Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күзге дейін Алматыда 40 шақты ақылы тұрақ пайда болады

Күзге дейін Алматыда 40 шақты ақылы тұрақ пайда болады

Жаздың соңына дейін Алматы қаласында 40-қа жуық ақылы тұрақ пайда болады. Олардың барлығы паркоматтармен жабдықталады. Автокөліктерге кедергі етпеу үшін тұрақтар қосалқы жолға салынатын болады. Сынақтық режимде осындай тұрақ Қазыбек би – Фурманов көшелерінің қиылысында орналастырылды деп жазады «Экспресс К» басылымы.

Ақылы тұрақтар таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 20-ға дейін жұмыс істейтін болады. Түнде автокөліктерді қою тегін. Таңертең, күндіз және кешке тұраққа көлік қою бағасы сағатына 100 теңге болмақ. Алдағы уақытта ұялы телефон мен банк карталары арқылы төлеуге мүмкіндік жасалады. Мүгедектер мен соғыс ардагерлері көліктерін тегін қоя алады. Салыстыру үшін айта кетелік, Нью-Йоркте тұрақ бағасы сағатына 3 доллар (600 теңге), Венада – 2 еуро (420 теңге), Ресейде – 50 рубль (165 теңге). Десе де, көптеген алматылықтар емханалар, оқу орындары мен метро станциялары маңайында тұрақ тегін болуы тиіс деген пікірде.

Похожие материалы