талабына сай сапалы өнімді өндіру.

Өнімнің сипаттамасы: балмұздақтың негізгі төрт түрі бар: сүтті, кілегейлі, пломбир және миуалы.

Сүтті өнімдерсіз миуалы балмұздақ – калориясы төмен және құрамында майлар жоқ және түрлері бойынша жеміс-жидекті және хош иісті болып бөлінеді.

Сүтті негіздегі балмұздақтың құрамы әртүрлі болып келеді. Оның құрамында жеміс, жидек, карамель және жаңғақ болуы мүмкін және құрамы бойынша күрделі, бірақ оның негізгі құраушысы – сүт өнімдері: қоспасыз, құрғақ немесе қоюлаған сүт, кілегей, май, қант және стабилизаторлар.

Балмұздақ өндірісінде екі компоненттен артық қолданылатынын ескерген жөн.

Балмұздақта майлар келесі себептерге байланысты қосылады:

  • кремді консистенция;
  • керемет құрылым;
  • тоңазытқыштан алғанда құрғақ күйде болуы;
  • еруге ең жақсы қарсы тұру;
  • ауаны біртекті тарату.

Майдың физикалық қасиеттері балмұздақтық қату кезіндегі және оның құрылымының қалыптасу кезіндегі мінез-құлқына маңызды әсер етеді. Сондықтан балмұздақ өндіруге арналған өсімдік майлары нақты анық қасиеттерге ие болуы керек, әсіресе келесі шарттар маңызды:

  • балауыз татымының болмауы;
  • майлы фазасының белгілі бір бөлігі суыту кезінде, ұсталым кезінде және мұдатқыш камераға енгізу кезінде сұйық болып қалуы керек;
  • қоспа балмұздақтың жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін кристализациялық қасиеттерге ие болуы қажет.

Шоколад балмұздақта әшекей немесе ішкі кірістіру ретінде пайдаланылады. Ең дәстүрлі тіркесім – қара шоколадты әшекей қосылған ванильді балмұздақ. Жабынның мақсаты – функционалды қасиеттерін, сырт келбетін және дәмін жақсарту.

Әшекейге қатысты маңызды шарттары мыналар:

  • нағыз шоколад дәмі;
  • ауызда тез еруі;
  • балауыз татымының болмауы;
  • бату кезінде тез қатуы;
  • жүргізуден кейін минималды ағу;
  • балмұздаққа жақсы жабысу;
  • жұқа және бірқалыпты қабат;
  • жарылуға қарсы тұру.

Әшекейдің қарапайым құрамы: лайықты өсімдік майы (60%), какао (13%), қант (25%), лецитин (0,7%) және ароматизаторлар.

Эмульгаторлар – балмұздақ компоненттерінің майлы және сулы фракцияларын тұрақтандыратын зат. Олар мұз кристалдарының болмауын қамтамасыз етеді. Балмұздақ өндірісінде пайдаланлатын эмульгаторлар табиғи өнім болып табылады. Оларды «гауһар мүк» атты теңіз балдырларынан алады.

Тұрақтандырғыштар балмұздақтың тез еруіне кедергі жасайды. Желатин, агароид, картоп және жүгері крахмалдарының орнына қазір мүлтіксіз импортты тұрақтандырғыштар қолданылады.

Тұрақтандырғыштарды қолдану мыналарға кепілдік береді:

  • қоспаны салқындатқаннан кейінгі сәтте балұздақтық максималды жабысқақтығына;
  • балмұздақтың оңай пайдаланылатын көпіршіктігіне;
  • дайын өнімді органолептикалық бағалау кезінде суды толық араластыру, мұз кристалдарының түйіршіктілік түйсігін қақпайлау;
  • пайдаланылған ароматизаторлардың закладкасын төмендетуге мүмкіндік беретін иіс бөлімін үлкейтіп, кілегей дәмін толықтыратын дайын өнімнің ауа ұяшығының құрылымына;
  • жылуға жоғары қарсыласушылық.

«ФудМастер-Айс Крим» балмұздақтың келесі ассортиментін (сәйкес шикізаттар көрсетілген) ұсынады. Шикізаттар сипаттамасы 2-кестеде көрсетілген.

Кесте 2 - «ФудМастер- Айс Крим» компаниясы өндіретін балмұздақ түрлерінің   компоненттер тізімі (1 тоннаға есептелген)

Шикізат Өлшем бірлік Саны
«Фруктовый лед» балмұздағы
Ас суы кг 810
Қант кг 150
Тұрақтандырғыш кг 2
Дикстрозды сироп кг 32,5
Дәмдік сироп кг 1,5
Лимон қышқылы кг 4
Таяқшалар шт 13500
Орама кг 18
Гофрокартон шт 665
Барлығы кг 1000
«Вафельный стаканчик» балмұздағы
Сүт (майлылығы 3,5%) кг 662
Кілегей майы 82,5% кг 93
Қант кг 140
Ванилин кг 0,1
СОМ кг 100
Тұрақтандырғыш кг 5
Вафельді стакан шт 10500
Орама кг 17
Гофрокартон шт 208
Барлығы кг 1000,1
«Страдивари» балмұздағы
Сүт (майлылығы 3,5%) кг 662
Кілегей майы 82,5% кг 93
Қант кг 140
Ванилин кг 0,1
СОМ кг 100
Тұрақтандырғыш кг 5
Ароматизатор кг 0,8
Орама шт 1860
Гофрокартон шт 154
Барлығы кг 1000,9
«Батончик» типті балмұздақ
Сүт майлылығы 3,5% кг 427
Кілегей майы 82,5% кг 49
Қант кг 88,2
Ванилин кг 0,1
СОМ кг 63
Тұрақтандырғыш кг 3,2
Шоколад кг 200
Жаңғақ кг 20
Джем кг 150
Орама кг 20
Гофрокартон шт 665
Барлығы кг 1000,5
Дереккөз: «ФудМастер- Айс Крим» компаниясының мәліметтері негізінде есептелді

Жергілікті шикізат:

  • май – «ФудМастер-НС», Астана қаласы;
  • сүт – СПКФ ауылшаруашылық кәсіпорны «Алматы» Талғар қаласы, ЖК «Мырзахметов»,ЖШС «МТФ»;
  • қант – Алматы қаласының қант орталығы;
  • гофрокартон – Семей қаласы Капполиграф.

  Кесте 3 - Шет елден әкелінетін шикізат тізімі

Атауы Жабдықтаушы ТНЭВД коды
Тұрақтандырғыш Danice Services a/s (Denmark) 210690980
Шоколадты әшекей Danice Services a/s (Denmark) 180620950
Жаңғақ Danice Services a/s (Denmark) 200811920
Джем Danice Services a/s (Denmark) 200710990
Вафельді керней Danice Services a/s (Denmark) 190530990
Сусыздандырылған сүтті май Corman (EEC) 040590900
Орама Bakambalaj (Turkiye) 392010280
        Дереккөз: «ФудМастер- Айс Крим» компаниясының мәліметтері негізінде есептелді

Шет елдік ингредиенттердің ерекшеліктері:

Тұрақтандырғыш – Қазақстанда жоқ жоғарғы технологияны пайдалануда суперсапалы қоспа дайындалады.

Шоколад – қоспаны араластырудың жоғарғы технологияны пайдалануда ерекше қасиеті бар (тегіс жағылған қабат, қатыру температурасы - 26°С) өнім дайындалады.

Жаңғақ – таза, ұнтақталған, ұзақ уақыт сақталу қасиетімен ерекшеленеді.Мынадай жаңғақтар пайдалынады: Қазақстанда өспейтін арахис және фундук.

Джем - өнімді сусыздандыру үрдісі пайдаланылатын арнайы технология бойынша дайындалады. Таза, ұзақ уақыт сақталу қасиетімен ерекшеленеді.

Сусыздандырылған сүтті май – дайындау кезінде тек қана жоғарғы пайыздық майлығы бар (кілегей майы сияқты) жоғары сапалы сүт пайдаланады. Технология өнімнен ылғалды толығымен кетіруді қарастырады. Ұзақ уақыт сақталу қасиетімен ерекшеленеді және +25°С температурада бұзылмайды.

Таяқшалар – тұтынушы пайдаланғанда қауіпсіз тегістелген таза ағаш.

Вафельді керней – ұзақ сақталу мерзімге өнімге «қытыр қасиетін беретін жоғарғы технологияны пайдаланғанда дайындалады.

Орама – жоғарғы технологияны пайдалану материалдың сапасын жақсартады.

Өндірістің технологиялық үрдісі:

Бүкіл конвейер аралығнда біздің өнімге адам қолы тимейді: барлық үрдістер автоматтандырылған.Операторлар тек программа береді. Барлық параметрлер, температуралық режим автоматты түрде сақталады, мейлі ол компоненттерді дайындау бөлімі, аппаратты цех, су дайындау бөлімі, алмалы-салмалысыз жуу цехы, мұздатқыш камералар немесе бөлшектеп өлшеу цехы болсын. Заводта, сондай-ақ өзінің зертханасы бар. Ол нағыз қазіргі заманғы құралдармен қамтылған. Мұнда дайын өнімнің және балмұздақтың барлық компоненттерімен қатар ораманың да физико-химиялық және батериологиялық қасиеттері зерттеледі. Кәсіпорын барлық мағынада көз алдында, себебі тамыз айының ортасынан бастап оныңең талғампаз бақылаушылары – оқушылар келеді. Балалар өздерінің сүйікті балмұздақтары қалай дайындалатынын көріп қана қоймай, дәм татады.

