Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"КамАЗ" сатылымдары 40%-ға дейін түсіп кетті

"КамАЗ" сатылымдары 40%-ға дейін түсіп кетті

Ресейдегі жүк көліктерін өндіретін ең ірі орын "КамАЗ-дың" сатылымдары қаңтар-ақпан айларында 41%-ға түсіп кетті деп хабарлайды Lenta.ru компанияның баспасөз қызметіне сілтеме бере отырып. Жалпы алғанда екі айда 2,3 мың автокөлік сатылған.

Осы жылы "КамАЗ" 26 мың автокөлік сатуды жоспарлап отыр, бұл өткен жылға қарағанда 20%-ға кем (32,6 мың автокөлік). Компания маркетологтарының болжамынша, 14-40 тонна аралығындағы жүк көліктеріне деген сұраныстың ең төмен көрсеткішті көрсетуі осы жылы орын алады, ал 2016 жылдан 3-7 пайыз көлемінде бастап қайта көтеріле бастайды.

Сатылымдардың кемуіне негізгі капиталға салынатын инвестицияның төмендеуі, жұмыс көлемінің азаюы, Urals маркалы мұнай бағасының түсуіне байланысты мұнай-газ өндіруші компаниялардың автотехника сатып алуды азайтуы себепші болған. Сондай-ақ, инфляцияның өсуі мен рубль девальвациясы да әсер етті.

Похожие материалы