Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Капитал амнистиясы жөніндегі жоба аясында 161 млрд теңге заңдастырылды

Капитал амнистиясы жөніндегі жоба аясында 161 млрд теңге заңдастырылды

Капитал амнистиясы жөнінегі жоба аясында 7 ай ішінде көлеңкеден 161 млрд теңге шығарылды. Екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) арқылы 39 млрд теңге заңдастырылды деп хабарлайды Ranking.kz сараптама қызметі.

2015 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша Ұлттық банк деректеріне сәйкес заңдастырылатын ақша алымдарының қоржыны 11,6 млрд теңге болды. Барлығы 39 млрд теңге заңдастырылды (ЕДБ-де 89 салым ашылған). Оның ішінде заңдастыру үшін алынатын 1,2 млр теңге алымның бюджетке төленуімен 10,9 млрд теңге жинақтаушы шоттардан шешіп алынды, 16,5 млрд теңге ҚР экономикасын инестиция ретінде құйылды.

Қазір салымда орналастыру арқылы қаражатты заңдастыру мүмкіндігін 28 ЕДБ ұсынып отыр. Заңдастыру үшін амнистияланатын сомма арнайы ашылған жинақтаушы шотқа есептелінуі тиіс. Сомманы ұлттық немесе шетелдік валютада енгізуге болады. Өнімнің негізгі параметрлері заңмен анықталып отыр.

Депозит мерзімі - 5 жыл. Егер салым сомасы ҚР экономикасына инвестициялау үшін бағытталған болса, жартылай ұстап қалу мүмкіндігі бар. Егер салымшы экономикаға инвестициялау фактін растамаса, банк алым сомасының 10%-ы көлеміндегі алымды ұстап қалып, Қазақстан Республикасының бюджетіне аударуға міндетті.

Қосымша жарналар қарастырылмаған. Қосымша соманы енгізу үшін жаңа арнайы салымды ашуға тура келеді.

Банктер сыйақы мөлшерлемесі мен депозиттің минимал соммасын өздігінен орнатуға құқылы. Ең жоғары базалық мөлшерлемені (10%) 14 ЕДБ ұсынады. Минимал сома бойынша шектеуді енгізген жалғыз банк – KZI Bank (750 000 теңге, 5 000 АҚШ доллары, 5 000 евро).

Долларда салым ашуды 23 ЕДБ ұсынады, еврода - 20 ЕДУ, ресейлік рубльде - 5 ЕДУ, юаньда - 1 ЕДУ.

Похожие материалы