Балмұздақ дайындаудың технологиялық үрдісіне келесі негізгі сатылар кіреді:

  1. қоспаны дайындау;
  2. қоспаның толуы (пісуі);
  3. үздіксіз фрезерлеу;
  4. өнімді бөлшектеп өлшеу және қалыптастыру;
  5. ширату;
  6. орау және орама;
  7. ұзақ сақтау.
  8. Қоспаны дайындау

Бұл үрдісте ингредиенттерді араластыру (сүт, қант, кілегей майы және т.б.) және оларды алдын-ала ысыту. Содан кейін қоспа пастеризация мен гомогенизацияға жіберіледі. Гомогенизация кезінде сұйық май өте ұсақ түйір қалыпқа айналады. Тиімді гомогенизацияда бұл май түйіршіктерінің көлемі 0,4 микроннан көп болмауы тиіс. Көпіршік маймен бірге қоспаның керекті консистенциясын береді. Содан кейін қоспа салқындатылады және толуға (пісуге) жіберіледі.

  1. Қоспаның пісуі

Бұл қоспаны 1-4 сағат аралығында әрдайым араластыру үрдісі.

  1. Үздіксіз фрезерлеу

Пісуден кейін қоспа фрезерлерге жіберіледі. Онда қоспа -5°С – ға дейін қатырылады және шайқау кезінде үлкен көлемде ауаға қанығады. Ауа қамалы (көпіршік) пайда болады, онда 60% ауа бар. Көпіршікті тұрақтандыру үшін және белгілі бір қасиеттерге жету үшін ауа мен қоспаның арасында май қабаты болуы тиіс.

  1. Өнімді бөлшектеп өлшеу және қалыптастыру

Белгілі бір жабдықтың көмегімен фрезерден кейін әр түрлі кескінді (түрі) балмұздаққа (стаканчик, эскимо, батончик және т.б.) айналады. Сосын бөлшектеп өлшенген өнім ширатуға жіберіледі.

  1. Ширату

Бұл өнімді -40°С температурада бір сағат қатыру үрдісі.

  1. Орау және орам

Ширатудан кейін орайтын жабдықтың көмегімен балмұздақ қабыршаққа оралады және қораптарға салынады. Содан әрі балмұздақ сақтау камерасына жіберіледі.

  1. Ұзақ сақтау

Ауа температурасы әрдайым -25 градус болып тұратын арнайы камераларда балмұздақ 6 айға дейін сақтала алады және ассортименті бойынша іріктеледі.

Алынған өнімнің сапасы ингредиенттерді таңдаумен, шикізаттың белгілі бір пропорциясын пайдаланумен, істелген өндеу режимін дәл сақтаумен бірге анықталады.

Құрал-жабдықтың сипаттамасы: Қазіргі уақытта Қазақстанда балмұздақ дайындауға арналған жекеменшік өндірістін қазіргі заманғы технологиялық құрал-жабдықтары жоқ.Сондықтан «ФудМастер-Айс Крим» компаниясы балмұздақ өндірісі бойынша шетелдік ірі технологиялық құрал-жабдық өндіруші фирмалардың бірі болып табылатын белгілі «Тетра Пак Хойер А/С» (Дания) фирмасының құрал-жабдығын алды. Құрал-жабдықтын жалпы құны 1 549 855 (бір миллион бес жүз қырық тоғыз мың сегіз жүз елу бес) евроны құрайды.

Технологиялық құрал-жыбдықты «Тетра Пак Хойер» фирмасы 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі № А012864-1 контрактына сәйкес келесі позициялар бойынша әкелді (4-кесте).

Кесте 4 - «ФудМастер- Айс Крим» компаниясының құрал-жабдығы

Құрал-жабдықтың аты Бірлік саны
1 Араластыруға арналған жабдық: -     еріткіш резервуар, JMT конфигурациясы; -     резервуарларға арналған ыстық суы бар құрылғы; -     мөлшерлеу блогы: -     сорғыш; -     құбырлар және топтамалар терімі; -     Хойер Промикс КПВТ 3000 – бумен жылытылатын қоспа өңдеу блогы;   1 1 1 1 1   1
2 Құрал-жабдық өндірісі: -     Хойер Фригус 600 – екі поршнді құбыры бар үздіксіз әрекет ететін тоңазытқыш қондырғы; -     Хойер Стрейлайн 600 С – поддондарды қысу жүйесі; -     Хойер Стрейлайн 600 С үшін R22 булану блогы; -     Хойер Стрейлайн 600 С үшін салқындату блогы; -     жууға арналған щетка; -     Хойер Дино С – орын ауыстыру және батыру жүйесі; -     Хойер Дино С үшін әшекейге арналған резервуар; -     Таяқшалардағы тақтаға арналған жабдық;     4 2 2 2 2 2 1 1
3 Стакандарға арналған құрал-жабдық; 1
4 Мұздарға арналған құрал-жабдық; 1
5 Сыйлық тақталарға арналған қосымша жабдық; 1
6 Хойер Флоурэп СЛ 80 TS – бір өткелді орағыш; 1
7 Хойер Комет RC – кернеулер мен стакандарға балмұздақ толтыратын агрегат;   1
8 Кернеу жібергіш; 1
9 Стакан жібергіш – бір өткел – стакандарды толтыру машинасында;   1
10 Стакандар конфигураторы – бір өткел 1
11 Косалқы белшектер топтамасы; 1
12 Кернеулер конфигураторы – бір өткел; 1
Дереккөз: «ФудМастер- Айс Крим» компаниясының мәліметтері негізінде есептелді

«Тетра Пак Хойер» (Дания) фирмасының құрал-жабдығын технологиялық құрал-жабдықтар нарығын зерттеу нәтижелері негізінде таңдалды.

«Тетра Пак Хойер» компаниясының балмұздақ өндірісі бойынша құрал-жабдық дайындау облысынды үлкен тәжірибесі бар және оны әрдайым жетілдіруде.

Экологиялық аспекті: «ФудМастер-Айс Крим» компаниясындағы балмұздақ өндірісінің технологиялық үрдісі ысырапсыз, экологиялық таза, қоқыс түсіру және қалдықтарды пайдаланумен байланысы жоқ болып табылады.

Атмосфераға шығарылатын жалғыз нәрсе болып табиғи газ жанғанда бөлінінетін ығынды табылады.

Өндіріс технологиясына сәйкес 1 тонна балмұздақ өңдеу үшін 1,8 Гкал бу қажет. 1,8 Гкал буды өңдеу үшін 230,8 кг табиғи газ қажет. Демек, 1 тонна балмұздақ өндіру үшін 230,8 кг қысылған табиғи газ жағу қажет.

Табиғи газ жанғандағы ығындылар үшін экологиялық төлемдер келесідей: юстиция Барқармасында 2000 жылы №250 тіркелген және Алматы қаласының Әкімінің 2000 жылғы №1133 шешімімен бекітілген Алматы қаласы бойынша 2001 жылғы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкасына сәйкес қысылғн табиғи газдың тоннасына 410 теңге.

Осылайша, 3745 тонна балмұздақ өндіргенде экология бойынша жылдық төлемдер 354382 теңгені құрайды.

 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі: Нарық өсімінің әлсіз динамикасы балмұздақты алмастырушы десертті өнімдер, сабституттар – чипсылар, снэктер, кола және т.б. пайда болуымен түсіндіріледі. Бұрын балалар үшін негізгі тәтті балмұздақ болатын, ал қазір баламалар көп. Жасөспірімдер ақшаларын SMS хаттарға, сыра мен колаға жұмсайды. Сабституттардың сатылу көлемі жыл сайын 20 пайызға өсуде. Бұл осы өнімдерді өндірушілерге агрессивті жарнама жасауға мүмкіндік береді. Ондай жарнамаға балмұздақ өндірушілердің мүмкіндігі жоқ, олар негізінен тек бір реттік акциялармен шектеледі. Балмұздақтың ірі өндірушілері өз тауарларын жылжытуға шамамен 300-500 мың доллар жұмсайды. Олар көбінесе жаңа өнімді таныстыру үшін промо-акциялар жүргізеді.

Әзірге балмұздақты жылжыту жергілікті сатылу орындарында жүргізіледі. Бұл балмұздақтың импульсті тауарлар тобына кіруімен байланысты. Яғни бұл тауарды сатып алу жоспарсыз іске асады. Нарық қатысушылары балмұздақ сатып алу кезінде негізгі стимул болып оның орамасы табылатынына назар аударды. Сондықтан олар өз күштерін тауарды брэндтау және тартымды орама қағаз жасауға бағыттады. Орама өзіндік құнның 5 пайызын құрайды. Жергілікті өндірушілер оны шет елден тапсырыспен алады, себебі оның сапасы біздегіден жақсырақ және 50 пайызға арзан. «ФудМастер-Айс Крим» компаниясында өнімнің 10 пайызы әрдайым өзгеріп отырады.

Негізгі маркетингтік концепция болып балұздақты пайдалануда мүлдем зиянсыз, керемет дәмді, жоғары сапалы өнім ретінде өндіру және сату табылады. Өнім тұтынушылардың кең шеңберіне арналған, сондықтан ассортименттің әртүрлілігіне, тартымды орама мен қоспа жасауға үлкен назар аударылады.

Маркетингтік жоспардың мақсаты мыналар:

  • Қазақстан нарығында жаңа бірегей өнімді орнықтыру;
  • мақсатты нарық сұранысын қанағаттандыру;
  • тұтынушыларға сапалы және уақытылы қызмет көрсету.

ТОО «ФудМастер-Айс Крим» өнімдерін Қазақстан Республикасының мына аймақтарында сатады: Астана, Қарағанды, Өскемен, Қостанай, Шымкент, Талдықорған, Алматы және т.б.

