Карел Горак 2018 жылдың тамызынан бастап Қазақстандағы “Хоум Кредит Банкі” АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарады.Ол сату және маркетинг бойынша еңбек жолын 23 жасында Чехияның алкоголь компаниясында бастаған.Карел Прагадағы Экономика университетін тәмамдап, экономика және менеджмент бойынша магистр дәрежесін алған. Чех, ағылшын, неміс және индонезия тілдерін меңгерген.Карел Горак Coca-Cola Hellenic компаниясында 12 жыл түрлі қызмет еткен. Соның ішінде бірнеше Еуропа елдерінде сату және маркетинг, қаржы, бизнесті дамыту және жетілдіру салалары бойынша да тәжірибесі бар.Home Credit Group командасына 2015 жылдың мамыр айында Индонезиядағы сату жөніндегі директор ретінде қосылды.