Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kcell ҰҚК талабын орындаудан бас тартты

Kcell ҰҚК талабын орындаудан бас тартты

Алматы. 12 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылдың ақпанында ҚР ҰҚК Комитет төрағасы Кәрім Мәсімовтің жаңа техникалық регламент құру туралы бұйрығын жариялады. Ал Telia Company жаңа техрегламент олардың принциптеріне қайшы деп келіспей отыр.

Жаңа регламент бойынша, ұялы байланыс иелерінің хабарламалары мен қоңыраулары тыңдалады.

2017 жылдың ақпанында ҚР ҰҚК Комитет төрағасы Кәрім Мәсімовтің жаңа техрегламент құру туралы бұйрығын жариялады. Онда "Оперативті-тергеу шараларын өткізу және абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинап, сақтау бойынша телекоммуникациялық құралдарға арналған талаптар" жазылды.

Бұйрық бойынша, байланыс операторларында қоңырауды жазып алу, сақтау, тыңдау, хабарламаларды тексеру және аудио-видео қоңырауларды жазу құралдары болуы міндетті. Бұл интернет арқылы жіберілетін ақпараттарға да байланысты.

Telia Company телекоммуникациялық компаниясы құрамына қазақстандық Kcell ұялы операторы кіреді. Компания қазір ҚР Үкіметінің шешіміне алаңдаушылық танытып отыр. Telia Company-дың айтуынша, олар оперативті және техникалық бақылауды өздері қадағадау керек.

"Telia Company ой еркіндігін сақтауға міндетті. Ал  жаңа заңнама біздің тұтынушылардың өз ойын еркін білдіруіне кедергі келтіруі мүмкін. Үкімет адам құқығын қорғау сияқты заңды мақсатта қызмет атқарады. Бірақ жаңа заң басқа адамдардың құқығына қайшы келеді. Telia Company міндеті - телекоммуникация саласында сөз еркіндігін қолдау", - деп жазылған компания сайтында жарияланған арызда.

Мәлімдемеде Telia компаниясы қазіргі уақытта өздері қызмет ететін мемлекеттің саясатына араласпау принципін ұстанып отырғандығы айтылды.

Жаңа техрегламент 2018 жылдың ақпанынан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, "Кселл" АҚ ірі скандинавиялық телекоммуникациялық холдинг Telia Company-дың құрамына кіреді.

Похожие материалы