Балмұздақ нарығының негізгі ерекшелігі болып оның айқын көрсетілген территориялық фрагментациясы табылады. Онда нарықты географиялық бөліп алған 25-30 шақты жергілікті өндірушілер және 10 шақты тұрақты импортерлер әрекет етеді. «ФудМастер» компаниясының позициясы Алматы мен Астанада күшті болып келеді. Өнімнің шамамен 70 пайызын Алматы қаласы мен облыстары тұтынады. Оңтүстік және Солтүстік Қазақстанда бұл компания әлсіз әрекет етеді. Көптеген шығындар бастапқыда кішігірім көлемдегі өнім жеткізуге, тасымалдауға кетеді. Бірақ уақыт өте келе онда да сату көлемі өседі, өзіндік құны төмендейді, ал маржа өседі. Компанияның брэнді танымал бола бастайды. Супермаркеттер арқылы балмұздақтың 40 пайызы сатылады. Сондай-ақ супермаркеттер тауардың сапасына байланысты өз шарттарын қояды. Соған байланысты өндірушілер белсендірек болады және өз өнімдерінің қасиеттерін жақсарта бастайды.

«ФудМастер-Айс Крим» компаниясы өзінің сүт зауытынан бөлініп шығуының себебі, ол қаржы ағымын дәлірек бақылады және тиімдірек стратегияны анықтау мүмкіндігі пайда болды.

«ФудМастер-Айс Крим» компаниясының өнімдері келесідей ассортиментте:

  1. «Фруктовый лед»
  2. «Вафельный стаканчик»
  3. «Пластик»
  4. «Батончик»
  5. «Макси»
  6. «Африка»

Өндірістің технологиялық кешеніне шикізатты өңдеуге және тәулігіне 40,0 тонна (әр линияға 5,7 тоннадан) максималды өнімділікпен сәйкес өнім алуға арналған 7 линия кіреді.

Жабдықты профилактикалық тоқтату – жылына 230 сағат.

Өндірістік персонал жұмысы бес күндік жұмыс аптасы, әр сменада 8 сағаттық жұмыс күні [19].

Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтау үшін кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-өндірістік қызметі талданды. Өндірістік-шаруашылық қызметін талдау барысында техника-экономикалық көрсеткіштер анықталды. Бұл көрсеткіштер мәндері 5-кестеде көрсетілген.

 Кесте 5 - кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2006 жыл 2007 жыл Ауытқу
+ ; - %
1 Өткізілген өнімнен түскен түсім млн.тг 515,58 705,97 190,39 136,93
2 Өткізілген өнімнің өзіндік құны млн.тг 368,26 460,28 92,02 124,99
3 Жалпы табыс млн.тг 147,33 245,69 98,36 166,77
4 Кезең шығындары млн.тг 217,31 179,61 -37,70 82,65
5 Негізгі қызметтен түскен түсім млн.тг 69,98 66,08 136,06 -
6 Негізгі емес қызметтен түскен түсім млн.тг 46,31 -9,41 -55,72 -
7 Салыққа дейінгі жиынтық табыс млн.тг 23,67 56,67 33 -
8 Таза табыс млн.тг -23,67 47,00 69.67 -
9 Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне келетін шығын тг 1,14 0,91 -0,23 79,81
10 Өнімнің рентабельділігі % - 6,20 9,03 -
11 Сату рентабельділігі % - 5,62 8,83 -
12 Өндіріс рентабельділігі % - 6,10 8,84 -
13 Жұмыскерлер саны адам 189,00 238,00 49,00 125,93
14 С.і. жұмысшылар саны адам 77,00 177,00 100,00 229,87
15 1 жұмыскердің еңбек өнімділігі млн.тг 2,73 2,96 0,23 108,74
16 1 жұмысшының еңбек өнімділігі млн.тг 6,7 3,98 -2,71 59,57
17 Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры млн.тг 71,78 94,18 22,40 131,21
18 С.і. жұмысшылар еңбек ақы қоры млн.тг 22,28 58,12 35,83 260,81
19 1 жұмыскердің орта айлық еңбек ақысы мың.тг 31,65 32,97 1,32 104,17
20 1 жұмысшының орта айлық еңбек ақысы мың.тг 24,12 27,36 3,24 113,43
21 Негізгі құралдардың орташа жылдық құны млн.тг 547,82 591,86 44,04 108,04
22 Айналым құралдарының орташа жылдық құны млн.тг 57,17 58,80 1,63 102,86
23 Қор қайтарымдылығы 0,94 1,19 0,25 126,74
24 Қор сиымдылығы 1,06 0,84 -0,22 78,90
25 Қормен қарулану млн.тг 7,11 3,34 -3,77 47,00
26 Амортизация сомасы млн.тг 105,83 91,43 -14,40 86,39
Дереккөз: «ФудМастер- Айс Крим» компаниясының мәліметтері негізінде есептелді

9-кестеде көрсетілген бірінші көрсеткіш өткізген өнімнен түскен түсім 2006 жылы 515,58 млн. теңге, ал 2007 жылы 705,98 млн. теңгені құрады. Яғни, 190,39 млн. теңгеге өскенін көріп отырмыз. Мұның себептері ретінде «ФудМастер» компаниясы 2007 жылы нарыққа жаңа балмұздак түрлерін шығарған, сонымен қатар өнім сапасы жақсарып, сату көлемі көбеюі болуы мүмкін. Ал аталған көрсеткіштің өсуі жалпы табысқа, таза табысқа және де табыстылық көрсеткіштеріне әсерін тигізеді.

Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2006 жылы 368,25 млн. теңге, ал 2007 жылы 460,29 млн. теңгеге дейін өскенін көреміз. Бұл шикізатқа кеткен шығынның өсуіне байланысты. Бұл көрсеткіш кәсіпорын дамуының нашарлауының факторы бола алады.

Жалпы табыс 2006 жылы 147,33 млн. теңге, ал 2007 жылы 245,69 млн. теңгені құрады. Бұл өткізілген өнімнен түскен түсімнің өсуімен байланысты. Кезең шығындары зерттеліп отырған кезеңде базисті жылмен салыстырғанда 37,70 млн. теңгеге азайған. Бұл жалпы және әкімшілік шығындардың азаюынан болған жағдай.

Негізгі қызметтен түскен түсім жалпы табыстың өзгеруіне байланысты. Біздің кәсіпорында жалпы табыс артып отыр, сондықтан негізгі қызметтен түскен түсім де артты, яғни 136,17 млн. теңгеге.

Таза табыс кәсіпорын табыстылығының абсолютті көрсеткіштерінің маңыздысы болып табылады. Бұл көрсеткіш 2006 жылы теріс мәнде болса, 2007 жылы 63,34 млн. теңгеге артып, 39,67 млн. теңге болды. Яғни кәсіпорын жағдайы жақсарды.

Өткізілген өнімнің бір теңгесіне келетін шығын есепті жылы базисті жылмен салыстырғанда 23 тиынға кеміген, мұның өзі кәсіпорын қызметіне оң әсерін тигізеді.

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2006 жылы 547,82 млн. теңге болса, 2007 жылы 591,86 млн. теңгені құрады. Бұдан  «ФудМастер» компаниясы 2007 жылы жаңа техникамен қаруланғанын көре аламыз. Осының есебінен қор қайтарымдылығы да 0,25-ке артты. Бұл құбылыс тағы амортизация сомасына да әсерін тигізді. Жаңа техника алғандықтан бұл көрсеткіш 44,04 млн. теңгеге азайып тұр.

Кәсіпорын жұмысының жақсарғанын өнім рентабельділігі, сату және өндіріс рентабельділігінің өсуінен байқауға болады. Жұмыскерлердің еңбек ақы қорының 31 пайызға өсуіне олардың санының 25 пайызға өсуі себеп болған. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны өскенімен қормен қарулану төмендеп кеткен оған да себеп жұмыскерлер санының өсуі. Ал амортизация сомасы есепті жылы 13,61 пайызға төмендеді.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметін талдау үшін рентабельділік, қаржы тұрақтылық, іскерлік белсенділік және өтімділік коэффициенттері анықталды (6-кесте).

  Кесте 6 - «ФудМастер» ЖШС-нің қаржы-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер 2006 ж 2007 ж ауытқуы
1 Рентабельділік көсерткіштері
1.1 Өткізілген өнімнің рентабельділік коэффициенті - 0,08 0,13
1.2 Сату көлемінің табыстылығы коэффициенті 1,18 0,99 -0,19
1.3 Қордың рентабельділік коэффициенті 1,52 2,6 1,08
1.4 Негізгі қызметтің рентабельділік коэффициенті 0,98 1,58 0,6
1.5 Өндірістің рентабельділігі - 0,12 0,18
2 Қаржы тұрақтылық коэффициенттері
2.1 Тәуелсіздік  коэффициенті -0,04 0,12 0,16
2.2 Қарызға алынған және меншікті қаражаттардың арақатынасының коэффициенті -14,05 2,1 16,15
2.3 Тәуелділік коэффициенті 0,56 0,26 -0,3
2.4 Меншікті айналым қаражаттары мен салынған капитал арақатынасының коэффициенті 0,02 0,3 0,28
3 Іскерлік белсенділік көрсеткіштері
3.1 Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті 1,09 2,16 1,07
3.2 Негізгі құралдардың айналымдылығы 1,1 2,62 1,52
3.3 Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті -27,72 17,36 45,08
3.4 Өткізілген өнімді өндіруге кеткен шығындардың қайтарымдылық коэффициенті 1,16 1,54 0,38
4 Өтімділік көрсеткіштері
4.1 Абсолютті өтімділік коэффициенті 0,37 0,83 0,46
4.2 Жедел өтімділік коэффициенті 0,26 0,3 0,04
4.3 Ағымдағы өтімділік коэффициенті 0,36 0,48 0,12
4.4 Меншікті өтімділік коэффициенті 0,02 0,41 0,39
Дереккөз: «ФудМастер- Айс Крим» компаниясының мәліметтері негізінде есептелді

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық тұрақтылығы ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Қаржы-экономикалық жағдайды талдау арқылы оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Қаржылық  тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады. Аталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін қаржы тұрақтылық коэффициенттерін анықтадым.[35]

Тәуелсіздік коэффициенті меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесін сипаттайды. Ол бойынша кәсіпорынның қаншалықты деңгейде қарыз қаражатқа тәуелді екендігін және меншікті қаражатын қалай пайдаланатынын білуге болады. 2006 жылы бұл көрсеткіш -0,04-ке тең болса,  2007 жылы 0,16-ға өсіп 0,12 құрады. Осыдан меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесі аз мөлшерде, дегенмен өсу тенденциясы бар. Тәуелділік коэффициенті 2006 жылы 0,56 болса, 2007 жылы 0,3-ке кеміп, 0,26 құрады. 2006 жылы кәсіпорын  қарыз қаражаттарының  жиынтық капиталдағы үлесі жоғары деңгейде болса, ал  2007 жылы кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржыландырудың сыртқы көздеріне тәуелділігі 30 пайызға азайған. Қарызға алынған және меншікті қаражаттардың арақатынасының коэффициенті 16,15-ке көбейген, яғни кәсіпорын активтерін қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру өскен.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, активтер мен міндеттемелер арасындағы жалпы сомасы бойынша, келіп түсу уақыты бойынша әрдайым теңдікті өтімділік көрсетеді. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Ал кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.

