Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KASE: Күндізгі сауда нәтижесі - 267 теңге

KASE: Күндізгі сауда нәтижесі - 267 теңге

Қазақстан қор биржасының 23 қыркүйектегі күндізгі саудасы нәтижесінде доллар курсы 266,69 теңгені құрады. Осыған дейінгі таңғы саудада шетел валютасының құны 264,12 теңге болған еді.

Күндізге сауданың алғашқы мәмілесі 263 теңгеден өтті. Бұл ең минимал баға. Ал, максимал баға - 269,89 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 74,9 млн доллар болған. Қатысқандардың саны - 23. Алғаш рет 144 млн долларға интервенция жасау туралы шешімді қаржы реттеушісі 16 қыркүйек күні қабылдаған еді. Содан бері доллар курсы 270 теңгенің шамасында тұр.

Похожие материалы