Елуінші жылдары тез тамақтанудың жаңа концепциясын құрастырғаннан кейін Макдональдс табысы 1,5 есе көбейіп, 350 000 долларды құрады. Кәсіпкерлер хабарласып, жаңа әдіс бойынша жұмыс істеу құқығын сатып алуды сұрап, жалына бастайды. Бірнеше мың долларға енді қалаған адам өз Макдональдсын ашу мүмкіндігіне ие болды. Франшиза ағайынды Макдоналдтар үшін табыстың бір көзіне айналды. Бүгінде франчайзинг арқылы әлемдік мега-брендтер қыруар пайда түсіріп отыр. Аталған бизнес-форматтың енді Қазақстанға қалай келгенімен таныса кетсек.
Қазақстандағы франшизаның пайда болуын 1994 жылы Алматыда «Coca-Cola Bottlers Almaty» зауытының ашылуымен байланыстыруға болады. Бірінші зауыт жылдар өтісімен өзінің қуаттылығынан тез айырылып, 2005 жылы жаңа мегазауыттың құрылысына инвестиция салынады. Бұл кәсіпорын бүгінде Орта Азия аумағындағы жалғыз Coca-Cola мегазауыты болып табылады.
90-жылдары Алматыда «Baskin Robbins», «Adidas», «InterContinental» тәрізді басқа да франшизалық жобалар пайда бола бастады.
Қазақстандық франшизалық агенттіктің мәліметінше, 1994-2004 жылдар аралығында Қазақстанда 15 шетелдік франшизалық жүйе жұмысын бастап, 1150 кәсіпорын ашылды.
Қазір Қазақстанда «World Class», «Pizza Hut», «BURGER KING», «Gloria Jeans» тәрізді әлемдік брендтер, «Росинтер Ресторантс Холдинг», «ZARA», «Rixos», «Coca-Cola», «Baskin Robbins», «Adidas», «Benetton» тәрізді брендтер желісі бар. Халықтық тұтыну тауарлары, қолөнер, БАҚ, интернет-технология және т.б. салаларда шағын бюджетті франшизалар кеңінен таралған. Қазақстанға әлеуметтік және оқиғалы франшиза атты жаңа буын келгендігі байқалуда. Мысалы, "Жаһандық кәсіпкерлік аптасы" немесе "TedX". Мамандардың мәліметінше, қазір 200-ден астам франчайзерлер Қазақстанда белсенді түрде әріптестік іздеп жатыр және тағы 5000-нан астамы отандық кәсіпкерлермен тұрақты серіктес болуға дайын.
Қазақстандағы франшизаның аймақтық орталықтары - Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды және Шымкент. Бұл жерде шағын және орта бизнес жинақталып, франшиза технологиясы да жетіліп жатыр. Франшизалық жобалардың 70 пайыздан астамы Алматыдан бастау алады. Дәл осы жерде шетелдік франшизалар бірінші бейімделуден өтіп, кейінірек еліміздің басқа қалаларына таралады. Негізгі франшизалық брендтер Алматы және Астана қалаларында орналасқан. Арнайы жүргізілген зерттеу бойынша, (2007 жылы франшиза сарапшысы Бекнұр Қисықов жүргізген) Қазақстан аймақтарында жүйелердің көбейгенін байқауға болады. Бірақ оның көлемі мен жұмыс істеп тұрған франшизалардың номенклатурасы туралы нақты ақпарат жоқ. Қазақстандық нарықтағы шетелдік ойыншылар Шетелдік франшизалық желідегі біріншілік пальмасы Ресейге өтті. Осыған дейінгі көшбасшы Америка еді. Қазақстан нарығында 100-ден астам ресейлік франшиза жұмыс істейді. Ал франшизалық нүктелер саны 600-дан асады. Ресейлік компаниялар үлесі әсіресе соңғы 2-3 жылда көбейіп келеді. Франшизалық желілер 40 бизнес форматта, 70 сауда-дистрибютерлік, 15 медиа және 7 өндірістік салада жұмыс істейді. Барлығынан да ресейлік өндірушілердің сәнді киімдер сегменті жоғары көлемге ие (26%). Түрлі қызметтер (некелік, жарнамалық, интернет, консалтингтік және т.