Абсолютті өтімділік коэффициенті баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді. «ФудМастер» ЖШС-нің ағымдағы қарыздарының 2006 жылы 37 пайызы, 2007 жылы 83 пайызы баланс жасалатын уақытта өтелген. Бұл мәлімет арқылы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жақсарған, ол жалпы кәсіпорын жағдайының жақсарғандығын көрсетеді. Жедел өтімділік көрсеткіші арқылы ағымдық міндеттемелердің 2006 жылы 26 пайызы, 2007 жылы 30 пайызы  тек ақша қаражаттары есебінен ғана емес, сонымен қатар жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет есебінен өтелген. Бұл көрсеткіш айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған деп айтсақ болады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті – ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарын сату жағдайындағы төлем мүмкіндігін көрсетеді. Аталған көрсеткіш 0,36-дан 0,48-ге жоғарылаған. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қажетті меншікті капиталды сипаттайтын көрсеткіш айтарлықтай өскен, 39 пайызға. Жалпы зерттеліп отырған кезеңде компанияның төлем қабілеттілігі жоғарылаған.

Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Өткізілген өнімнің рентабельділік коэффициенті 0,19-ға өскен. Бұл көрсеткіштің өсуі жалпы активтердің табыстылық деңгейіне әсер етеді. Сондықтан жалпы активтердің табыстылық деңгейі жоғарылады деп есептеуге болады. Қордың рентабельділік коэффициенті неғұрлым жоғары болса, өнім рентабельділігі солғұрлым жоғары болады. Қарастырып отырған кезеңде 2006 жылғы 1,52-ден 2007 жылы 2,6-ға дейін жоғарылады. Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне ықпал етуші факторларды атап өтсем: өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың көбеюі; қор сыйымдылығының көбеюі; материалдық айналым қаражаттарын бекіту коэффициентінің азаюы. Нарықтық жағдайдағы маңызды  көрсеткіштердің бірі негізгі қызметтен алынатын табыс. Бұл көрсеткіш тек қана кәсіпорынның шаруашылық  қызметінің тиімділігін ғана емес, сонымен қатар бағаның құрылу процестерінің тиімділігін көрсетеді. 2006 жылы көрсеткіш 0,98 болса, 2007 жылы 1,58-ге дейін өсті. Барлық табыстылық көрсеткіштерінің ішінде  сату көлемінің табыстылығы коэффициенті 0,19-ға кеміген. Оның кемуіне мына факторлардың өзгерісі әсер етеді: өнімнің өзіндік құнының өсуі және сату бағасының кемуі.Сонымен табыстылық коэффициенттері кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттерінің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді. Біздің кәсіпорын үшін көрсеткіш 2006 жылы 1,09 құраса 2007 жылы 2,16 болды. Көрсеткіш кәсіпорынның жалпы капиталын пайдалану тиімділігінің жоғарылағанын көрсетеді. Нәтижесінде кәсіпорынның барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып, өнімді сатудан түскен табыс түріндегі жалпы тиімділігі өсті. Негізгі құралдардың айналымдылығы қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі өндірістік қорларын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Көрсеткіш 2006 жылы 1,1 болса, 2007 жылы 1,52-ге жоғарылап, 2,62-ні құрады. Оған негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы әсер етті. Келесі қарастыратын көрсеткіш- меншікті капиталдың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Біздің кәсіпорында 2006 жылы көрсеткіш 0,02 болса, 2007 жылы 0,3 болды. Яғни көрсеткіштің айтарлықтай артқанын көріп отырмыз, өсім – 0,28. Егер меншікті капитал 2006 жылы 0,02 рет айналса, 2007 жылы 0,3 рет айналған. Бұл кәсіпорынның меншік иелерінің қаражатын пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді.

Жалпы кәсіпорынның жағдайын зерттеліп отырған кезең, яғни 2006 жыл мен 2007 жылдардағы мәліметтерге сүйене отырып, жақсару үстінде деп айтуға болады. Және алдағы жылдары өте жақсы нәтижелерге жетіп, дамитынына көзіміз жетіп отыр.

3.2 «FoodMaster» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін арттыру жолдар

Әрбір кәсіпорынның экономикалық тиімділігінің артуына олардың өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі ықпал етеді. Сондықтан «FoodMaster» ЖШС-нің экономикалық тиімділігін арттырудың бірден бір жолы – бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

 Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп көрсетуге болады:

  • Өнім және қызмет сапасы;
  • Өнім және қызмет бағасы;
  • Персоналдың квалификациялық деңгейі;
  • Өндірістің технологиялық деңгейі;
  • Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;
  • Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс.

Енді бұл факторларды ашып талдайық.

Өнім сапасы. Сапа - өнімнің ең маңызды сипаттамасы. Өнім белгілі бір сапаға ие болғаннан кейін ғана аналогтар қатарында лайықты орын  алуы мүмкін. Сапаның  түсінігіне мыналар кіреді: ұзақ уақыт бойы қолдану, сенімділік, нақтылық, қолданудағы қарапайымдылығы, сонымен қатар ақаулардың болмауы. Бірақ әрбір өнімге сапаның       аталған   қасиеттер сай  келе  бермеуі  мүмкін. Мысалы, бір рет қолданатын стақаннан ұзақ уақыт қолдануын талап ете алмаймыз. Сондықтан, сапаның стандарттарға сәйкес келу деген маңызды көрсеткіші бар.

Өнімнің бағасы. Баға ─ өнімнің құндық ақшалай сипаттамасы болып табылатын экономикалық категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар:

  1. өндіріс жалпы шығыны;
  2. қоғамдық еңбек шығыны;
  3. өнім саны;
  4. өнім қызметі мен қасиеті;
  5. персоналдың квалификациясы;
  6. өндірістің технологиялық деңгейі;
  7. Мемлекеттің салық туралы заңы;
  8. Өнімді тасымалдау жәнесақтаумен байланысты шығындар;
  9. Өнімді өткізу үшін ғимараттар арендасымен байланысты шығындар;
  10. Өнімнің орамы;
  11. Фирманың танымалдылығы;
  12. Сервистік және кепілдік қызмет көрсетуінің деңгейі;
  13. Фирманың маркетингтік қызметі;
  14. Өнімге сұраныс пен ұсыныс;
  15. Фирманың саудалық баға стратегиясы.

Кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру бағыты нақты өндіріс орындарының тиімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның себебі де бар, өйткені нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір өнімнің құнын төмендету (ең төмен мөлшерде табыс таба отырып) үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу             мүмкін емес.

Практикада қолданылатын баға стратегиялары:

  1. Жоғары баға стратегиясы. Алғашқы өндіріс шығындары жоғары болады,  одан  кейін  ол  төмендейді. Бұған жаңа тауарлар жатады. Сапасы жоғары тауарлардың бағасы да жоғары болады.
  2. Төменгі баға стратегиясы немесе нарыққа өту стратегиясы. Бұл сұранысты ынталандыру мақсатында жүзеге асады.
  3. Сараланған баға стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеу, яғни кәсіпорынға деген ынтасынарттыру үшін оларға тауар жеңілдетілген бағамен сатылады.
  4. Икемді баға стратегиясы. Бағалар сатып алушылардың мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.
  5. Тұрақты, стандартты, өзгермейтін баға стратегиясы.
  6. Дөңгелексіз баға стратегиясы, яғни сатып алушы 100 теңгенің тауарын 99 теңгеге сатып алады.
  7. Жаппай көтере сатып алу стратегиясы, яғни көтерме баға.

Персоналдың квалификациялық деңгейі. Квалификациялық жұмысшылардың бар болуы минималды шығындармен жоғарғы сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің ұлғаймалы қатары жоғары квалификациялық персоналсыз өндірілуі мүмкін емес. Сонымен бірге, жоғары  квалификациялық  менеджмент те соңғы рольді атқармайды. Өйткені, жақсы білікті жұмысшылар бар болғанымен жоғары даярланған технологтар мен инженерлерсіз бәсекеге қабілетті өнім қалыптастыру өте қиын, сонымен қатар, тәжірибелі маркетологтардың алдын-ала есебінсіз өнімнің  өткізілуі  қиынға  соғады.[31]

Өндірістің технологиялық деңгейі. Квалификациялық персоналдың деңгейімен бірге өндірістің технологиялық деңгей төмен шығынды және қысқа  уақытта жоғары сапалы өнім өндіруіне мүмкіндік береді.  Осыған орай, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, сапалы өнім шығаруға болады. Технологиялық  өндірісті   үнемі алдыңғы қатарлы технологиямен  қайта қаруландыру  жағдайында көп өнім шығару мүмкін емес, бұл жағдайда қаржыландырудың  қол  жетерлігі  маңызды  болып  келеді.

Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі. Негізінде қаржыландырудың 2 түрі бар:

  • Несиелік;
  • Құнды қағаздарды орналастыру (биржада акцияларды шығару және котировкалау).

Кәсіпорынның акционерлік капиталы арқылы қаржыландыруды қамтамасыз ету ең дұрысы болып келеді. Бірақ, кәсіпорын басшыларымен акцияларды шығару мен орналастыруына шешім қабылдауына бірнеше мәселелер қиындық туғызады. Біріншіден, кәсіпорын басшылары кәсіпорын капиталында  үлкен  үлеске  ие болып, акционерлік меншікпен қолдана алады. Бұл жағдайда акцияларды орналастыру арқылы кәсіпорынды қаржыландырғанда  менеджмент  пен  инвестордың  қызығушылықтары дауға әкелуі мүмкін. Екіншіден, бұл әдістен бас тарту себебі, бұл кәсіпорын менеджменті өз қызметтерін дұрыс атқармауы жағдайында жаңа акционер басқарушылардың  ауыстырылуын  талап  ете  алады. Үшіншіден, акцияларды  орналастыру шешімін қабылдаудағы кедергі инвестор қаржылық есебінің толық мөлдірлілігін талап етеді. Мұндағы қиыншылық басшылар табысты салық салудан жасырып, шынайы есепті инвесторға көрсете  алмайтындығы.

Нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіпорынның тиімді қызметінің негізгі мәселелердің бірі ─ сұраныс пен ұсыныстың қатынасы.оны толығырақ қарастырайық.

Сүт малшаруашылығының төмен сапалы өнім өндірісінің негізгі факторлары келесі:  көптеген шаруашылықтарда қажетті материалды-техникалық базаның болмауы; өндірістің ескірген технологиясы; мамандардың біліктілік деңгейінің жеткіліксізідігі; өндірісті басқару мен есептің жетілмегендігі; орындаушылардың орындаған жұмысына жауапкершіліксіздігі; өнім мен жұмыс сапасының жүйелік бақылаудың болмауы; т.б.

Қалыптасқан жағдайда ішкі нарықта сүт өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату кәсіпорынның инновациялық қызметіне тікелей байланысты. Ол өнімнің жаңа түрлерін игеріп өңдеу, сапаның жоғары деңгейін және бағалық артықшылықтарын қамтамасыз етеді, сыртқы нарықтарға белсенді өту үшін жағдайларды қалыптастырады. Сондықтан, инновациялық қызметтің даму мәселесі талданып жатқан «ФудМастер» ЖШС үшін өте маңызды болып келеді.[24]

«Food Master» Ж.Ш.С. - нің балмұздақ өндірісін алып, онын  табысын арттыра түсуге жол іздесек, ол шығаратын балмұздақтың  3 түрін алып қарастырайық . Үш түрін қарастырып отыру себебім  бұлардың негізгі шикізаты – сүт өнімі , кілегей майы және қант болып келеді . Бұл шикізаттың барлығы өзімізден алынады және экологиялық таза болуы керек. Ал “фруктовый лед” балмұздағынын негізгі шикізаты ас cуы, қаңт, дикстрозды сироп болғандықтан ол түрді қарастырмаймыз. Сонымен  3 түрлі балмұздақ өндіруге қажетті негізгі компонеттерінің тізімі  6 кестеден алынды. Ал 1 тонна балмұздақтан құны нарықтық бағадан алып есептесек , 1 қорап “стадивари” балмұздағы 0,5кг – ы 350 теңге болса онын 1 тоннасының құны – 7000 мың теңге.  Ал “вафельный стаканчик” балмұздағынын 1 тоннасы – 780 мың теңге  “батончиктің” 1 тоннасы 500 мың теңге болады.

Бұл мәліметтерді ыңғайластырып кесте түрінде жасайық. Модель қуруға қажетті мәліметтер  кестеден алынды.

кесте 7- Балмұздақ     түрлері

Вафельный стаканчик Страдивари Батончик Шикізат мөлшері
Сүт (кг) (майлығы 3,5) 662 662 427 3000
Кілегей (майы 82,5) кг 93 93 49 500
Қаңт(кг) 140 140 88,2 1000
Басқа компоненттер кг 120 114 100 2000
өнім бағасы (мың тенге) 780 700 500 -

Осы кесте бойынша 1 т балмұздақ өндірудің экономика математикалық моделі  х1- 1-ші түрлі балмұздақ мөлшері тонна

             х2 – 2-ші түрлі

             х3  - 3 – ші түрлі

F (x) = 780x1  + 700x2 + 500x3 → max

 662x1 + 662x2 +427x3 + ≤ 3000

93x1 + 93x2 +49x3 ≤ 500

140x1 +140x2+88.2x3 ≤ 1000

120x1 + 114 x2 + 100x3 ≤ 2000

X1 ≥0; J = 1.3

   Енді канондық түрге келтірейік.

662x1+ 662x2 + 427x3 + x4 =3000

93x1 + 93x2 + 49x3 + x5 = 500

140x1 + 140x2 + 88,2x3 + x6 =1000

120x1 + 114x2 + 100x3 + x7 =2000

                                              Хj ≥ 0;  j = 1.3

 Кесте 8- Симплекс кестесін толтырайық

Н.А. Б.Ш. Х1 Х2 Х3 Х4 Х5 Х6 Х7
Х4 3000 662 662 427 1 0 0 0
Х5 500 93 93 49 0 1 0 0
Х6 1000 140 140 88,2 0 0 1 0
Х7 2000 120 114 100 0 0 0 1
F 0 -780 -700 -500 0 0 0 0

Шешуші бағана ретінде Х1  бағанға алынады. Себебі F қатарында min элемент - 780 осы  Х1  де тұр. Енді шешуші қатарды алайық

min 3000  500  1000  2000

      662     93    140    120

 Min=(4.532; 5.38; 7.142; 10.68 = 4.532) ендеше Х4  қатары шешуші қатар    болады. Келесі кестеде Х4 –тің орнына Х1 енгіземіз

 кесте 9

Н.А. Б.Ш. Х1 Х2 Х3 Х4 Х5 Х6 Х7
Х4 4,532 1 1 0,645 0,002 0 0 0
Х5 78,524 0 0 -10,895 -0,186 1 0 0
Х6 365,52 0 0 -2,1 -0,28 0 1 0
Х7 1456,16 0 -6 22,6 -0,24 0 0 1
F 3534 0 80 3,1 1,56 0 0 0

Бұл кестеден соңғы F қатарында ешқандай теріс мән жоқ екенін көріп отырмыз. Ендеше қойылған есептің ең оптимальді шешімі табылып тұр. Яғни тек құн жағына қарайтын болсаң , кәсіпорын балмұздақтың бір ғана түрін “вафельный стаканчик” түрін ғана шығарып отырса ең көп табыс табар еді. Яғни кәсіпорын ең көп пайда табу үшін балмұздақтың осы аталған түрінен 4,53 тонна шығарып 3 534000 табыс тауар еді. Бірақ ол кезде сұраныс азаюы мүмкін  Себебі неғұрлым балмұздақ түрлері көп болса солғұрлым сураныс артады. Бұл туралы өнеркәсіп тиімділігін арттыру бөлімінде толық тоқталдық.

Отандық және шетелдік тәжірибесі мен анализі инновациялық қызметтің  негізгі бағыттарын белгілейді:

  • сүт өнімдердің өндіріс процестерін автоматтау, алдыңғы қатарлы технологиялық жабдықтауды орнату;
  • жаңа фильтрация жүйесін еңгізу, сыртқы орта мен орамада микроорганизмдерді жою;
  • өнімнің сақталу мерзімін ұзартатын ораманың жаңа материалдарын қолдану;
  • сүт өнімдердің кейбір түрлерінің өндіріс технологиясын өзгерту ─ дайындау процесін тездету (ірімшік), дәмін күшейту, азықтық бояуыштар;
  • сүт майлары  өсімдік майларына бөлшектеп ауыстырылған аралас өнімді өндірске енгізіп өндіру. өсімдік майларын қолдану тек экономикалық және шикізаттық мәселесімен ғана емес, сонымен қатар, халықтың денсаулығын жақсартумен де байланысты;
  • жаңа технологияларды патент, лизинг формаларында сатып алу, ноу-хау, сауда маркаларын, конструкцияларды, технологиялық мазмұндағы қызмет пен модельдерді ашу.

Инновациялық қызметтің бағыттарының тиімділігін бағалау «ФудМастер» ЖШС үшін маңызды мәселелерді шешіп, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келсек, «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың келесі жолдарын ұсынғым келіп тұр:

  • Дамыған елдер,  сонымен   қатар  Ресейдің тәжірибесіне сүйеніп «ФудМастер» ЖШС-де өндірісті мамандандыру және концентрация  жағдайында  сүт  малшаруашылығының  интенсификациясын өткізу керек, ол азық өндірісінің озық өсу, табынның  генетикалық потенциалын үнемі жоғарылату, малды ұстаудың прогрессивті әдістерін енгізу,  азық  өндірісі процестерінің механизациясы, азықтандыру, сауым, мал ұстайтын бөлмелерді жинау есебінен асуы қажет.
  • «ФудМастер» ЖШС-де инновациялық қызметті дамыту өте маңызды болып келеді, ол үшін келесі негізгі мәселелердің шешімін табу керек: ғылыми зерттеу базасының әлсіз деңгейі, меншік қаражаттар жеткіліксіздігі, т.б.
  • Сүт өнімдердің өндіріс процестерін автоматтау, алдыңғы қатарлы технологиялық жабдықтауды орнату;
  • Сүт фермаларының ветеринарлы-санитарлық  жағдай әрдайым тексеріп отыру;
  • Өнімнің сақталу мерзімін ұзартатын ораманың жаңа материалдарын қолдану;
  • Сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және олардың бәсекеге  қабілеттілігін  қалыптастыру  мақсатында  мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда, Жапония және Еуропа мемлекеттерінің  осы  салаға  қатысты  тәжірибелерін  негізге   алу;
  • Өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа, озат техника мен технологияларды пайдалану;
  • Тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту;
  • Сатылатын тауарлардың сервистік қызмет жүйесі және жалпы өткізуді ынталандыру жүйесін жетілдіріп дамыту; т.б.

