Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kcell Түркиялық компанияның бақылауына өтуі мүмкін

Kcell Түркиялық компанияның бақылауына өтуі мүмкін

Turkcell компаниясы Fintur Holdings акцияларының 58,55%-ын сатып алуға өтініш берді. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне Turkcell-дің бас атқарушы директоры Каан Терзиоғлұ хабарлады.

Қазіргі уақытта Fintur акцияларының 41,45%-ы Turkcell-дікі болса, қалғандары TeliaSonera-ға тиесілі. Turkcell компаниясы Fintur-дің қалған үлесін сатып алу үшін Citigroup және HSBC Holdings-тердің консультациялық қызметтеріне жүгініп отыр. Қазір холдингтегі TeliaSonera акцияларының бағасы - 430 млн доллар. Fintur Holdings-ке Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Молдова елдеріндегі ұялы байланыс операторларының акциялары тиесілі. Холдинг «Кселл»АҚ-ның 51%-ын және TeliaSonera акцияларының 24%-ын басқарады. Осылайша, TeliaSonera-ға  Қазақстандағы ұялы байланыс операторы акцияларының 61,9%-ы тиесілі. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың қыркүйек айында TeliaSonera Еуразиялық нарықтан шығатынын хабарлаған еді. Компания бұл аймақтарға TeliaSonera Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Тәжікстан және Непал елдері кіретінін айтқан болатын. Фото: astanatimes.com

Похожие материалы