б) - 20%, мейрамханалық франшиза - 19%, ритейл (азық-түліктер, ұялы байланыс, зергерлік өнімдер, спорттық тауарлар және т.б.) - 18%-ды құрайды. Америкалық франшиза 48 желі және 300 франшизалық нүктеде көрсетілген. Америкалық желілердің көлемдік қатынаста екінші орында келе жатқанымен, оларға франшизалық айналымның негізгі үлесі тиесілі. Себебі «Coca-Cola», «Baskin Robbins», «Adidas» тәрізді мега-брендтер - батыстық өнімдер. Сектор 25 бизнес форматта, 4 өндірістік, 19 сауда-дистрибютерлік форматта көрсетілген. Іскерлік қызметтер (қаржылық, білім беру, консалтингтік, жарнамалық, туристік және т.б.) сегменті 35%-ды, сәнді брендтердің киімдері мен аксессуарларымен сауда жасау 30%-ды қамтиды. Өзге сегменттер мейрамханалық, қонақ үйлік, сауда және парфюмерлық салаға тиесілі. Бұдан кейінгі орында Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия орналасқан. Олар үшін қазақстандық франшизалық нарықтан арнайы "еуропалық блок" ашуға болады. Қазақстандағы 93 франшизалық жүйенің 287 нүктесі бар. Олардың басым көпшілігі сәнді брендтердің киімдері мен аксессуарларымен, парфюмералық өнімдермен сауда жасау сегментінде жұмыс істейді. Еуропалықтар арасында сұлулықтар салоны мен қызмет көрсету секторы да үлкен көлемге ие. Еліміздің нарығында сондай-ақ Түркия, Аустралия, Израиль, Жапония және басқа елдерден келген брендтер жүйесі бар. Осы жылғы франшизалық нарықтағы басты жаңалық ретінде «McDonalds» желісінің ашылуын айтуға болады. 2015 жылы аталған компания қазақстандық франчайзи Қайрат Боранбаевпен бірге жылдам тамақтану мейрамханаларын ашпақ. Нақты мерзімі 2015 жылдың екінші жартысы деп күтіліп отыр. Шетелдік компаниялардың еліміздің нарығына белсенді жұмыс істей алмау себептері еліміздің географиялық жағдайымен байланыстыруға болады. Украина мен Ресей Батыс Еуропаға жақын орналасқандықтан шетелдік франшизалар оңай бейімделеді. Бізде франшизалар делдалдардың ұзақ тізбегінен өтуге тура келеді. Қазақстандағы франшиза нарығының ерекшелігі - қосалқы лицензия. Халықаралық франчайзерлер Қазақстанда өздерінің лицензиаттары арқылы жұмыс істеуді дұрыс көреді. Яғни бірнеше елде франшиза бизнесін жүргізуге құқылы лицензиаттар Қазақстандағы компаниялармен қосалқы лицензиялық келісімдерге отырады. Отандық кәсіпорындар суб-франшиза (қосалқы) ретінде бизнесті жалғастырады. Дегенмен де отандық кәсіпкерлер өзіндік жүйелерін ашудан бұрын қаржысын дайын шетелдік өнімге салуды дұрыс көреді. Осыған дейінгі франшиза нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік үлесі тек 3%-ды құрады, 2015 жылдың соңына дейін бұл үлес 35%-ға жетеді деп болжанып отыр. Дамыған елдерде аталған көрсеткіш 50%-ды құрайды. Отандық франшиза саны әзірге 25 жылдан кейін олардың саны 60-қа дейін көбеюі мүмкін. Дайындаған Ақсәуле Әбітай "7"