Сонымен осы нәтижелерді тұжырымдай, яғни «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сиплекс тәсілін қолдана отырып, қай өнім шығару оптималды екенін білу керек. Ал ол үшін менің ұсынысым нақты бизнес жоспар құру және одан ауытқымау, оның өндірістік бөлімін сиплекс әдісін қолдана отырып оптималды шешімін табу.

3.3 Бизнес-жоспар

Бизнес жоспардың ролі, мәні және түрлеріБизнес (ағылшыннан аударғанда business: іс, кызмет, коммерция дегенді білдіреді)-пайда беретін, табыс немесе баска түсімдер әкелетін экономикалық қызмет немесе басқа кызмет түрі. Бизнес-жоспар бүл іскерлік жоспарлауды білдіреді.

Бүгінгі таңда отандык тәжірибеде онын алуан түрлі анықтамалары бар, біразы шетелдік тәжірибеден алынған. Түрлі дерек көздерінен алынған бірнеше бизнес-жоспардың аныктамаларын қарастыра көрейік:

«Бизнес-жоспар кәсіпорынның ішкі жоспарлау күжаты болып табылады, мүнда кәсіпорынның өндірістік және коммерциялык кызметінің барлық негізгі жоспарларының аспектілері баяндалады. қаржы шаруашылык мендеттердІ шешуге тиімді тәсілдер мазмүндалады».

«Бизнес-жоспар- кәсіпорынның, фирманың өзіндік кәсіпкерлік қызметіне    берілетін шынайы баға, сонымен  катар ол нарык кажеттіліктерімен     калыптасқан     жағдайга     сәйкес     жобалық инновациялық шешімдерінің қажетті күралы».

«Нарыктык экономикада бизнес-жоспар жүмыс істеп түрған фирмалар мен жаңа қүрылып отырған фирмалар үшін кәсіпкерліктің барлык саласында пайдаланылатын жүмыс бағдарламасы болып табылады».

Сонымен катар бірдей бизнес және бірдей бизнес-жоспар мүмкін емес екенін атап кеткен жөн. Олар түр бойынша үқсас болу мүмкін, бірак максаты, міндеті және мазмүнына қарай және бизнестің бағытына карай белгілі-бір бөлімдері әр түрлі болып, күрылымында айырмашылықтар болады.

Әр түрлі белгілерге карай бизнес-жоспарларды келесідей ажыратуға болады;

  • соңгы тұтынушы бойьшша-ішкі пайдаланушыға. банктерге, жергілікті әкімшілікке, бизнес-серіктеске (сатып алушылар, несие берушілер), акционерлерге, инвесторларға арналған бизнес-жоспарлар;
  • жасау мақсаттары бойынша - сыртқы қаржыландыруды алу; даму стратегиясын    күру; компания іс-қызметін жоспарлау үшін арналған бизнес-жоспарлар;
  • рәсімдеу бойынша - қосымшасы бар және қосымшасыз бизнес-жоспарлар;
  • колемі бойынша - қысқартылған және жайылыңқы бизнес жоспарлар;
  • пайдаланатын әдістемелер бойынша-ЮНИДО (ІІЫЮО) халықаралық, казақстандық, ресейлік немесе жаңа батыс әдістемелерді пайдаланып жасалған бизнес-жоспарлар;
  • жоспарлау көкжиектері бойынша үзак мерзімді, орта мерзімді, кысқа мерзімді бизнес-жоспарлар;
  • қаржылық моделдеу багдарламаларын пайдалану бойыпша - Ргоjесt  Ехрегі;   АльтИнвест;   Ехсеl   негізінде жасалған есептеулер; finmodel.ru сайтының бағдарламасын пайдалану арқылы жасалған бизнес-жоспарлар;
  • жоспарлау объектісі бойыншабизнесжоспарда келесі субъектілердің кызметі жоспарлану мүмкін: компаниялар; компания тобы; шағын   кәсіпорын;   жоба;   бизнес-бірлік (бизнестің бағыты).

Жобалар негізінде іс-әрекет бағдарламасы немесе үрдістердің орындалу жоспарлары әзірленеді.

Бірқатар жағдайларда бизнес-жоспарда іс-әрекеттер бағдарламасы мен жоба біріктірілген. Операцияньщ бизнес-жоспарын дайындау кәсіпкерлікгіц барлык нүсқалары мен түрлеріне тән болып келеді. Егер бизнес-жоспар қүжат түрінде пайда болмаса, онда ол ең болмағанда кәсіпкердің ойында өмір сүруі тиіс. Ірі көлемді кымбат кәсіпкерлік жобалар жасау үшін, операция басталғанға дейін бизнес-жоспар күру қажет, бүл кәсіпкерлік қызмет үшін норма болып саналуы керек. Егер сіздің бизнес-жоспарыңыз болмаса, онда бизнес-операцияны каржыландыруға несие беруге келісім беретін адамды таба қоюыңыз қиын болады.

Бизнес-жоспар курылымы мен мазмұнында қатаң тәртіп жок, бірак теория мен экономикалық тәжірибелермен белгіленген талаптар мен ережелерге бағынады.

Біздің елімізде нарыктык катынастардың дамуы көбіне үйымдасқан түрде өріс алған жок, сондықтан бизнес-жоспарлауға деген қажеттілік тым кеш пайда болды. Алғашкы бизнес-жоспарлар 90 жылдардың басында ғана пайда бола бастады. Бүл кезде көптеген кәсіиорындар өздеріне үйреншікті техника-экономикалык негіздерді пайдаланатын.

Алайда, нарықтық экономика мен халықаралық байланыстардың даму қаркынына қарай бизнес-жоспарларды әзірлеу кажетгілігіне деген күдік сейіле бастады. 1994-1995 жылдардың өзінде ол міндетті қүжатқа айналып, жоба шешімдерінің экономикалық нәтижелілігін есептеу әдістері мен инвестиция салудың коммерциялық дүрыстығын жетілдіру максатында қолданыла бастады.

Бизнес пен кәсіпкерлік сөзсіз түрде әр түрлі мағынаға ие, сонда да болса олар бір-бірімен өзара байланысты. Шетелдік тәжірибеге орай, кәсіпкерлік қызмет «жігерлі және бастамашы адамнын. интеллектуалдық қызметі ретінде анықтала алады. Қандай да бір материалдық күндылықтарға толык немесе жекелей ие адам оларды өзі басқаратын бизнесті үйымдастыру үшін пайдаланады» деп түжырымдауға болады.[34]

Өзіндік түрғыдан алғанда, бизнес дегеніміз - күрделі процесс, ол жауапты шешімдерді қабылдауды қарастырады. Бизнес жасау көбіне арнаулы білімдерді меңгеруге байланысты болады: басқару, заң, қаржы және т.б. «Кәсіпкерлер бизнес саласындағы өзгерістердің куатты катализаторларының ролін атқарады».

Кәсіпкердің бизнес-ойды таңдау және жүзеге асыру бойынша кызметі жалпы алғанда 4 іріктелген саты бойынша өтеді ( сурет 4).

Кезең аты Негізгі мазмұны
1 Жаңа ой ізденісі және оның пайда болу факторлары Уәж, нарық күйі, ғылым мен техниканың жетістіктері,қанағаттандырылмаған сұраныс.
2 Ойдың потенциалды және нақты құндылығын талдау Ойды жүзеге асыру үшін  қажетті жағдайларды, техникалық, экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерін  анықтау (бастапқы капиталда деген қажеттілік, пайда нормасы, өтеу мерзімі, өндірістің негізгі көрсеткіштері, мақсаты.)
3 Тәуекелді бағалау Тәуекел түрлері, олардың пайда болу көздері және банкроттылық қаупі мен қаржылық шығындарды төмендету бойынша шаралар
4 Жобаның бизнес-жоспарын жасау Мақсатты жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары: техника мен технологияны таңдау, ресурстармен қамтамасыз етілуі, процесті басқару және т.б.

Сурет 4 - бизнес-жоспарда кәсіпкерлік ойды тандау, бағалау және жүзеге асыру сатылары

Алайда, оның мазмүнды бөлімдерін жай ғана аударма жасаудың өзі жеткіліксіз болуы мүмкін, өйткені батыс әдістемелершің көпшілігі Қазақстан жағдайында тиімсіз болуы мүмкін, ол үшін біздің елдегі өтпелі экономиканьщ ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

 Бизнес-жоспарлаудың максаты мен міндеттері

Нарықтық экономикада бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі сфералары мен формаларында пайдаланады және кәсіпорынның авдында түрған мәселер шеңберш анықтауға мүмкіндік береді. Бизнес-жоспар - бүл күтіліп отырған бизнестің қысқаша, нақты, дәл, әрі түсінікті суреттелуі, көптүрлі жағдайларды қарастырған кездегі ең перспективті шешім қабылдауға және керек қаражат көлемін    анықтауға    мүмкіндік    беретін    маңыздьғ    қүрал   болып табылады. Мақсат - бүл кәсіпорынның болашактағы күтіліп отырған калаған күйі, оның кызметкерлірінің уәжі немесе іс-әрекетіне бағыттайтын күші. Бизнес жүйесінде ол төмендегідей бес қызмет аткарады:

  • ынтагерлік-фирманың казіргі және қалаған күйі мен іс уәжін салыстыру;
  • шешім кабылдау белгісі - акпаратты бағалау және баламаны, бизнестегі басымдылыкты таңдау;
  • басқару қүралы -   іс-әрекетке   басқармашылық   талаптар, бизнестін бағытын анықтау;
  • үйлестіру - шешім    қабылдайтын    түлғалар    арасында жанжалсыз   катынастарын   қамтамасыз   ету,   маманданған бөлімшелердің жүмыстарын келісіп атқару;
  • бақылау - шаруашылык қызметтің көрсеткіштерінін жедел күйін мақсаттық деңгеймен салыстыру.

Мақсатгардың әр уақытта міндетті түрде жету мерзімі көрсетілу керек. Олардың көп жағдайда фирма ішкі бағытылығы болу мүмкін және ресурстар мен резервтерін пайдалануды жаксартуға бағытталады. Әрекет ету нәтижелері накты көрсетіліп, олардьщ сандык өлшемді болады.

Кәсіпорыннын жалпы мақсаты негізінде функционалдық бөлімшелердің (маркетинг, персонал және т.б.) жеке максаттары қалыптасады. Олар қүрылымдык бірліктердің міндеттерін нақтылайды және бөлшектейді. Бизнес-жоспардың мақсаты мен міндеттері келесідей:

  1. Бизнес-жоспар күтіліп отырған бизнесті негіздеу және белгілі бір мерзім   ішіндегі    нәтижелерді    бағалау   қызметін   атқарады. Сондықтан  оны  табысқа  жету  дәрежесін  көрсететін  өлшем  деп карастыруға болады.
  2. Бизнес-жоспар бизнесті баскару және алға қойған максатқа жету шараларын аныктайтын қүжат болып табылады. Сондықтан оны стратегиялық жоспарлаудың манызды   элементі  және  атқару мен бақылау құралы десе де болады.
  3. Бизнес-жоспар көп жағдайда керекті  инвестицияларды алу күралы   ретінде   пайдаланады.   Бүл   аспектіде   ол   инвесторларды тартатын күралы, әрі бизнесті каржыландырудың күшті инструменті болып табылады.
  4. Аннотация

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің

жаңа технологиялаларды еңгізу тиімділігін бағалау.

«Food Master» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Жасалу мерзімі: 01.09.2007-01.09.2010

  1. Түйіндеме

Кәсіпорынның өнімінің негізгі нарығы- Астана, Қарағанды, Қостанай, Шымкент т.б.аймақтар болып табылады. «Food Master» ЖШС өзі шығаратын өнімді өзі сатып өзі тұтынушыларға жеткізеді. 2007жылы таза табысы 47 000 000 тенгені құраған. Жоспарланған мерзім ішінде сату бойынша біздің бизнесіміздің мүмкіндігін 75 000 000 теңгеге жеткізуге болады. Көздеген мақсатқа жету үшін -100 000 000 теңгеге лизинг алу қажет. Бұл лизингті 4,5% жылдық ставкасымен 3 жыл мерзімге лизингке алдық. Жылына қайтаратын сома 4 500 000.Үш жылда қайтарып беретін сома 113 500 000 теңгені құрайды.

  1. Кәсіпорынның сипаттамасы

Соңғы 1 жылдық мерзімге негізгі қаржылық көрсеткіш.

Уақыт мерзімі 2006 жыл

Өнімді өткізуден табыс 195 684 000 тенге

Жалпы табыс  245 609 000

Таза табыс 47 000 000

Менеджмент

Бизнесте жұмыс істейтін қызметкерлер тұралы мәлімет:

Қызметкердің аты-жөні: Қуатбаев М.С.

Жасы:32; мекен жайы: Байтұрсынов көш. №124

Оның бизнестегі орны:менеджер

Жалақысы қазіргі уақытта 32000 және болашақта 50000 тенге

Жұмыс істеу тәжірибесі:1995 жылдан бері.

Кәсіпорыны басқарушылық персоналы үшін жоспарланып отырған қосымша жағдайлар (жеңілдіктер, қосымша ақы, жолдамалар және т.б.). Басқарма персоналының, бухгалтерияның қызметкерлері үшін жұмыс өтіліне байланысты жылына 18-24 календарлық күн орта айлығы сақталған демалысқа жіберіледі. Қызметкерлердің саны қалай өзгереді: «Food Master» ЖШС өзінің нарықтағы сегментін ұлғайта бере, қазіргі уақытта 177 жұмысшылар мен қызметкерлер 215 дейін ұлғаюы  жоспарлануда.

  1. Өнімнің сипаттамасы

Балмұздақтың негізгі 4 түрі бар: сүтті, кілегейлі, пломбир және миуалы. Сүтті негіздегі балмұздақтың құрамы әртүрлі. Оның құрамында жеміс, жидек, карамель, жаңғақ т.т. болады. Оның негізгі құраушысы-сүт өнімі-экологиялық таза болуы керек.

Сүтті өнімдерсіз балмұздақ – калориясы төмен, құрамында майлар жоқ және  түрлері бойынша жеміс жидекті және хош иісті болып бөлінеді.

  1. Маркетинг жоспары

Қазақстан Республикасының, әсіресе Астана, Алматы, Қостанай, Шымкенттің аймағында сүт өнімдері, балмұздақ өңдіру саласы қарқынды дамуда. Сондықтан біз жұмыс істеп жатқан нарығымыз өсүші болып табылады.

  1. Өндірістік жоспар

«Food Master» ЖШС-нің кеңселері және яғни баланс көрсеткішінің актив бөлімінде көрсетілген.

Технологиялық құрал - жабдықтар: «Тетра Пак Хойер» фирмасының  қораптары. Құрап жабдықтың жалпы құны 1 549 855 евро құрайды.

Негізінен жобада көрсетілген  100 000 000 тенге мынандай қызметтер көрсету арқылы табыстылығын анықтауға болады. 01.09.2007-01.09.2008 жылғы табысы 75 000 000 тенгені құрайды деп жоспарланып отыр.

 Кесте 10

Технологияның атауы бағасы саны Сомасы
Араластыруға арналған жабдықтар 17 000 000 2 34 000 000
Стакан жіберетін құрал 12 500 000 2 25 000 000
Мұздатқыш құрал 20 500 000 2 41 000 000
Барлығы 100 000 000
  1. Үйымдастырушылық жоспар

Жобаны жүзеге асыруға қатысатын негізгі кэсіпорын бөлімшелері: басқару аппараты, бухгалтерия, маркетинг бөлімі, технологияның персонал, Бөлімшелер бір-бірімен ІСО 9001 стандартына сай байланыс орнатады.

  1. Қаржылық жоспар

  Кесте 11

КӨРСЕТКІШТЕР Өткен мерзімді бағалау Болашақты бағалау
Табыс 150 654 000 235 400 000
Жалпы пайда 158 000 000 250 000 000
Таза пайда 47 000 000 75 000 000
Рентабельділік нормасы 57,1% 65,0 %
Орташа күндік пайда 128 767 205 479

Үш жылға алынған несиенің қайтару сомасын графикалық көріністе көрсетейік.

   Кесте 12

Мерзімі (ай) Негізгі қарыз көлемі Ай сайынғы төлем Қайтару со асы %
1 100 000 000 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
2 97 222 222,3 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
3 94 444 444,6 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
4 91 666 666,9 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
5 88 888 889,2 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
6 86 111 111,5 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
7 83 333 333,8 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
8 80 555 556,1 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
9 77 777 778,4 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
10 75 000 000,7 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
11 72 222 223 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
12 69 444 445,3 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
13 66 666 667,6 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
14 63 888 889,9 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
15 61 111 112,2 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
16 58 333 334,5 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
17 55 555 556,8 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
18 52 111119,1 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
19 50 000 001,4 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
20 47 222 223,7 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
21 44 444 446 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
22 41 666 668,3 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
23 38 888 890,6 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
24 36 111 112,9 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
25 33 333 335,2 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
26 30 555 557,5 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
27 27 777 779,8 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
28 25 000 002,1 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
29 22 222 224,4 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
30 19 444 446,7 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
31 16 666 669 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
32 13 888 891,3 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
33 11111 113,6 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
34 8 333 335,9 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
35 5 555 558,2 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
36 2 777 780,5 3 152 777,7 2 777 777,7 13,5
Барлығы 0 113 500 000 100 000 000 13,5
  1. Жұмыстардың орындалу тізбесі

«Food Master» ЖШС-нің жұмыстың басталу мерзімі таңертенгі сағат 8.00 ден кешкі сағат 20.00-ге дейін орындалады. Ал сауда саттық уйымдарда азаңғы 8.00 ашылып кешкісін көп жерде жекеменшік болғандықтан белгісіз болады. Егер бірінші күні тапсырыс беретін болса міндетті түрде берген уақытында дайын тұру қажет.

  1. Жобаның тәуекелділігін (сезімталдығын) талдау

«Food Master» ЖШС тауарды бәсекеге қабілетті жаңа заманға сай жаңа технологияларды алу арқылы, тәуекелділікке өнімді сапалы, уақытылы және бәсекеге қабілетті болған жағдайда, біз осы бизнес жобаға сүйене отырып  мына дамушы нарықтық экономикада өз бәсекелестігімізбен бәсекеге түсе отырып тәуекелге бара аламыз.Сатылған өнімдердің  қаражатын сол тасымалдаушы апарған тауарға қолма қол немесе алдына ала төленуі тиіс. Тапсырыстарға дайындық ретінде көп мөлшерде тауарлар дайын туруы тиіс. Өйткені клиенттер көп мөлшерде тапсырыстар беруі мүмкін. Тұтынушыларды да қанағаттандыра білуімізкерек.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы бойынша экономикалық саясаттың мақсаты iшкi және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабiлеттi бола алатын тауарлар мен қызметтердiң жаңа түрлерiн жасау. Бұл мақсатқа жету үшін өнеркәсiптi жаңғыртуға және құрылымды әртараптандыруға бағытталған, жеке сектор үшiн қол жетiмдi маркетингтiк-технологиялық зерттеулердiң жаңартылатын деректер базасын жасау, экономиканың шикiзаттық емес секторларында инвестициялық ынтымақтастықты нығайту үшiн қолайлы жағдайлар жасау, экономикалық тиiмдiлiктi арттыру және жоспарды жақсарту мақсатында экономикалық – математикалық модельді қолдану арқылы оптималды шешімді табу қажеттілігін енгiзу қажет.

Жүргізілген зерттеулер негізінде келесі қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға болады:

  1. Қазақстан экономикасының бір ерекшелігі, ол – жергілікті шикізатпен және отынмен толық қамтамасыз етілген. Бірақ мұнда өңдеуші өнеркәсіпке қарағанда, өндіруші өнеркәсіп басым, оның себебі, жер қойнауы шикізатқа өте бай және өндірістің көптеген салаларының дұрыс қызмет атқарылмауында. Ендігі мақсат сыртқы және ішкі нарықтардағы барлық жағдайларды ескере отырып, ел экономикасын әртараптандару.
  1. Қазақстан экономикасының қалыптасып отырған негізгі мәселелері: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ­ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ­Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi, яғни ішкі жоспардың нашарлығы.
  2. Жоспардың нақты болмауы кәсіпорын тиімділігіне әсерін тигізеді. Кәсіпорын тиімділігі – белгілі бір уақытта өндіріс ресурстарының барлығын пайдаланғандағы соңғы нәтижелердің кешенді немесе жалпы көрінісі. Экономикалық тиімділікті бағалау үшін өндіріс нәтижелері шығындармен салыстырылады: Тиімділік ═ Нәтиже / Ресурстар (Шығындар).
  3. Кәсіпорынның жоспарлау мәселелерінің шешу жолдарының бірі – таза экологилық өнім шығару және оның өндірістік жоспарын нақтылап жасау.
  4. Жоспарлардың нақтылығын тиімділеу үшін, яғни математикалық әдістердің қажеттігін, жаңа замаңғы талаптарға сай математикалық болжаулар мен есептеудің әлемдік стандарттарына өтуге деген қажеттіліктер күннен-күнге артып келе жатқаны белгілі, яғни нарықта әрбір кәсіпкер немесе инвестиция құюшы өзінің экономикалық қызметін іске асыру үшін, пайда табу үшін, яғни оптималды шешім қабылдау үшін математикалық модельдерді пайдалану арқылы өзара шешім қабылдауы керек. Сондықтан экономикалық математикалық модельдердің экономика саласының дамуындағы рөлі жоғары деп айта аламыз Жоспарды жақсарту мақсатында экономикалық – математикалық модельді қолдану

Математикалық модельдер бізге экономикалық процестердің немесе объектінің қасиетін зерттей отыра, өндірісті және кәсіпкерлікті іске тиімді асыруға, ресурстар мен уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Экономикалық-математикалық модельдерде объект болып экономикалық процесс немесе әр түрлі құрал-жабдық түрлері арасында өнімдерді үлестіру, рацион құру есептері және т.б. жатады.

Мен зерттеп отырған компания ЖШС «ФудМастер». Кәсіпорынның техника – экономикалық және қаржы – экономикалық көрсеткіштерін талдап,  Инновациялық қызметтің бағыттарының тиімділігін бағалау  үшін және экономикалық тиімділігін арттырудың маңызды мәселелерді шешіп, өнімнің  бәсекеге қабілеттілігін арттырудың келесі жолдарын ұсынғым келіп тұр:

  • Дамыған елдер,  сонымен   қатар  Ресейдің тәжірибесіне сүйеніп «ФудМастер» ЖШС-де өндірісті мамандандыру және концентрация  жағдайында  сүт  малшаруашылығының  интенсификациясын өткізу керек, ол азық өндірісінің озық өсу, табынның  генетикалық потенциалын үнемі жоғарылату, малды ұстаудың прогрессивті әдістерін енгізу,  азық  өндірісі процестерінің механизациясы, азықтандыру, сауым, мал ұстайтын бөлмелерді жинау есебінен асуы қажет.
  • «ФудМастер» ЖШС-де инновациялық қызметті дамыту өте маңызды болып келеді, ол үшін келесі негізгі мәселелердің шешімін табу керек: ғылыми зерттеу базасының әлсіз деңгейі, меншік қаражаттар жеткіліксіздігі, т.б.
  • Сүт өнімдердің өндіріс процестерін автоматтау, алдыңғы қатарлы технологиялық жабдықтауды орнату;
  • Сүт фермаларының ветеринарлы-санитарлық  жағдай әрдайым тексеріп отыру;
  • Өнімнің сақталу мерзімін ұзартатын ораманың жаңа материалдарын қолдану;
  • Сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және олардың бәсекеге  қабілеттілігін  қалыптастыру  мақсатында  мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда, Жапония және Еуропа мемлекеттерінің  осы  салаға  қатысты  тәжірибелерін  негізге   алу;
  • Өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа, озат техника мен технологияларды пайдалану;
  • Тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту;
  • Сатылатын тауарлардың сервистік қызмет жүйесі және жалпы өткізуді ынталандыру жүйесін жетілдіріп дамыту; т.б.

Сонымен осы нәтижелерді тұжырымдай, яғни «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сиплекс тәсілін қолдана отырып, қай өнім шығару оптималды екенін білу керек. Ал ол үшін менің тағы бір ұсынысым нақты бизнес жоспар құру және одан ауытқымау, оның өндірістік бөлімін сиплекс әдісін қолдана отырып оптималды шешімін табу.

Пайдаланылған әдебиеттер көздер

  1. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауы
  2. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауы
  3. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын дамытудың 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы
  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
  6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы
  7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы: 2005ж. 25 маусым №633 қаулысы. Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы – 2005ж. №26
  8. ҚР-ның статистикалық жинағы - 2005ж.
  9. ҚР-ның статистикалық жинағы - 2006ж.
  10. Алшанов Р. «Жаңа экономикаға барар жолда». Егемен Қазақстан -2004ж. 24 желтоқсан
  11. Алшанов Р. «Қазақстан және даму өрісі». Егемен Қазақстан - 2002ж. 31 шілде
  12. Алшанов Р. «Қазақстан экономикасы дамудың жаңа кезеңінде». Егемен Қазақстан - 2004ж. 5 мамыр
  13. Арыстанбеков Қ. «Қазақстанның дамуы қай деңгейде?: Әлем және Қазақстан». Егемен Қазақстан – 2005ж. 13 қыркүйек
  14. Ашанұлы Қ. «Экономикамыздың дамуына инвесторлардың да үлесі бар: Елбасы Жолдауына орай». Ана тілі – 2005ж. ақпан №6
  15. Әбдірахман Н. «Біз бәсекеге қабілетті ұлт бола аламыз: Қазақстан Республикасының премьер-министрі Д.Ахметов». Жетісу – 24 қыркүйек
  16. Әліпбай С. «Экономикамыздың даму қарқыны күткендегімізден де жоғары». Егемен Қазақстан – 2003ж. 30 сәуір
  17. Әшімбаев М. «Жаһандану дүниесі және Қазақстан». Егемен Қазақстан – 2004ж. 28 сәуір
  18. Байсақалова Н. «Көрер көз болса жетістіктер жеткілікті». Алматы ақшамы – 2006ж. 29 шілде
  19. Еспаев Сәкен «Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар, міндеттер». Егемен Қазақстан 2006 ж. 31 қаңтар
  20. Есполов Т. «Бәсекелестік бағытымен – орнықты экономикаға». Егемен Қазақстан – 2006ж. 14 сәуір
  21. Мауқараұлы А. «Экономиканың мақсаты – дүниежүзілік стандартқа жету: Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-нің ректоры Ә.Ә.Әбішевпен сұхбат». Қазақстан Заман – 2005ж. 9 қыркүйек
  22. Райхан Н. «Қазақстан экономикасы жедел жаңармақ». Абай – 2005ж. №3
  23. Сағадиев К. «Жедел жаңару жолында: Жаңа экономика және әлеуметтік мемлекет туралы». Егемен Қазақстан – 2005ж. 23 ақпан
  24. Сағадиев К. «Он бес жылда ел жаңа». Егемен Қазақстан 16 желтоқсан 2006 ж.
  25. Барнгольц О.Б. «Экономический анализ хозяйственной деятельности предприятий и объединений». М, 1986г.
  26. Годин А.М. «Маркетинг». Учебное пособие - М.: Прогресс, 2001г.
  27. Голубков Е.П. «Маркетинговые исследования». М: Филипресс, 1998г.
  28. Дәуренбекова А.Н. «Қазақстан өнеркәсібінің деңгейін көтерудің экономикалық механизмі». Монография – Алматы: Экономика, 2005ж.
  29. Жолдасбаева Г.Ө. «Кәсіпорын экономикасы». Алматы: Экономика, 2002ж.
  30. Ихданов Ж.О. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері». Алматы: Экономика, 2002 ж.
  31. Ковалев А.И. «Маркетинговый анализ». Учебное пособие - М.: Контакт, 2000г.
  32. Козлов Е.Н. «Товар и товарная политика». Экономика строительства, 2001г.
  33. Нұрғалиев Қ.Р. «Қазақстан экономикасы». Оқу құралы - Алматы: Қазақ университеті, 1999ж.
  34. Савицкая В.Г. «Анализ финансово - хозяйственной деятельности». Москва, 2000г.
  35. INTERNET: www.google.kz

Похожие материалы